819-ші бөлім, «Саффат» сүресінің 149-160 аяттары
«Саффат» сүресі, 149-160 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің 149-152 аяттары:
«فَاسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّکَ الْبَنَاتُ وَلَهُمُ الْبَنُونَ»، «أَمْ خَلَقْنَا الْمَلَائِکَةَ إِنَاثًا وَهُمْ شَاهِدُونَ»، «أَلَا إِنَّهُم مِّنْ إِفْکِهِمْ لَیَقُولُونَ»، «وَلَدَ اللَّـهُ وَإِنَّهُمْ لَکَاذِبُونَ»
Енді олардан сұра: “Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме? (149)
Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме? (150)
Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді. (151)
“Алланың баласы бар” деп олар мүлде өтірік айтады. (152)
«Саффат» сүресі осы жерге дейін бірнеше илаһи пайғамбар мен олардың қауымдарының оқиғаларын баяндады. Осы аяттар Мекке мүшіріктерінің бұрыс сенімдеріне сілтеме жасап, былай дейді: «Олар Құдайды перзенті бар, періштелерді оның қыздары деп ойлап, Құдайды адаммен салыстырды».
Аяттар сол бұрыс сенімдерді теріске шығарып: «Сендер, мүшіріктер қыз баланы жек көріп, оны бақытсыздық санадыңдар. Тіпті, қыз баланы тірідей көрге көмдіңдер. Ондай болса, Құдайдың баласы бар дегілерің келген кезде қалайша оған қыздарды, өздерің үшін ұл баланы қалайсыңдар?» дейді.
Құдай үшін қыз бен ұл бірдей. Жаратылыс тұрғысынан олардың ешқайсының артықшылығы жоқ. Бірақ, Құран мүшіріктермен пікірталаста олардың өздерінің қисынымен сөйлейді.
Аяттардың жалғасы былай дейді: «Сендердің бұл уәждеріңнің дәлелі бар ма? Періштелердің жаратылысын сендер көріп пе едіңдер? Періштелердің жынысы қыз екенін байқадыңдар ма? Неліктен болжам жасау арқылы Құдаймен жөнсіз байланыстырасыңдар? Тіпті, қыз, ұл деп керісетіндей, Құдайдың перзенті бар ма?».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пайғамбарлар мүшіріктерге сауал қою арқылы оларды хабардар етіп, ойларының терістігін түсінуге мәжбүрлеуге тырысты.
2.Періштелерді әйелдің келбеті және денесіне ұқсастырып салған кейбір діндердің ізбасарларының суреттеріне қайшы Құран аяттары бойынша, бұл – бұрыс, мүшіріктік болжам әрі Құранның рухымен сәйкеспейді.
«Саффат» сүресінің 153-157 аяттары:
«أَصْطَفَى الْبَنَاتِ عَلَى الْبَنِینَ»، «مَا لَکُمْ کَیْفَ تَحْکُمُونَ»، «أَفَلَا تَذَکَّرُونَ»، «أَمْ لَکُمْ سُلْطَانٌ مُّبِینٌ»، «فَأْتُوا بِکِتَابِکُمْ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»
Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме? (153)
Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер? (154)
Түсінбейсіңдер ме? (155)
Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма? (156)
Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер. (157)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Сендер қалайша періштелерді қыз санап, оларды Құдаймен байланыстырасыңдар? Құдай қыз баланы ұлдан артық санағандықтан ұлды өзіне алмады деп ойлайсыңдар ма? Осындай ырымшылдық пен негізсіз сөздерді қоятын уақыт жетпеді ме? Бұл тақырып туралы аздап ойлану оның жалған әрі құнсыз екендігін анықтайды. Ұзақ ойланудың да қажеті жоқ».
Құран Кәрім мүшіріктердің періштелер туралы бұрыс ойларын ақыл тұрғысынан теріске шығарып: «Егер бұрынғы кітаптардан да өздеріңнің осы уәждеріңе қатысты дәлелдерің бар болса, соларды келтіріңдер. Құдай тарапынан түсірілген аспандық, я болмаса, илаһи қай пайғамбардың кітабында «Құдайдың перзенті бар. Періштелер оның перзенттері» деп жазылыпты?
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қыз баланы жаман, ұлды жақсы, қыздарды Құдайдың, ұлдарды өздерінің перзенттері санайтын адамдар жалған, ырымшыл ойға душар болған.
2.Құдай туралы адамның ой-пікірі мен сенімдері ақыл тұрғысынан дәлелдерге негізделуі керек. Теріс, жалған болжам негіздер бойынша ештеңені Құдаймен байланыстыруға болмайды.
«Саффат» сүресінің 159-160 аяттары:
«وَجَعَلُوا بَیْنَهُ وَبَیْنَ الْجِنَّةِ نَسَبًا وَلَقَدْ عَلِمَتِ الْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ»، «سُبْحَانَ اللَّـهِ عَمَّا یَصِفُونَ»، «إِلَّا عِبَادَ اللَّـهِ الْمُخْلَصِینَ»
Олар Алла мен періштелер арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (158)
Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк. (159)
Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды. (160)
Мүшіріктердің бұрыс сенімдерін баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Олар Құдай мен жындардың арасында байланыс бар деп санайды. Кейбір мүшіріктер жындарды Құдайдың жұбайы санаса, тағы біреулер жындарды Құдайдың серігі санап, тіпті соларға табынған».
Бірақ, Құдай мұндай ырымшыл ойды қатаң айыптап: «Қияметте жындар илаһи дәргейге істерінің жазасы мен сауабын алу үшін шақырылып, жауап беруі керек жағдайда Құдайдың қасында қалайша осындай орынға ие болмақ?» дейді.
Мүшіріктердің Құдай жайлы бұрыс ойларын теріске шығарған осы аяттардың соңында Құран былай дейді: «Құдай адамдардың осындай барлық сипаттарынан пәк. Барлық шерк пен ластықтан тазаланған пайғамбарлар мен илаһи әулиелерден басқа ешкім Құдайды дұрыс сипаттай алмайды».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Адам егер ақыл мен қисын аясынан шықса, Құдай мен дін істеріне кез келген ырымшылдық пен жөнсіз сөздерді байланыстырып, жолсыздыққа түсетіндіктері сондай, тіпті жындарды Құдайдың жұбайы санайды.
2.Жын – адам сияқты ақылды әрі міндеттелген шынайы жаратылыс иесі. Ол қияметте Алланың әділ сотына ісі қаралуы үшін келеді.
3.Құдайдың пәк, таңдаулы пенделерінен басқа адамдар оны дұрыс әрі лайық түрде сипаттай алмайды.