Шіл 02, 2019 21:55 Asia/Almaty

«Зүмәр» сүресі, 11-16 аяттарының тәпсірі

 «Зүмәр» сүресінің 11-13 аяттары:

 

«قُلْ إِنِّی أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّـهَ مُخْلِصًا لَّهُ الدِّینَ»، «وَأُمِرْتُ لِأَنْ أَکُونَ أَوَّلَ الْمُسْلِمِینَ»، «قُلْ إِنِّی أَخَافُ إِنْ عَصَیْتُ رَبِّی عَذَابَ یَوْمٍ عَظِیمٍ»

 

        

(Мұхаммед Ғ.С.): “Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым” де. (11)

“Сондай-ақ, бойсұнушылардың алды болуға бұйырылдым”. (12)

“Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын” де. (13)

 

Алдыңғы бағдарламада иманды адамдардың тақуалық пен ізгілік, сабыр мен табандылық сияқты қасиеттерінің маңызы баяндалды.

Осы аяттар соның жалғасында исламның ардақты пайғамбарына: «Уа, пайғамбар! Мүшіріктерге өзіңнің Құдай тарапынан оның діні мен заңын кез келген шерктен тазалауға, тек бір Құдайға құлшылық етуге жауапты болып тағайындалғаныңды тура мәлімде. Сондай-ақ, иманды адамдардың арасында Құдайға табыну мен шеркке былғанған кез келген іс-әрекеттен бойды аулақ салуда алдыңғы қатарда болуға міндеттелгеніңді де жария ет", - деді.

Алланың бұйрығынан жалтарған адам жазаға душар болады. Бұл тұрғыдан пайғамбар мен басқа мұсылмандардың арасында айырмашылық жоқ. Алланың нұсқаулары алдында мойынсұну – осы дүние мен ақыретте илаһи қаһардан құтылудың жолы. Бұл істерде пайғамбардың жауапкершілігі басқа адамдардан артығырақ.

Пайғамбарлар қарапайым адамдардан бөлек артықшылықтарға ие болған жоқ. Олар өздерін басқа адамдар сияқты Құдайдың пендесі, оның бұйрықтарына бағынышты санады.

Мұның өзі пайғамбарлық туралы өтірік уәж айтатындарға, халықты Құдайға шақырудың орнына өздеріне шақырып немесе өздері үшін арнайы артықшылық алғысы келетіндерге қайшы пайғамбарлардың міндеттерінің растығының дәлелі болады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

  1. Пайғамбарлар – Құдайдың жолдауын халыққа жеткізушілер. Олар өздерінен ештеңе айтпайды, артық ештеңе істемейді.
  2. Құдайға табынушылықтағы кез келген шеркке толы ой мен қатынастан тазалау пайғамбарлардың маңызды міндеттері болған.  
  3. Қияметтегі Алланың әділ сотында пайғамбарлар мен басқа адамдардың арасында айырмашылық жоқ. Пайғамбарлар артықшылықтарға ие емес.

 

 

«Зүмәр» сүресінің 14-15 аяттары:

 

 

«قُلِ اللَّـهَ أَعْبُدُ مُخْلِصًا لَّهُ دِینِی»، «فَاعْبُدُوا مَا شِئْتُم مِّن دُونِهِ قُلْ إِنَّ الْخَاسِرِینَ الَّذِینَ خَسِرُوا أَنفُسَهُمْ وَأَهْلِیهِمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ  أَلَا ذَلِکَ هُوَ الْخُسْرَانُ الْمُبِینُ»

 

 

“Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын” де. (14)

“Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де, үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық” де. (15)

 

 

Алдыңғы аятта пайғамбар: «Мен Құдайдың дінін риясыз таныстыруға жауаптымын. Құдайға кәміл ықыласпен табынамын», - деді Осы аяттар былай дейді: «Мен ғамалда да осылай еттім. Себебі, біріншіден, тек Құдайға табынамын. Құдайдан басқа ешкімге табынбаймын. Екіншіден, табынғанда ешкімді де, ешнәрсені де оған серік қоспаймын» деп, мүшіріктерге: «Мен сендерді таза дінге шақырдым. Егер оны қабылдамасаңдар, қалағандарыңа табынсаңдар, үлкен зиянға душар болғандарыңды біліңдер. Себебі, Құдайдан басқаға табыну арқылы өздерің мен отбасыларыңды қияметте әшкере зиянға кіріптар етесіңдер.

Қаржы шығынын ең үлкен шығын деп ойламаңдар. Шынайы шығын – ақыретте. Күнәһар Құдай берген қабілеттері мен мүмкіндіктерін, болмысының барлық қорын бостан бос жоғалтқанын, кемелдік пен мәңгілік бақытқа жетудің орнына шығын мен қасіреттен басқаға қол жеткізбегенін түсінеді.

Мұнымен қатар бұрынғы қателерін түзететін ешбір жол қалмайды. Бұл – айқын қасіреттің нағыз өзі", - дейді.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

1.Пайғамбарлар Алланың бұйрықтарын орындағанда алдыда болды. Олар басқалардан бұрын Алланың бұйрықтарын жан-тәндерімен орындады. Олар адамдарды хаққа шақырғанымен, өздері іс жүзінде оған табандылық танытпаған кез болған жоқ.

2. Пайғамбарлардың маңызды міндеттеріне Құдайдың дінін әртүрлі шерк пен жаңашылдықтардан, ырымшылдықтар мен бұрмалаушылықтардан тазарту жатады. Себебі, бұлар діннің үлкен апаттары саналады.

3. Пайғамбарлар Құдайдың дінін барлық адамдарға жеткізуге жауапты. Адамдардың бір тобының олардың хақ сөзін қабылдамайтынын білді. Соған қарамастан өкініш білдірмей, істі жалғастырудан қол үзбеді.

4. Адам тек өзіне ғана емес, отбасы алдында да жауапты. Перзенттерін діни тағылымдар мен құндылықтар негізінде тәрбиелеу – ата-ананың отбасындағы міндеттерінің бірі.

 

«Зүмәр» сүресінің 16 аяты

 

 

«لَهُم مِّن فَوْقِهِمْ ظُلَلٌ مِّنَ النَّارِ وَمِن تَحْتِهِمْ ظُلَلٌ ذَلِکَ یُخَوِّفُ اللَّـهُ بِهِ عِبَادَهُ  یَا عِبَادِ فَاتَّقُونِ»

Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне, Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй, құлдарым! Менен қорқыңдар. (16)

 

 

Бұл аят қияметтегі шынайы зиян шеккендердің жағдайын сипаттап, былай дейді: «Тозақ отының жалыны оларды жан-жақтан қоршап, қашатын ешқандай жол қалмайды". Бұл шын мәнінде адамдарға егер осы дүниеде діндар болмаса, Құдайдан қорықпаса, қияметте осындай ауыр тағдырға ұшырауы мүмкін екенін ескертеді.

 

Осы аяттан үйренетініміз:

 

  1. Күпіршілік пен шерк, Құдайды ұмыту адамның бақытсыздыққа ұшырауының себебі болады. Осы дүниеде шерк пен күпіршілік жолын ұстанатындар ақыретте күйдіретін от түріндегі Құдайдың қаһарына ұшырайды.
  2. Тозақ отынан құтылудың жолы діндарлық пен күнәдан бойды аулақ салуда. Күнә отты лаулататын материал сынды. Оның алдын алу ақылы ғана тозақ отының жалынына кедергі жасауға болады.