Қыр 26, 2019 20:12 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер 3

Ыбырайым, Мұса, Иса мен Мұхаммед пайғамбарлар сияқты илаһи әмбиелердің қозғалысында әйелдердің құзыры белсенді әрі сындарлы болған.

Құрметті оқырмандар! «Құранда аталған әйелдер» атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде хазірет Ыбырайымның жұбайының өміріне Құран Кәрім негізінде шолу жасаймыз.

 

Хазірет Ыбырайымның Һаджер деген қадірлі бануы немесе хазірет Мұсаның дініне қосылған Перғауынның әйелі Әсиенің, хазірет Исаның анасы Мәриәмның болмысы аспандық діндердегі әйелдердің құзырының алтын парақшалары саналады. Бұл тұлғалар тек көрермен ретінде қалмай, діндерді таратуда ауқымды да белсенді құзырға ие болған. Олардың өмірлері баяндалған хикаялар туралы ойлану әйелдердің илаһи діндердің аясында жоғары тұлғалар екенін көрсетуімен қатар олардың әсерлі құзырларының мәртебелерін де айқындайды.

 

Ыбырайым   кітапқа ие илаһи үлкен пайғамбарлардың бірі. Хазірет тоухид пен бір Құдайға табынатын әлемдік діннің негізін қалаушы. Бұл дін әлемнің соңына дейін жер бетінде жалғасып, көптеген адамдарды құтқарады. Құдайдың осы пайғамбарының қасында екі әйелдің бейнесі көрінді. Сарра пәк, шынайы, өз жұбайының серігі, сырласы болған әйелдің айқын үлгісі; Һаджер иман мен сабыр және Құдайға тәуекел етудің үлгісі.

Сарра пайғамбарлардың тарихын зерттеген кезде тоухидті таратуда ерекше орынға ие банулардың бірі. Ол асқан сұлулығымен қатар өз заманындағы ең бай әйелдердің бірі саналды. Сарраның үлкен егістік жерлері мен сансыз малы болған. Соған қарамастан Сарра бұл дүниенің мал-мүлкінен кенде,  жетім болғанымен, батыл, жәуәнмәрт Ыбырайым сынды жігітті таңдады. Сараны Ыбырайымның білімі мен адамгершілік құндылықтары қызықтырды.

Ыбырайымның өжеттігі мен мәрттігі баршаға аян болды. Сол себепті Сарра өзінің байлығын жұбайы Ыбырайымның ықтиярына берді Ыбырайым мал-мүлікті арттырып, нәтижесінде олардың тұрмыс жағдайы өздері тұратын Куси деген аймақта ешкім теңесе алмайтын деңгейге жетті. 

Имам Садықтан мынадай рауаят жеткен: «Сарра сансыз қой мен кең алқапты егістік жерлерге, жақсы тұрмысқа ие болған. Ол бар байлығын Ыбырайымның ықтиярына беріп, Ыбырайым да шашауын шығармай басқарып, қойларының саны артып, егістік алқаптары кеңейе түсті. «Куси Риа» өлкесінде одан бай адам болмады».

Ыбырайымға күйеуге шықпай тұрып үлкен байлық пен бақуатты ғұмыр кешкен Сарра Ыбырайыммен ортақ өмір барысында қиындықтар мен тауқыметтерге төзіп, ұлы Құдайдың таңдаулы пенделерін сынау үшін жіберетін сынақтары мен  таршылыққа ризашылық білдіріп, сабыр сақтады. 

Ыбырайым тауда дүниеге келіп, сол жерде пайғамбарлыққа таңдалды. Оның өзіне дейінгі және кейінгі пайғамбарлардан айырмашылығы болды. Себебі оған пайғамбарлықтан жоғары деңгей берілетін болған. Ыбырайым хазірет осы дәрежеге жету үшін барлық илаһи сынақтарды жеңіп, еңсесін биік көтеріп шығуы керек еді.

Хазірет Ыбырайым бір перзентке зар болған. Сол уақыттың бәрінде Құдайға жалбарынып, ғибадат еткен. Құдайға еш шағымданбаған. Тек: «Уа, Құдай! Егер сен жөн санасаң, маған перзент сыйла» ,-деп өтінген.

Біраз жыл өткен соң Сарра да сәби сүйе алмайтынын түсінеді. Сол себепті өте тақуа, кісілігі жоғары өзінің кәнизагы Һаджерді Ыбырайымға бала тауып, ол әкесінің пайғамбарлығын жалғастыруы үшін әйелдікке ұсынды. Ыбырайым әйелінің ұсынысын қабылдап, Һаджерге үйленді. Содан бастап ол кәнизәк емес, Құдайдың пайғамбарының жұбайы болып, Ыбырайымның қартайған шағында тыныштығының ұйытқысына айналды.

Үйленгендеріне көп уақыт өтпей, Һаджер жүкті болып, қиын кезең өтіп, сәби дүниеге келді. Оның есімін Ысмайыл деп қойды. Ыбырайымның маңдайынан пайғамбарлықтың нұры төгіліп тұрды. Өмірін перзентсіздіктің қайғысымен өткізген Ыбырайымның енді жүрегі бұрын-соңды бастан кешпеген қуаныш пен шаттыққа толды. 

Себебі оған әулетіндегі пайғамбарлықтың Ысмайылдың ұрпағымен жалғасатыны сүйіншіленді.

Бұл бала тек перзент қана болған жоқ, өмір бойғы ынтызарлықтың соңы, бір ғасыр қиындықтың сыйы,  ащы үмітсіздіктен кейінгі әулет жалғастығының сүйіншісі саналды. Бірақ Сарра перзент сүймегені үшін бұрынғыдан бетер қайғыға батты. Ол өзінің еркінен тыс болуы мүмкін кейбір әрекеттерден сақтанып, Ыбырайымнан Һаджер мен Ысмайылды оның тұрағынан көшіруді сұрады. Ыбырайым да әйелінің өтінішін орындады. 

Сарра Құдайдың мейірімінен үміт үзбеді. Бір күні Ыбырайымға: «Тіпті кәрі, дәрменсіз болсам да кеудемде үміт оты пайда болды. «Мен де сәби сүюім мүмкін. Илаһи құдірет бұл кемшіндіктің орнын толтыра алады» деген сенімге жеттім. Сенен дұға тілеуіңді сұраймын» дейді. Ыбырайым келісіп, Құдайдың дәргейіне қарап,  Сарраның өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Құдайдың пайғамбарының дұғасы қабылданып, қартайған шағында Сараға перзент сүйгізді.  Бұл туралы Құдай Һуд сүресінің 69-73 аяттарында баяндаған:  

 

Расында елші (періште)леріміз Ыбырайым (Ғ.С.) ға хош хабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді. (69)

(Ыбырайым Ғ.С.) олардың қолдарын тигізбегенін көріп, оларды жатырқады да олардан тіксінді. Олар: “Қорықпа! Расында біз Лұт қауымына жіберілдік” деді. (70)

(Ыбырайым Ғ.С.)-ның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Ысхақ және артынан Яғқұппен қуанттық.(71)

(Ыбырайым Ғ.С. ның жұбайы): “Әттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туам ба? Бұл әрине таңғажайып нәрсе!”, – деді. (72)

(Періштелер оған): “Сен Алланың әміріне таңғаласың ба? Алланың мәрхаметімен молшылығы сендерге болсын. (Әй, Ыбырайым) отбасы! Шынында Алла мақтауға лайық, аса жоғары.” (73)

 

Сарра өте тақуа болған. Ұзақ жылдар бойы Ыбырайым Халилдің қасындағы илаһи қиын сынақтар қадірлі бануды пәк, тартымды болмыс иесіне айналдырды.

 

Хақ дәргейінің таңдаулылары мен Құдайдың әулиелеріне ғана нәсіп болатын ерекшелік - періштелермен дидарласып, сөйлесті. Бұл бір Құдайға табыну мәдениетінде әйелдердің де ерлер сияқты жоғары ұлылық пен қадір қасиетке ие екенін көрсетеді. Мықты иман мен риясыз тақуалықтың арқасында періштелермен тілдесіп, жаратылыстың жаратушысының мейірі мен рақымы саналатын олардың сүйіншілерін естіді.

Үй шаруашылығын басқарудағы әйелдің рөлі ерекше маңызды. Егер тіпті құқықтық тұрғыдан бұл саладағы міндеттер әйелге тікелей жүктелмегенімен отбасындағы махаббат пен мейірім кеңістігі әйелдерді ерлермен қатар отбасының тыныштығы мен жайлылығы үшін талпыныс жасауға итермелейді. Олардың мейірімді, өнерпаз рухтарының нәтижесі жақсы талғаммен болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін қолайлы отбасы ошағы әзір болады.

Құран Кәрімнің банулардың үй шаруашылығымен айналысуы үшін ұсынған үлгісінде қонақ күтудің тәсілі анық қуатталған.

Ыбырайым хазіреттің үйіне періштелердің енуін баяндаған хикаямен үй шаруасындағы әйелдің қатынасының айқын үлгілері көрсетілген.

Ғұлама Маджлеси Рахмулланың пікірі бойынша хазірет Ыбырайымның әйелі Сараның кісілігі мен кемелдігінің белгісі хазіреттің қонақтарын қабылдауынан көрінді.

Ол үнемі хазірет Ыбырайымның қонақтарын күткен. Құдай Құранда Сараның осы ізгі қасиетін былай баяндаған: «(Ыбырайым Ғ.С.) ның түрегеп тұрған әйелі...» Һуд сүресі 71 аят.

Сарра жұбайының қонақтарын күтуде шебер болғаны сондай тез арада ең жақсы түрде оларға ас тартылды. Құранның былай деп оқимыз: «Расында елші (періште) леріміз Ыбырайым (Ғ.С.) ға хош хабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді. (69)

Сарра Ыбырайымға иман келтірген алғашқы әйел болды. Ыбырайымды Намруд отқа тастағанда Сарра Құдайдан Ыбырайымды құтқаруды сұрады. Осы оқиғадан кейін Ыбырайым мен Сарра және Лутты сол қаладан қуып жібергендіктен олар Шам жаққа кетті.

 

Ол Ыбырайымның шақыруы тарау үшін сапар мен жат жұртта болудың қиындығына төзді. Сарра Халил Ыбырайымның велаятына қолдау танытып жарқын өмір сүріп, 120 жасында пәни дүниемен қош айтысты.