820-шы бөлім, «Саффат» сүресінің 161-173 аяттары
«Саффат» сүресі, 161-173 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің 161-163 аяттары:
«فَإِنَّکُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ»، «مَا أَنتُمْ عَلَیْهِ بِفَاتِنِینَ»، «إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ الْجَحِیمِ»
Сонда сендер де, табынған нәрселерің де (бірлесіп), (161)
Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар. (162)
Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа. (163)
Алдыңғы бағдарламада мүшіріктердің періштелер мен жындар туралы бұрыс сөздері айтылды. Осы аяттар былай дейді: «Сендер, мүшіріктер адамдарды өздеріңнің бұрыс ойларыңмен тура жолдан тайдырып, адастыра алмайсыңдар. Себебі, ақыл мен қисын иелері, пәк жүректер сендердің қисынсыз сөздеріңді қабылдамайды».
Алайда, тозақтықтардың жолын бетке ұстағысы келетіндер өз еріктерімен мүшіріктердің соңдарынан еріп, олардың бұрыс жолдарына түседі.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдай адамды ерікті жаратты. Адам өзінің өмір жолы мен дінін таңдауда ерік-жігер мен ықтиярға ие. Ешкім ешкімді өмір жолын таңдауға мәжбүрлей алмайды.
2. Жолды таңдау – адамның еркінде. Бірақ, адам таңдайтын кез келген жолдың соңы мен нәтижесі оның ықтиярынан тыс. Сол себепті адам күпіршілік пен зұлымдық және шерк жолын бетке алу арқылы мәңгілік жұмаққа жол табамын деп үміттене алмайды.
«Саффат» сүресінің 164-166 аяттары:
«وَمَا مِنَّا إِلَّا لَهُ مَقَامٌ مَّعْلُومٌ»، «وَإِنَّا لَنَحْنُ الصَّافُّونَ»، «وَإِنَّا لَنَحْنُ الْمُسَبِّحُونَ»
(Періштелер былай дейді): “Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ.” (164)
“Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз.” (165)
“Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз.” (166)
Мүшіріктер періштелер туралы теріс ойлады. Олар қыздарды әлсіз, төмен жаратылыс иелері санап, періштелерді Құдайдың қыздары деп ойлау арқылы оларды Құдаймен байланыстырды. Осы аяттар періштелердің аузымен былай дейді: «Сендерге, пұтқа табынушыларға қарсы біз, періштелер қыз, ұл деп жынысқа бөлінбейміз. Біз – Құдай әрбір тобымыз үшін міндет gен жауапкершілік жүктеген мықты жаратылыс иелеріміз. Біз оның бұйрығын орындауға әзірміз. Біз Құдайды сендер, мүшіріктердің кез келген бұрыс ойларыңнан пәк санап, әрдайым мадақтап, дәріптейміз».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдай әлемнің істерін материалды және рухани тұрғылардан басқарады. Әлем істерін басқаруда періштелер маңызды рөлге ие.
2.Періштелер Құдайдың перзенттері емес, олар – Құдайдың бұйрығын орындау жауапкершілігіне ие жаратылыс иелері. Олар істерді орындау үшін ерекше тәртіп және жүйемен сап түзейді.
3.Періштелер әлемінде олардың әрқайсы үшін арнайы, айқын орын мен деңгей, жауапкершілік пен міндет белгіленген.
«Саффат» сүресінің 167-170 аяттары:
«وَإِن کَانُوا لَیَقُولُونَ»، «لَوْ أَنَّ عِندَنَا ذِکْرًا مِّنَ الْأَوَّلِینَ»، «لَکُنَّا عِبَادَ اللَّـهِ الْمُخْلَصِینَ»، «فَکَفَرُوا بِهِ فَسَوْفَ یَعْلَمُونَ»
Олар былай дейтін еді: (167)
“Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,” (168)
“Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік.” (169)
Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі. (170)
Тарихи рауаяттарда ислам пайғамбарының ресалаты мен Құран Кәрімнің түсуінен бұрын Меккенің мүшіріктері Араб аралында тұрған яһудилер мен мәсихилерге: «Егер Құдай бізге пайғамбар мен кітап жіберетін болса, біз оған иман келтіріп, соңынан ереміз» деген сөздері сақталған.
Осы аяттар былай дейді: «Құдай шын мәнінде солай етіп, оларға жетекшілік ету үшін Құран Кәрім түсірді. Бірақ олар әртүрлі сылтаумен хақты қабылдамай, теріске шығаратын жолды жалғастырды.Сол себепті өте жақын арада өз істерінің салдарларын көреді».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдай халыққа дәлелді аяқтап, ешкім өздерінің күпіршілігі мен шерктері және хақ жолынан тайғандарына сылтау таппай, кінәні Құдайдың мойнына артпау үшін пайғамбарлары мен аспандық кітаптарын жіберді.
3.Жалған уәж айтушылар көп. Сөз жүзінде дінді қабылдағанымен іс жүзінде хақты қабылдамайтын, дінмен қарсыласатын адамдар да бар.
«Саффат» сүресінің 171-173 аяттары:
«وَلَقَدْ سَبَقَتْ کَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا الْمُرْسَلِینَ»، «إِنَّهُمْ لَهُمُ الْمَنصُورُونَ»، «وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ الْغَالِبُونَ»
Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын: (171)
“Сөз жоқ, оларға жәрдем болады.” (172)
“Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер.” (173)
Күпіршілік пен мүшіріктердің теріске шығаруы туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Иманды адамдар өздерінің сенімдеріне қатысты күдік-күмәнға немесе ғамалдарында осалдыққа салынбасын. Себебі, Құдай егер иманды адамдар пайғамбарлардың соңдарынан еруде табандылық танытса, соңында хақ жеңіске жетіп, жалғанның жеңілетіні туралы уәде берді».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдайдың сүннеті бойынша хақ жалғанды, иман күпіршілікті жеңеді.
2. Пайғамбарлар мен олардың діні басқа діндерді міндетті түрде жеңеді. Басқаша айтқанда, адамзаттың болашағы пайғамбарлардың жеңісі мен олардың дұшпандарының жеңілісімен байланысты.
3.Мүміндер аз болғанымен, Құдайдың жәрдеміне ие. Бірақ кәпірлер бұл қолдаудан кенде.