Сәу 13, 2016 11:49 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 21

Құран Кәрімде өте қызық әрі құнды ғибратқа толы хикаялар бар. Бұл хикаялар адамға әртүрлі тарихи кезеңдерді еске салып, өмірге қырағы түрде қадам басуы үшін оған ғибратты мәселелерді үйретеді.

Құранның қызықты хикаялары кейде адамды хазірет Мұсаның заманына қайтарып, хазіретпен бірге Перғауынға жақындатып, хазірет Мұсаның үлкен мұғжизасын көрсетеді. Келесі бір жолы хазірет Мұсамен бірге хазірет Қызырдың қасына барып, сабыр сақтауды үйретеді. Келесі хикаясында адам хазірет Сүлейменның уақытына түсіп, бұл хазіреттің таңғажайып патшалығын тамашалап, билігін бақылайды. Хазірет Сүлеймен таңқаларлық мүмкіндіктерге ие бола тұра Алланың алдында қарапайым болды. Мұндай жаңа жағдайда адам Алланың алдында қарапайым болуды үйреніп, өзінен «егер мен хазірет Сүлейменнің орнында болсам, жындар маған қызмет ететін болса, Аллаға ғибадат етемін бе, әлде тағұтқа бағынамын ба?» деп сұрайды. Құран Кәрімнің барлық хикаялары адамның дамуына себеп болады. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи Құранның хикаяларының білім беретіндігіне тоқталуымен бірге Құран тарихи оқиғаларды баяндауында екі істі орындайды дейді: біріншіден оқиғаларды бөледі; екіншіден оқиғаны толық баяндамайды. Яғни, хикаяның көбірек көңіл бөлуді қажет ететін бөлімдеріне тоқталады. Ислам революциясының жетекшісі өзінің көптеген сөздерінде Құранның хикаяларына тоқталып, тарихи оқиғалардың маңызды жайттарын баяндайды. Діни жетекшінің көңіл бөлетін хикаяларының бірі хазірет Мұсаның өмірі туралы хикая болып табылады. Аятолла Хаменеи: «Хазірет Мұсаның оқиғасы тарихтағы таңырқарлық әрі ғибратқа толы оқиғалардың қатарына жатады. Бұл оқиға туралы қанша айтсақ та аз болады. Шын мәнінде, Құран біз үшін хазірет Мұсаның тәжірибесінің үлкен қазынасы саналады»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің хазірет Мұсаның өміріндегі назар аударатын хикаяларына хазірет Мұсаның дүниеге келуі туралы оқиға да кіреді. Өйткені хазірет Мұса дүниеге келген ер балаларды өлтірген залым Перғауынның кезінде туған болатын. Аятолла Хаменеи бұл хикаядағы мәселелерді баяндау үшін «Қасас» сүресінің 7-ші аятына тоқталады. Алла Тағала хазірет Мұсаның анасын жұбатып, оған өзінің уәделерін орындайтыны туралы айтады: «Мұсаның анасына: “Оны еміз де, оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық»,- деп айтылған. Аятолла Хаменеи бұл аят туралы: «Алла Тағала Мұсаның анасына «Қорықпа, сәбиіңді еміз. Қатер көбейіп, бала дұшпанның қолына түседі деп алаңдайсың ба. Оны алуға рұқсат берме, оны теңізге таста... Бұл өте маңызды. Ана сәбиін сандықтың ішіне салып, теңізге қалай тастайды? Бірақ Мұсаның анасына: «...Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз» деген уәһи түсті. Яғни, Жаратушы бұл жерде екі рет уәде берді. Бірінші уәдесі баланы анасына қайтару туралы болса, екінші уәде оны пайғамбар етіп сайлау туралы уәде болды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет Мұсаның Перғауынның қолына түсуі, хазіреттің ешбір әйелдің омырауын алмауы және Мұсаның апасының Перғауынға сәбиді емізе алатын әйелді танитыны туралы ұсынысына тоқталып: «Алла пендесінің дұғасын орындағысы келген кезде жағдайды соған лайық етеді. Осыған орай бұл қызды (Мұсаның апасына) Перғауынның нөкерлеріне барып, өз ұсынысын айтуға батылдандырады. Олар келіседі. Қыз өзінің де анасы болып табылатын хазірет Мұсаның анасын ертіп келіп: «Мыңа әйел баланы емізеді»,- деді. Сәби Мұсаны әйелге әкеліп берген кезде бала анасының иісін танып, еме бастайды. Бұл жерде Перғауынның нөкерлері еш күмәнданбайды. Олардың басына бұл баланың анасы болар деген ой келмейді. Өйткені Алла Тағала өз уәдесін орындағысы келді. «Қасас» сүресінің 13-ші аятында: «Сөйтіп оны анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді»,- деп айтылған. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында хазірет Мұсаның 30-40 жылдан кейін пайғамбарлық міндетіне кірісіп, Алланың хазірет Мұсаның анасына берген екінші уәдесінің орындауына тоқталып, баршаны барлық илаһи уәделердің шындық екендігіне назар аудартады. Аятолла Хаменеи бұл хикаяға жасаған қорытынды сөздерінің бірінде азаттық талап етуші мұсылмандарға: «Бауырларым! Илаһи уәделер әрқашан орындалады. Бірақ уақыт қажет. Илаһи уәделердің бірі – мұсылман халықтарды құрметке бөлеу. Илаһи уәде Алланың жолында күресетін және иман келтірген әр халықтың жеңіске жетуіне байланысты»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Палестинаның қарсыласу қозғалысының заңсыз Израиль режиміне қарсы күресінің жеңіске жетуіне тоқталып: «Палестиналық жастар Исламның атымен бірігіп, Исламның атымен ұран айтып, Исламның атымен сионистік рақымсыз күштерді жеңеді деп кім ойлаған? Бірақ бұл оқиға орын алды» деді. Ол сионистік режимнің палестиналықтардың алдында сәтсіздікке ұшырауына тоқталып, Құранның «Сафф» сүресінің 9-шы аятын келтіріп: «Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де, дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді»,- деді. Алла Тағала бұл дін мен бұл ресалатты жеңіске жеткізгісі келеді. Алла барлық уәделерін орындауға жағдай жасауда. Бірақ мен және сіздер осы жолда қадам басып, осалдығымызды көрсетпеуіміз керек»- деп ескертті. Хазірет Мұсаның құлдырау мен шарықтауларға толы өмірінде ғибрат алатын келесі жайтқа хазіреттің кейбір жақын серіктерінің адасушылықтары жатады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Хазіреттің таңырқарлық оқиғаларындағы назар аударатын мәселелердің бірі хазіреттің қасында болып, кейін хазіреттен теріс айналғандардың дұрыс жолдан адасып, бұзақыға айналуы жатады. Құраннан мұндай мәселенің бірінеше мысалын кездестіруге болады. Мысал ретінде Самери, Қарұн және қасиетті жерлерге барудан бас тартқан адамдарға қатысты мәселелерді атауға болады. Бұл діннен безудің мысалдары»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет Мұсаның серіктерінің бірі болып, кейін діннен безіп, адасқан Қарұнды Алланың алдында тәкаппарлық көрсетудің көрінісі ретінде таныстырып: «Қарун илаһи лағынетке ие болған жаман адам болып, Құран Кәрімнің бір бөлігінде ол туралы айтылған. Хазірет Мұса оған «Қолыңа түскен мүлкің – зейнетің»,- деген кезде Қарұн: “Шын мәнінде, бұл менің біліміме берілді” деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп ұрпақты жойғанын білмеді ме? Күнәкарлар күнәларынан сұралмайды»,- деп жауап береді», («Қасас» сүресі, 78-ші аят) деді. Аятолла Хаменеи Қарұнның тәкаппар түрде берген жауабы туралы: «Қарұн оған мүлікті Алланың бергенін түсінбеді. Шын мәнінде, адамға жанды, перзент пен дінді Алла береді. Яғни, барлық мүлік Алланікі. Әй, надан адам! Неге бағынбайсың? Неге қателесіп, «бұл мүлікті мен өзім таптым» деп айтасың. «Мен» деген кім? Барлық нәрсе Алла тарапынан»,- деді. Перғауын да дұрыс жолға нұсқалу мүмкіндігінен мақрұм қалған. Жаратушы хазірет Мұсаға Перғауынмен кездескен кезде: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар»,- деп ескертті. («Таһа» сүресі, 44-ші аят). Ислам революциясының жетекшісі: «Бұл аят Перғауынның да өзіне келіп, Алланы еске алу мүмкіндігіне ие болғанын көрсетеді. Бірақ ол бұл мүмкіндікті пайдаланбайды. Оған нәпсісі, дүниеқұмарлығы, менмендігі, тәкаппарлығы мен хайуандық қасиеттері кедергі болды»,- деді.