Маусым 27, 2019 19:30 Asia/Almaty

«Зүмәр» сүресі, 5-6 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің 5 аяты:

                                              

«خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ  یُکَوِّرُ اللَّیْلَ عَلَى النَّهَارِ وَیُکَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّیْلِ  وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ  کُلٌّ یَجْرِی لِأَجَلٍ مُّسَمًّى  أَلَا هُوَ الْعَزِیزُ الْغَفَّارُ»

 

 

Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге, күндізді түнге айналдырып, күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы. (5)

 

 

Алдыңғы бағдарламада Құдайдың жаратылыс пен жаратылыс істерін басқарудағы жалғыздығы және Құдай қабылдау үшін діни ғамалдар мен қатынастардың кез келген шерк пен ырымшылдықтан пәк болуы керектігі туралы сөз болды.

Бұл аят бір Құдайды сипаттауда былай дейді: «Барлық жұлдыздар мен аспан денелерінің, соның ішінде күн мен айдың жаратылысы оның хикметімен жүзеге асты. Оның заңдары соларға үстемдік етеді».

 

Жұлдыздар, күн және ай сияқты қозғалатын біліктер Құдай тарапынан анықталған. Олардың белгілі әсерлері мен салдарлары бар. Мәселен, жердің өз білігімен күнді айналуының нәтижелері ретінде күн мен түннің, әртүрлі маусымдардың ауысуын атауға болады.

Шәксіз, бұл жаратылыстардың барлығы хикмет пен үлкен мақсат негізінде жүзеге асырылады. Жаратылыстың таңқалдырарлық жиынтығы кездейсоқ емес, әрі мақсатсыз жасалмаған.

Сол себепті аяттың басы жаратылыс жүйесінің хақтығын қуаттаса, жалғасы былай дейді: «Планеталардың қозғалысы есептелген және уақыттары да анықталған. Олардың өз біліктеріндегі қозғалысы белгілі уақытқа дейін жалғасып, соңында бір күні қозғалысын тоқтатады».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

  1. Һәм жаратылыс жүйесі хақ негізінде әрі мақсатты, һәм шариғат пен аспандық кітаптарды түсіру хаққа негізделді.
  2. Аспан денелерінің өз білігіндегі жүйелі қозғалысы есептелген, илаһи бұйрықпен жүзеге асады. Бұл Құдай анықтаған уақытқа дейін жалғасады.

 

 

«Зүмәр» сүресінің 6 аяты:

 

 

 

«خَلَقَکُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا وَأَنزَلَ لَکُم مِّنَ الْأَنْعَامِ ثَمَانِیَةَ أَزْوَاجٍ  یَخْلُقُکُمْ فِی بُطُونِ أُمَّهَاتِکُمْ خَلْقًا مِّن بَعْدِ خَلْقٍ فِی ظُلُمَاتٍ ثَلَاثٍ  ذَلِکُمُ اللَّـهُ رَبُّکُمْ لَهُ الْمُلْکُ  لَا إِلَـهَ إِلَّا هُوَ  فَأَنَّى تُصْرَفُونَ»

 

 

Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне, осы Раббыларың Алла (Т.). Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар? (6)

 

 

Аспан денелерінің жаратылысы туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аят жер бетіндегі адам мен жан-жануарлар сияқты тіршілік иелерінің жаратылысы туралы былай дейді: «Сендердің барлығың бір адамнан жаратылдыңдар. Оның зайыбы да өзінің затынан болды. Адамдардың барлығы жер бетіндегі алғашқы адамдар Адам мен Хауадан тарады».

 

Содан кейін мыңдаған жылдан бері адамның ет, сүт өнімдері, киімі мен көлігін қамтамасыз етіп келе жатқан үй жануарларына тоқталып, былай дейді: «Адамның жақсы тұрмысы үшін Құдай жануардың төрт түрін жуасытып, оның ықтиярына берді. Сиыр, қой, ешкі, түйенің ұрғашысы мен еркегі адамға қызмет етеді».   

Аяттың жалғасында адамның анасының ішіндегі жаратылыс кезеңдеріне сілтеме жасалып: «Әкесі мен анасының көзінен тасада сәби мықты үш қабаттың арасында жатады. Құдай ұрықты кезең-кезеңмен жетілдіріп, оны 9 айдан кейін нәресте түрінде дүниеге келуі үшін бір түрден екінші түрге өзгертеді».

Аяттың соңы Құдайдың бар екенін теріске шығаратындар мен оған серік қосатындарға былай дейді: «Һәм сендердің Жаратушыларың, һәм Пәруәрдігерің – осы Құдай. Одан басқа ешкім мұндай жарату  мен дамыту құдіретіне ие емес. Ондай болса сендер неліктен жолдан тайып, басқалардың соңына ілесесіңдер?».

 

Осы аяттан үйренетініміз:

 

 

1. Әртүрлі қауымдар мен нәсілдер, түстері әртүрлі адамдардың барлығы бір әке мен анадан, бір заттан тарағандықтан бір-бірімен тең.

2.Әйел мен ер физикалық тұрғыдан айырмашылықтарға ие болғанымен, екеуі де бір түрден. Адамгершілік пен адамдық кемелдікке жетуде бірдей.

3.Адамның жаратылысы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның ұрықтық кезеңі – Құдайдың жасырын мұғжизасы. Нәрестенің дүниеге келуімен Құдайдың ғажайыбының ұлылығы айқындала түседі.

4.Жаратушымыз Құдай – біздің істеріміз бен болмысымыздың басқарушысы. Нығметтердің барлығын одан деп білейік. Оған иман келтіріп, тек оған ғана арқа сүйейік. Себебі, басқалар да біз сияқты оның жаратылыстары, пенделері.