845-ші бөлім, «Зүмәр» сүресінің 29-32 аяттары
«Зүмәр» сүресі, 29-32 аяттарының тәпсірі
«Зүмәр» сүресінің 29 аяты:
«ضَرَبَ اللَّـهُ مَثَلًا رَّجُلًا فِیهِ شُرَکَاءُ مُتَشَاکِسُونَ وَرَجُلًا سَلَمًا لِّرَجُلٍ هَلْ یَسْتَوِیَانِ مَثَلًا الْحَمْدُ لِلَّـهِ بَلْ أَکْثَرُهُمْ لَا یَعْلَمُونَ»
Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді. (29)
Құдай «Зүмәр» сүресінің 27-аятында былай деді: «Расында, Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды олар үгіт алу үшін келтірдік. (27)».
Осы аят мүшіріктердің бейнесі мен олардың жаман жағдайларын тәмсілмен суреттеп: «Бірнеше қожайыны бар, олардың әрқайсы оған бұйрық беретін құлды көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер. Біреуі «мынаны істе» десе, екіншісі «оны істеме» дейді. Ол есі шығып, қай иесінің бұйрығын орындауды білмейді. Қожайындары әмірлерін орындамағандықтан оны жазалайды. Ол ас-су, киім мен өмір сүруге қажет басқа да заттардан мақұрым қалады.
Бірақ, бұған керісінше осы аят тек бір ғана қожайыны бар, тек соған ғана бағынудан басқа міндеті жоқ құл туралы баяндайды. Бұл құл бұйрықты орындауда сарсылып, ешқашан есі шықпайды. Оған қожайыны үнемі қолдау көрсетіп, оның қарапайым қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Хазірет Жүсіп те зынданда тұтқындарды бір Құдайға шақыру үшін осыған ұқсас тәмсілді пайдаланып, олардан: «Көп құдай артық па, әлде құдіреті күшті бір Құдай ма?» деп сұраған.
Ия, мүшіріктер мен діндарлардың жағдайы осындай. Шерк адамның есін шығарып, оның жан тыныштығы мен сенімін жояды. Бірақ, тақуа адам тек бір Құдайға мойынсұнып, тек Оған ғана бағынып, Оның мейірімінен үміттенеді. Өкінішке орай, адамдардың көбі өмірде шерк пен таухидтің айырмашылығына еш мән бермей, одан хабарсыз күй кешеді. Олар шерктің себепкерлерінен алыстап, шынайы таухид жаққа оралудың орнына күн сайын адамға немесе затқа жүгініп, өзін әркімнің тұтқынына айналдырып, аяқ-қолы қатты шырмалады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Діндар адам өз істерінде тек ұлы Құдайдың ризашылығына бөленуді ойлайды. Бірақ, мүшірік көптеген адамдардың көңілінен шығуды ойлайды. Шын мәнінде, олардың барлығын риза ету мүмкін емес. Өйткені, адамдардың қалаулары мен талғамдары әртүрлі.
Шерктің салдарлары мен таухидтің нәтижелері тек қияметке ғана тиесілі емес. Егер байқасақ, осы дүниеде де діндар адамдардың тыныш, үмітке толы өмір сүретінін, мүшіріктердің алаңдаушылық пен бойкүйездікке салынғанын көреміз.
«Зүмәр» сүресінің 30-31 аяттары:
«إِنَّکَ مَیِّتٌ وَإِنَّهُم مَّیِّتُونَ»، «ثُمَّ إِنَّکُمْ یَوْمَ الْقِیَامَةِ عِندَ رَبِّکُمْ تَخْتَصِمُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі. (30)
Сосын сендер қиямет күні Раббыларыңның құзырында дауласасыңдар. (31)
Тақуалар мен мүшіріктердің істерінің соңы – өлім. Жер бетіндегі ешбір адам мәңгілік өмір сүрмейді. Тіпті, Құдайдың таңдаулылары пайғамбарлар да осы жалпы заңнан тысқары емес. Егер ислам пайғамбарының дұшпандары оның өлімін күтсе, олардың да өлетінін білсін. «Әнбия» сүресінің 34-аятында: «Уа, пайғамбар! Егер сен өлсең, олар мәңгілік қала ма?» деп сұрайды. Бірақ өліммен адамның ісі аяқталмайды. Өлім – қияметтің дарбазасы. Ол жерде мүміндер мен мүшіріктер бір-бірімен бетпе-бет келіп, хақ пен жалған туралы айтысады. Мүшіріктер өз ойларының жалған болғанын қабылдауға әзір болмағаны сияқты өздерінің әрекеттерін қорғайды. Алайда, көп ұзамай Құдай олардың арасына төрелік жасап, әрбір топтың тағдырын анықтайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Өлім – Құдайдың адамдардың барлығы үшін анықтаған кесімді сүннеті. Бұл сүннеттен ешкім тысқары емес.
2. Қияметтің сотында әртүрлі топтар бір-біріне қарсы сөйлеп, өздерін ақтап, басқаларды даттайды. Дегенмен, ол күні төрелік дана, мықты, әділ Құдайдың қолында болады. Ол адамдардың арасында әділ төрелік жасайды.
«Зүмәр» сүресінің 32 аяты:
«فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن کَذَبَ عَلَى اللَّـهِ وَکَذَّبَ بِالصِّدْقِ إِذْ جَاءَهُ أَلَیْسَ فِی جَهَنَّمَ مَثْوًى لِّلْکَافِرِینَ»
Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе? (32)
Адамдардың барлығының қияметтің сотына қатысатыны туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аят Құдай оларға жіберген хақ сөзді теріске шығарып, оны қабылдағысы келмеген адамдардың тобы туралы баяндайды.
Құдайдың бар екендігін жоққа шығаратын адамдар да, өздерінің шеркке толы сенімдеріне байланысты Құдаймен жөнсіз байланыстыратын мүшіріктер де хақ сөзді теріске шығарып, оны өтірік санады. Олардың осы дүниедегі жаман, бұрыс істері оларды тозаққа тартады.
Бірақ, теріске шығарушы топқа қарсы хақ сөзді растап, оған сенетін мүміндердің тобы да бар. Олар жайлы келесі бағдарламада сөз қозғаймыз.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Экономикалық және әлеуметтік зұлымдықтан қоғамдық пікір мен мәдениетке жасалатын зұлымдық жаман. Мұндай зұлымдықтың айқын үлгісі Құдайға өтірік айтып, хақ сөзді теріске шығару саналады.
- Қырсықтық пен қыңырлық, орынсыз ырымшылдық адамның хақтың алдында қарсыласып, сөздің дұрыс, бұрыстығына көңіл аудармастан оны жоққа шығаруына себеп болады.