849-бөлім, «Зүмәр» сүресінің 46-50 аяттары
«Зүмәр» сүресі, 46-50 аяттарының тәпсірі
«Зүмәр» сүресінің 46 аяты:
«قُلِ اللَّـهُمَّ فَاطِرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ عَالِمَ الْغَیْبِ وَالشَّهَادَةِ أَنتَ تَحْکُمُ بَیْنَ عِبَادِکَ فِی مَا کَانُوا فِیهِ یَخْتَلِفُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй, көктерді және жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің” де. (46)
Алдыңғы бағдарламада мүшіріктердің таухидке жеккөрініштері мен олардың қолдан жасап алған дүниелік «құдайларына» жақындығы туралы сөз болды. Бұл аят соның жалғасында Алланың елшісіне былай дейді: «Олардан теріс айналып, аспандар мен жердің Жаратушысы, барлық құпиядан хабардар бір Құдайға бет бұр. Ол қияметте пенделері арасындағы алауыздыққа төрелік етеді».
Қияметте абсолютті басшы – Құдай. Ол барлық құпияны біледі. Ол әділет негізінде барлық келіспеушілікті тоқтатады. Қияметтің сотында қырсық адасушылардың ақиқатты теріске шығаратын жолы қалмай, өздерінің жолы мен тәсілінің қате болғанын мойындайды. Бірақ мойындағаны олардың қиын жағдайына көмектесе алмайды.
Осы аяттан үйренетініміз:
- Жүректерін Құдайдан басқаға тапсыратындарға қарсы жаратылыстың Жаратушысы бір Құдайға бет бұрып, оған ғана көңіл аударайық.
- Аспан мен жерді Жаратушы барлық жаратылыстарының көрінеу, көмес істерінен хабардар.
- Құдайдың адамдарға қатысты төрелігі ғылым мен хабардарлық негізінде.
«Зүмәр» сүресінің 47-48 аяттары:
«وَلَوْ أَنَّ لِلَّذِینَ ظَلَمُوا مَا فِی الْأَرْضِ جَمِیعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لَافْتَدَوْا بِهِ مِن سُوءِ الْعَذَابِ یَوْمَ الْقِیَامَةِ وَبَدَا لَهُم مِّنَ اللَّـهِ مَا لَمْ یَکُونُوا یَحْتَسِبُونَ»، «وَبَدَا لَهُمْ سَیِّئَاتُ مَا کَسَبُوا وَحَاقَ بِهِم مَّا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِئُونَ»
Егер біртұтас жер жүзінде болған нәрселер және онымен бірге сондай тағы залымдардікі болса еді, қиямет күнінің қатты азабынан (құтылу үшін) оны төлеуге берер еді. Олар Алла тарапынан еш күтпеген нәрселерді көреді. (47)
Оларға істеген жамандықтары мәлім болады. Әрі олардың әжуалаған нәрселері өздерін баурап алады. (48)
Құдайдың қиямет күні төрелік ететіні туралы болған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят: «Бұл дүниедегі залым адамдардың барлығы ең ауыр азаптарға ұшырайды. Қияметте олар тіпті елестете алмаған азаптар белгілі болады», - дейді.
«Зұлымдық» сөзі Құран мәдениетінде һәм шерк пен күпіршілік сияқты ой-пікір мен сенім зұлымдығын, һәм отбасы мен қоғам деңгейіндегі басқаларға жасайтын зұлымдықты қамтиды.
Бірақ пікір мен мәдени зұлымдықтың қатері мен зияны әлеуметтік зұлымдықтан жаман. Өйткені, әлеуметтік саладағы зұлымдықтардың көбін түзетуге болады. Бірақ мәдени зұлымдық кейде ұрпақтар мен қоғамдарды тура жолдан тайдыруға себеп болатындықтан апатты. Сол себепті оны түзету де қиынырақ.
Күнәһарларға ауыр жаза Құдайдың әділеті негізінде беріледі. Құдай тіпті зұлымдарға да титтей де зұлымдық жасамайды. Сол себепті аяттардың жалғасы былай дейді: «Тозақ оты түріндегі жаза – олардың дүниедегі жаман істерінің көрінісі. Олар осы дүниеде мал-мүлік пен байлық жинаудың соңында болып, көп байлық бақытқа жеткізеді деп ойлады. Сондықтан қиямет туралы ескертулерді естігенде оларды мазақ етті".
Олар діндарлардың қиямет туралы ескертулерін жәһіл, надан, мәдениетсіз адамдардың ойдан шығарғаны санады. Бірақ, махшарда жиналғанда өздері мазақтағанның оларды кіріптар етіп, дүниеде жинағандарының бұл жерде іске жарамайтынын өз көздерімен көреді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Бұл дүниенің құдіреті мен байлығы, тіпті, жер бетінің бар байлығы адамның ықтиярында болса да ақыретте іске жарамайды.
2. Тозақтың жазалары – адамның дүниедегі жаман істерінің көріністері.
3. Қиямет күні – әшкере күні. Онда барлық құпия-сыр мәлім болады. Қияметте адамға тозақ пен жұмақтың ақиқаттары айқындалады.
4. Қияметте қайғы мен қасіретке себеп болатын ахкамдар мен діни құндылықтарды келеке етуден абай болайық.
«Зүмәр» сүресінің 49-50 аяттары:
«فَإِذَا مَسَّ الْإِنسَانَ ضُرٌّ دَعَانَا ثُمَّ إِذَا خَوَّلْنَاهُ نِعْمَةً مِّنَّا قَالَ إِنَّمَا أُوتِیتُهُ عَلَى عِلْمٍ بَلْ هِیَ فِتْنَةٌ وَلَـکِنَّ أَکْثَرَهُمْ لَا یَعْلَمُونَ»، «قَدْ قَالَهَا الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ فَمَا أَغْنَى عَنْهُم مَّا کَانُوا یَکْسِبُونَ»
Адам баласы бір қиыншылыққа душар болса, Бізге жалбарынады. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: “Бұл маған білгіштігіме ғана берілді” дейді. Жоқ, олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді. (49)
Расында олардан бұрынғылар да соны айтқан болатын. Бірақ олардың істегендері кәдеге жарамады. (50)
Бұл аяттар шүкірсіз адамдардың ерекшеліктеріне тоқталып: «Адамдардың көпшілігі бастарына күн туып, қиындықтарға душар болған кезде ғана Құдайды еске алып, оны шақырады. Бірақ олардың бұл істері уақытша. Қиындықтары шешілген кезде Құдайды ұмытып: «Қиындық өзімнің білімім мен іскерлігімнің арқасында шешіліп, осы нығметтер мен мүмкіндіктерге қол жеткіздім» дейді.
Құран мүмкіндіктері төмен, өздеріне сенген мұндай адамдарға берген жауапта: «Сендерге берілген нәрселер – Құдай берген нығметтерге шүкір айтасыңдар ма немесе күпіршілік білдіресіңдер ме, соны сынайтын құралдар», - дейді.
Аяттардың жалғасы «Алланың нығметтеріне мұндай қатынас тәсілі әзәлдан келе жатыр. Байлық пен атақ-даңққа, дәрежеге жеткен адамдар Құдайды ұмытып, қол жеткізгендері осы дүние мен ақыретте өздері үшін жеткілікті деп ойлайды. Шын мәнінде, олардың қол жеткізгендері не бұл дүниеде оларға қатысты Алланың қалауын орындауға кедергі жасай алмайды, не оларды жаман істерінің жазасынан құтқара алмайды", - дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Өмірдің қысымдары мен қиындықтарында, бастарына іс түскенде адам өзінің әлсіздігі мен қауқарсыздығын түсінеді. Қысымдар адамның оянуы мен Құдайды іздейтін табиғи сезімінің оянуына себеп болып, нәтижесінде Құдайды шақырып, оған бет бұруға себеп болады.
2. Адамның бақуатталығы мен жан тыныштығы – Құдайды ұмытып, өзімшілдікке салынудың факторлары.
- Қиындықтар мен нығметтер – адамның шынайы болмысы білініп, шүкіршілдер мен шүкірсіздердің айырмашылығы көрінуі үшін сынақ.