Маусым 24, 2019 23:34 Asia/Almaty

«Сад» сүресі, 79-83 аяттарының тәпсірі

«Сад» сүресінің 79-81 аяттары:

 

 

«قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِی إِلَى یَوْمِ یُبْعَثُونَ»، «قَالَ فَإِنَّکَ مِنَ الْمُنظَرِینَ»، «إِلَى یَوْمِ الْوَقْتِ الْمَعْلُومِ»

 

Ол: “Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрсат бер” деді. (79)

(Алла Т.): “Рас, сен мұрсат берілгендерденсің!” (80)

“Белгілі бір күнге дейін.” (81)

 

 

Адыңғы бағдарламада Құдайдың Адамға сәждеге жығыл деген бұйрығынан кейін Ібілістің бұйрықтан бұлтарғаны, Адамның алдында бас имегені айтылды. Бірақ, Ібілістің күнәсі тек сәждеге жығылмауы ғана болған жоқ. Ол Құдайға бағынбаған өз ісіне өкініп, тәубеге келудің орнына Адамнан өзінің артық екендігін дәлелдемек болып, өз ісін ақтағандықтан илаһи дәргей мен періштелердің қатарынан қуылды.

Осы аяттар былай дейді: «Шайтан илаһи дәргейден қуылар кезде Құдайдан қияметке дейін мұрсат беріп, өмірін сол уақытқа дейін созуды өтінді».

Бірақ, шайтан мұрсатты өзінің жаман ісіне өкіну үшін сұраған жоқ. Ол адамдарды адастырып, олардан өшін алуды көздеді. Шын мәнінде, Ібілістің келесі қателігі өзін кінәлі санаудың орнына «Илаһи дәргейден қуылуыма Адам себепкер болды» деп айтуында.

Ібілістің мұрсат сұрауы илаһи хикметке сәйкес қабылданды. Бірақ, қияметке дейін емес, Құдай ғана білетін белгілі бір күнге дейін. Ол адамзаттың жер бетіндегі тіршілігі аяқталған кез немесе Құдайдың соңғы дәлелі – имам Заман бүкіл жер бетінде билік ететін уақыт, я болмаса, Құдайға ғана белгілі басқа бір күн болуы мүмкін.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Ібілістің тәкәппарлығы мен менмендегі Құдайдан кешірім сұраудың орнына өш алу үшін мұрсат сұрауына себеп болды.

2.Құдайға кейбір тіршілік иелеріне ұзақ ғұмыр сыйлау оңай. Ол қажет санаған адамына, мейлі ол ізгі, мейлі жаман іспен айналысатын адам болсын ұзақ өмір бере алады.

3. Ібілістің кінәсі Құдай мен қияметті танымауында болған жоқ. Оның бұрмалаушылығының себебі тәкәппар рухы мен өзін артық санауы мен қырсықтықта болды. Осы мінезі салдарынан Ібіліс Құдайдың алдында қырсығып, оның бұйрығынан бұлтарды.

 

«Сад» сүресінің 82-83 аяттары:

 

«قَالَ فَبِعِزَّتِکَ لَأُغْوِیَنَّهُمْ أَجْمَعِینَ»، «إِلَّا عِبَادَکَ مِنْهُمُ الْمُخْلَصِینَ»

 

 

Ол: “Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын” деді. (82)

“Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады.” (83)

 

Шайтанның Құдайдан оған ұзақ өмір беруін сұрағанын, Құдайдың өзіне ғана аян уақытқа дейін оған мұрсат бергенін айттық. Бірақ, Құдай оған мұрсат берген соң Шайтан мақсатының адамдарды адастыру екенін, өзі мен бұрынғы қателерін түзету емес екеніне серт берді.

Шайтанның Құдайдың ғиззатымен адамды адастыруға серт бергені қызық.  

Ібілістің адамдардың барлығын адастыра алатыны туралы уәж айтуы шын мәнінде оның Құдай алдындағы тәкәппарлығының шыңын көрсетіп, адамды әлсіз, қауқарсыз санағанын білдіреді.

Құран аяттарына сәйкес, шайтанның соңынан еретін адамдар ғана адасады. Шайтан адамды соңынан ілесуге мәжбүрлей алмайды. Сондықтан адамдар шайтанның азғыруы алдында табандылық таныта алады. «Саба» сүресінің 20 аяты: «Мүміндердің бір тобы шайтанның соңынан ермейді» дейді.

Шайтанның өзі де адамдардың барлығын адастыру туралы жалпылама уәждерінен кейін Құдайдың салих адамдарының оның қолжетімділігінен алыс екенін, оларға еш ықпал ету жолының қалмағанын мойындады.

Әулие-әмбиелер және имамдар – Құдайдың пәк пенделері. Олар күнә мен қателіктерден қорғалған. Діни анықтамаға сәйкес, олар – бейкүнә жандар. Пәк, дүниеге тәуелсіз басқа адамдар да шайтанның азғыруынан аман қалады.

Құдайдың шайтанға адамдарды адастыру үшін мұрсат берудегі хикметі туралы әртүрлі пікір айтылды.

Бірақ, Құдайдың адамды жоғары тіршілік иесі етіп жаратқанын айту керек.

Айтатын жайт, шайтанның азғыруы әрдайым адамның нәпсілік және жыныстық тілектері мен қалауларын қоздырады. Нәпсіқұмар, әлсіз адамдардан шайтанның азғыруына түсіп, оның ләшкерінің қатарына қосылатыны қаншама?

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Адамға өмірінде әрдайым шайтанның қатері төнетіндіктен ешқашан одан қорғалған санамау керек. Себебі, шайтан баршаны адастыруға серт берді.

2. Кейде бір күнәнің өзі үлкенірек күнәлардың алғышарты болады. Шайтан адамның алдында сәжде жасамау арқылы күнәға батты. Бірақ сол күнә үлкенірек күнәлардың кіріспесі әрі тарих бойында адамдарды азғыруды мақсат етуіне себеп болды.

3.Жүректі Құдайдан басқадан тазартып, ғамалдағы риясыздық адамдардың Ібілістен аман қалуының шарты әрі адамды шайтанның азғыруынан аман сақтайды.