847-ші бөлім, «Зүмәр» сүресінің 38-41 аяттары
«Зүмәр» сүресі, 38-41 аяттарының тәпсірі
«Зүмәр» сүресінің 38 аяты:
«وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَیَقُولُنَّ اللَّـهُ قُلْ أَفَرَأَیْتُم مَّا تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّـهِ إِنْ أَرَادَنِیَ اللَّـهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ کَاشِفَاتُ ضُرِّهِ أَوْ أَرَادَنِی بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِکَاتُ رَحْمَتِهِ قُلْ حَسْبِیَ اللَّـهُ عَلَیْهِ یَتَوَکَّلُ الْمُتَوَکِّلُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: “Көктерді жерді кім жаратты” деп сұрасаң, әрине олар: “Алла” дейді. “Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?”,- де. “Алла маған жетеді. Тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” де. (38)
Жетекшілік жолына түскендер мен адасушылар туралы болған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят маңызды тақырыпқа сілтеме жасап: «Мүшіріктер Құдайдың жаратушылығын қабылдап, Құдайдың әлемді, соның ішінде адамды жаратқанын мойындағанымен, олардың тағдырларында басқа заттар мен басқа адамдар рөл атқарады деп ойлаған". Құдай жаһанды жаратқан соң адамдардың істерін басқаруды соларға тапсырып, өзі әлемнің істерін басқарудан шеттеген сынды.
Сол кездегі мүшіріктер мен бүгінгі мүшіріктер адамнан не зиянды алыстататын күш-құдіреті жоқ, адамға не пайда келтіре алмайтын нәрселерге табынады.
Пайғамбар заманындағы тас, ағаш пұттар болсын, бүгінгі күнгі үнділіктердің пұттары болсын, ешқайсы адамның қиындықтарын шешуде ешқандай рөл атқармайды. Пұттарға табынып, соларға ғибадат ету адамның хақ жолдан тайып, өлімге душар болуына себеп болады. Аяттардың жалғасы: «Бірақ, мүміндер Алланың басқаруындағы басқа жаратылыстарға назар аудармастан, тек Құдайға ғана тәуекел етеді. Олар өздерінің міндеттерін дұрыс орындауға талпыныс жасаған соң істердің нәтижелерін Құдайға тапсырып, істің қайырын беруді сұрайды", - дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Пұтқа табынушылар Құдайдың Жаратушы екенін қабылдағанымен, шапағатты пұттардан сұрап, оларды өздері мен Құдайдың арасындағы делдал санап, соларға табынған.
2. Адамға келетін пайда мен тиетін зиян Құдайдың қолында. Сол себепті өзіміз сияқты жаратылыстарға иек артудың орнына тек Құдайға ғана тәуекел етейік.
«Зүмәр» сүресінің 39-40 аяттары:
قُلْ یَا قَوْمِ اعْمَلُوا عَلَى مَکَانَتِکُمْ إِنِّی عَامِلٌ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ»، «مَن یَأْتِیهِ عَذَابٌ یُخْزِیهِ وَیَحِلُّ عَلَیْهِ عَذَابٌ مُّقِیمٌ»
(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй, елім! Өз орындарыңда істей беріңдер. Әрине, мен де істеймін. Жақында білесіңдер” де. (39)
“Қорлаушы азап кімге келеді? Үстіне тұрақты азап түсетін кім? (Жақында білесіңдер” де). (40)
Бұл аят өмір сүріп жатқан қоғамдағы бұрыс сенімдер мен қатынастарға қарсы тұру қажеттігін қуаттайды. Исламның ардақты пайғамбары Құдай тарапынан өз еліне, туыстары мен достарына пұттарға табынуды қабылдамайтынын, тек бір Аллаға тағзым ететінін кесімді түрде жариялауға жауапты болып тағайындалды. Егер өз жолдарыңыз бен тәсілдеріңізді дұрыс санасаңыздар, соны жалғастырыңыздар. Мен де Құдайға деген иманмен өз ісімді жалғастырамын. Соңында сіздер мен менің істеріміздің соңы не болатынын көреміз» деді.
Бұл аят ардақты пайғамбардың «Сіздердің діндеріңіз өздеріңізге, менің дінім өзіме» деп жариялаған, мүшіріктермен ымыраға келмейтінін немесе олардың бұрыс сенімдерін қабылдамайтынын кесімді, әрі тура жариялап, безген аят секілді.
Жалғасында пайғамбар мүшіріктерге өз істерінің соңына абай болуға ескерту жасап: «Себебі, һәм осы дүниеде, һәм ақыретте Алланың қаһарына ұшырайсыздар. Егер жазаға ұшырасаңыздар, өз істеріңіз бен таңдауларыңыздың салдары. Құдай зұлымдықпен ешкімді жазаламайды» дейді.
Мүмін мықты ерік-жігерге ие. Ол әртүрлі бейбастақтық пен бұрмалаушылыққа толы лас кеңістікке ермейді. Мұндай адам қоғамның бұрыс пікірі мен сенімдерін қабылдамайды.
Илаһи жетекшілер өздерінің ұстанымдарын кесімді түрде жариялайды. Олар діни сенімдеріне қатысты ымыраға келмейді, аз да болса кейін шегінбейді.
«Зүмәр» сүресінің 41 аяты:
«إِنَّا أَنزَلْنَا عَلَیْکَ الْکِتَابَ لِلنَّاسِ بِالْحَقِّ فَمَنِ اهْتَدَى فَلِنَفْسِهِ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا یَضِلُّ عَلَیْهَا وَمَا أَنتَ عَلَیْهِم بِوَکِیلٍ»
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің. (41)
Бұл аят пайғамбардың уәхиді қабылдап, оны халыққа жеткізу міндетіне сілтеме жасап: «Құдай халыққа жол нұсқау үшін қажеттің барлығын хақ негізінде пайғамбарына уәхи етті. Ол хазірет те оны кем-кетіксіз халықтың құлағына жеткізді. Уәхи кітап түрінде мәңгілікке қалды» дейді.
Бір топ хазіреттің сөзін қабылдап, өз өмірлерінде Алланың жетекшілігінің пайдасын көреді. Келесі бір топ ырымшылдық, жөнсіз еліктеу немесе қырсықтық пен қыңырлықтарына бола оны қабылдамай, бұрыс жолдарын жалғастырады.
Мұғалім, адамдар үшін жанашыр жетекші пайғамбардың арманы адамдардың барлығының Құдайға иман келтіруі болған. Бірақ, кейбір адамдар иман келтіргісі келмеген кезде оларды бұл іске мәжбүрлеп немесе олардың істерінің жауапкершілігін өз мойнына алу мүмкін емес.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Құранның негізі – хақты баяндап, жаратылыстың ақиқаттарын түсіндіру. Оның мазмұны бастан-аяқ хақ. Онда ешқандай жалғандыққа жол жоқ. Құран адамдар осы кітаптың жол нұсқауларына көңіл аударып, дұрыс жолды тауып, тура жолға түсуі үшін түсірілген.
- Адамдар өз жолдарын таңдауда ерікті. Бірақ оның нәтижелері мен салдардарын қабылдайтын жолдың жауапкершілігін де таңдауы керек.
- Пайғамбарлардың міндеттері – халықты Алланың уәхиін қабылдауға мәжбүрлеу емес, уәхиді жариялау.