Сәу 13, 2016 11:59 Asia/Almaty

Терең ойлауға ойлану мен кемеңгерліксіз жетуге болмайды.

 Терең ойлайтын адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын оның барлық тұрғылары туралы ойланады. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағе» еңбегінің 48-ші хикметінде терең ойлау туралы: «Терең ойлау деген ойлану қабілетін белсенді ету»,- деген. Терең ойлайтын адам ойланбай әрекет жасамайды. Ол барлық ықтималдарға көңіл бөліп, өз іс-қимылының нәтижесін бағамдайды. Имам Садық (ғ.с.) мәселеге былайша қарау адамның бойында күдік-күмәнге жол береді деп санап: «Терең ойлау – күдік-күмәннің шырағы»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Яғни, терең ойлайтын адам мәселеге жүз пайыз сеніммен қарамайды, керісінше әрекетінің барлық ықтималдарын бағалап, іске абайлап кіріседі. Расында терең ойлайтын адам – ықтият сақтаушы адам. Сол себепті ол істің барлық тұрғылары мен барлық ықтималдарына назар аударып, ойланбастан әрекет етпейді. Терең ойлайтын адам тәуекел мен қатерге жақындамайды. Ол кез келген адам немесе кез келген нәрсеге сенім артпайды. Оның сенім артуы шынайы дәлелдерге сүйенеді. Осыған орай имам Әли (ғ.с.) орынсыз сенім артуды терең ойлауға қайшы деп тауып: «Сынақтан өткізбей сенім арту терең ойлауға қайшы»,- деген болатын. Исламдық тағылымдар мен Құран аяттарында терең ойлаудың ықтияттыұ тұрғысы туралы көп қуатталған. «Худжурат» сүресінің 6-шы аятында: «Әй, мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер»,- деп айтылған. Терең ойлау – ықтиятпен қатар жүретін ұқыптылық пен өткірліктің бір түрі. Терең ойлайтын адам таңдау мен шешім қабылдаған кезде ұқыптылық танытып, ықтималды қатерлерге көңіл бөледі. Терең ойлаудың маңызды мәселелерінің бірі ықтият мәселесі болып табылады. Сол себепті қатер тудыратын әрекеттердің кейбіреулері терең ойлаудың төмендеуінің салдарларының бірі деп таныстырылады. Имам Әли (ғ.с.) терең ойлаудан алыстауды батылдықтың төмендеуінің нәтижесі деп санады. Имам Әли (ғ.с.) ықтият пен терең ойлаудан кенде батылдықты ақылсыздық, батылдықтың әсірелігін құнсыз деп санап: «Терең ойлайтын адам табысты болып, жеңіске жетеді. Таяз ойлайтын адам ақылсыздығы мен батылсыздығын көрсетеді»,- деген. Бірақ ықтият сақтаған кезде артық кетуге болмайды. Батылдықта артық кету ықтиятсыздық саналып, ахлақи құндылықтардан ада болғаны сынды шектен тыс қорқу мен алаңдау да дұрыс емес әрі айыпталатын іс. Терең ойлау теңдікті сақтауға себеп болып, артық-кем кетуге жол бермейді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Терең ойлаудың мөлшері бар. Одан өтуге болмайды, өйткені артық кету қорқыныш пен алаңдушылыққа соқтырады»,- деп айтқан болатын. Терең ойлаудың әсері мен берекесін адам өмірінде айқын пайдаланып, оның бірлік, табандылық, сабыр және шынайы жігер, қисын мен ақылға сай сенім артуына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.) терең ойлауды адамның қоры деп атап: «Терең ойлау – қор. Әлсіздік оны жояды»,- деген. Сондықтан терең ойламаған адам көптеген қиындықтармен кезігетінін және оны мақсатынан алыстататынын қабылдауы керек. Терең ойлау бір жақтан терең ойлаудың әсері мен берекесі тұрғысынан шынайы жігерге ие болып, адамның жұмыстарын алға ілгерілетеді. Терең ойлайтын адам іс-әрекетінің барлық нәтижелері туралы ойланып, оларды шынайы жігермен орындауға кіріседі. Адамның терең ойлауы азайған сайын жігері де төмендей бастайды. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Терең ойламайтын адамның жігері мен шешім қабылдау қабілеті де әлсіреп, керісінше терең ойлану деңгейі жоғарылаған адамның жігері де артып, оның мақсаттарына жету ықтималдары да көбейеді. Өйткені күш-құдырет адамның терең ойлауынан туындайды»,- деген. Ақыретке көңіл бөлу – терең ойлаудың ең жоғары сатысы. Имам Әли (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша терең ойлайтын адамды дүниенің қызықтары ақыреттен бейқам қалдырмайды. Терең ойлайтын адам уақыттың құндылығын ұмытпайды. Ол мұрсаттардың жел сынды өтпелі және жылдам келіп, жылдам кететіндігін біледі. Сондықтан мұрсаттар уақытылы пайдаланылмаса, кейін уақыт болмауы мүмкін. Сол себепті терең ойлайтын адам қияметі туралы ойланатын. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, терң ойлайтын адам қайырымдылық ісін ертеңге қалдырмайды. Имам Әли (ғ.с.) өзінің келесі бір сөзінде: «Терең ойлайтын адам ысырап етуден сақ болады»,- деген болатын. Терең ойлайтын адамның келесі ерекшеліктерінің біріне оның сабыр сақтауы мен келісімге келуі жатады. Имам Әли (ғ.с.) бұл ерекшелік туралы: «Терең ойлайтын адам сабыр сақтап, жұмысының нәтижесі туралы ойланады. Терең ойлайатын адам әр нығметке ризалық білдіріп, нығметтерден кенде қалған кезде сабыр сақтайды»,- деген.