Маусым 25, 2019 20:50 Asia/Almaty

«Сад» сүресінің 84-88 аяттарының тәпсірі

«Сад» сүресінің 84-85 аяттары:

 

«قَالَ فَالْحَقُّ وَالْحَقَّ أَقُولُ»، «لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنکَ وَمِمَّن تَبِعَکَ مِنْهُمْ أَجْمَعِینَ»

 

(Алла Т.): “Ақиқат осы. Мен ақиқатты айтамын.” (84)

“Әлбетте тозақты сенімен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын.” (85)

 

 

Алдыңғы бағдарламада Ібіліс илаһи дәргейден қуылғанда тірі болғанша адамдарды адастырып, олардан өшін алатынын мәлімдегенін айттық.

Осы аяттарда Құдай Ібіліске берген жауапта былай деді: «Сенің соңыңнан еріп, азғыруыңа көнетін адамдар ғана адасады. Олар қияметте тозаққа түседі. Бірақ, ақыл мен илаһи пәк болмысқа иек артып, азғыруыңа түспейтін адамдар соңыңнан ерудің орнына илаһи пайғамбарлар мен олардың хақ тағылымдарына сүйеніп, қияметте сенің қасыңнан табылмай, тозақтан құтылады».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

  1. Құдайдың сөзі де рас, өзі де рас. Негізінде кез келген нәрсенің хақтығы Құдайдан бастау алады.
  2. Қияметте әрбір топ өз пікрілестерінің жетекшісімен шақыртылады: жақсылар жақсылармен, жамандар жамандармен.

 

«Сад» сүресінің 86-88 аяттары:

 

«قُلْ مَا أَسْأَلُکُمْ عَلَیْهِ مِنْ أَجْرٍ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُتَکَلِّفِینَ»، «إِنْ هُوَ إِلَّا ذِکْرٌ لِّلْعَالَمِینَ»، «وَلَتَعْلَمُنَّ  نَبَأَهُ بَعْدَ حِینٍ»

 

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін” де. (86)

“Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат!”. (87)

“Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер.” (88)

 

«Сад» сүресінің соңғы бөлімінің аяттары саналатын осы аяттар Алла елшісінің пайғамбарлыққа таңдалуы мен Құран Кәрімнің түсірілуінің мақсатына қатысты бірнеше маңызды және негізгі жайтты қуаттайды.

Осы аяттарға сәйкес, материалдық және дүниелік түрткілермен пайғамбарлық туралы уәж айтатындарға керісінше барлық пайғамбарлар, соның ішінде ислам пайғамбары адамдардан ештеңе күтпейтінін, не алғыс, не материалды немесе рухани сый немесе тағы басқа ештеңе дәметпейтінін тура мәлім етті.

Олар өздерін илаһи жолдауларды жариялайтын делдалдар деп атап, сол жолдауларда ешқандай рөл атқармайтындарын да баса айтты. Бұл «Пайғамбарлар жақсы істерді Құдайдың атымен халыққа жеткізген; сол арқылы адамдарды сондай істерді жасауға жігерлендірмек болған ізгі жандар болған» деп уәж айтқан кейбіреулердің ойына қарсы.

Ақиқат мынада: пайғамбарлардың өз замандарындағы адамдармен қарым-қатынастары мен сөздері тіпті қарсыластары да олардың өмірлерінен ешбір ұрымтал тұс таба алмайтындай болған. Кері жағдайда қарсыластар әлсіздіктері мен кемшіндіктерін зорайтып, оларға қарсы шығып, әшкерелеген болар еді.  

Пайғамбарлар өздерінің материалды мүдделерін ғана қорғаған жоқ, сонымен қатар Құдайдың дінін насихаттау жолында көп азап шегіп, қиналды. Осы жолда жандарын қиғандар қаншама.

Осы аяттар былай дейді: «Пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың мақсаты адамдарды қапылдық пен қараңғылықтан шығару болды. Дүние мен дүниелік істерге тәуелділіктен туындайтын қапылдық адамның өлімнен кейінгі әлем мен қияметті ұмытуына немесе хақты теріске шығару арқылы күпіршілік пен шерктің зұлматына душар болуына себеп болады".  

«Сад» сүресінің соңғы аяты қарсыластарға былай дейді: «Егер хақ сөзіне сенбей, оны шынайы санамасаңдар, жақында оның шындығын түінесіңдер. Бірақ, ол күні сендерге еш пайдасы болмайды, себебі, өткенді түзететін мүмкіндік қалмайды».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дінді уағыздаушылар пайғамбарлар сияқты адамдардан материалды немесе рухани ешқандай сый күтпеуі керек. Бұл – олардың хақ жолдауын жеткізуде жетістікке жетуі үшін шарт.

2. Сөз бен істегі, адамдармен араласудағы қиындық дінді уағыздауда жетістікке жетуге кедергі болады. Дін қарапайым, анық, бәріне түсінікті тілмен, сөз бен іс жүзінде сәйкесетін түрде халыққа түсіндірілуі керек. Кері жағдайда адамдардың қиындықтармен бетпе-бет келіп, діннен қашуына себеп болады.

3.Ислам пайғамбары мен Құранның ресалаты – әлемдік, бүкілхалықтық; тек араб қауымына немесе пайғамбар заманында өмір сүрген адамдарға арналмаған.

3. Құран Кәрім – үгіт-насихат, адамдарды оятып, қырағылыққа шақыратын кітап.

4.Құранның шынайылығы мен ислам пайғамбарының құнды тағылымдары болашақта айқындалады.