Қыр 28, 2019 22:30 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер 4

Адамзат қоғамында әйелдердің ерлерден иман, кемелдік тұрғыларынан айырмашылығы жоқ. Олардың кейде биік деңгейге жететіні сондай, басқалар олардан тақуалық, діндарлық, батырлық пен Пәруәрдігердің алдында бойсұнушылықты үйренуі керек болады.

Адамзат қоғамында әйелдердің ерлерден иман, кемелдік тұрғыларынан айырмашылығы жоқ. Олар да ерлер сияқты биік деңгейлерге жетеді. Сол кезде басқалар олардан тақуалық пен діндарлық, батырлық пен Алланың алдында бойсұну сияқты қасиеттерді үйренеді. Құран Кәрім бір жалпы шақыруында: «Әй, мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға, сондай-ақ одан бұрын түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты. (Ниса сүресі, 136 аят)" деді.

Құран әрбір әйел мен ер адам үшін кемелдік жолын иманға жету үшін талмай жүрумен байланыстырып, иманның биік шыңына шығатын соқпақ анықталуы үшін үлгілі тұлғаларды ұсынады.

 

Хазірет Ыбырайымның әйелі Һаджер осындай әйелдердің бірі.

Һаджер сәбиін көтеріп, хазірет Ыбырайыммен сапарға шықты. Ол тәтті ойға батып, сәбиінің болашағы туралы ойлап келе жатты. Ыбырайымның түйесі тоқтағанда өз-өзіне келіп: «Шөл далада неге тоқтадың?» деп сұрады. Ыбырайым: «Мен сендерді осы далада қалдыруым керек» деді.

– Бірақ бұл жерде адам тұратын меккеннен еш белгі жоқ қой? Аптап ыстық пен жыртқыш аңдардың шабуылынан қалай сақтанамыз?

Һаджер хазірет Ыбырайымның алаңдаған көзқарасын байқап, сәбиін кеудесіне қысты. Содан кейін дауысы дірілдеп: «Қазір біздің азғана азығымыз бар. Бірақ жүрегіміз Құдайдың мейіріміне деген үмітке толы» деді. Ыбырайым жұбайы мен перзентін далада қалдырған кезде аспанға қолын жайып: «Пәруәрдігер! Мен өзімнің бір бөлшегімді сусыз, шөпсіз жердегі сенің кесенеңнің жаныңдағы үйде намазды орындауы үшін орналастырдым. Адамдардың оларға мейірімін оятып, ырзықтарын бер. Шүкіршіл болсын» дейді.

Сәбидің жылаған үні шөл даланы басына көтерді. Һаджер  мазасы кетіп жылаған сәбиін құшағына алып, алаңдап, қарсы алдындағы төбеге қарады.

Көзіне төбенің етегінде мөлдір су ағып жатқандай көрінді. Баланы жерге отырғызып, жылдам суға қарай жүгірді. Ол жерге жеткенде  су көрмеді. Тауы шағылып, тастың үстіне отырды. Бұл жолы да төбеге қарсы жақтан ағып жатқан мөлдір бұлақ көрінді. Һаджер жанұшыра жүгірді. Бірақ бұл да сағым болып шықты. Бір кезде көзіне тағы су елестеді. Қайтадан жүгіріп, ана төбеден мына төбеге жетіп, жеті рет айналып шықты.

Алайда ешқашан Алланың мейірімінен үміт үзбеді. Һаджер өзінің нәтижесіз талпыныстарынан шаршап, әл-дәрмені құрып, сәбиінің қасына оралды. Баланың тіпті жылауға да шамасы жоқ еді. Бір кезде аяғын жерге созғанда кенет Һаджер баланың аяғының дымқылданғанын көрді. Адам сенгісіз оқиға болды. Көзін бір ашып, бір жұмды. Бұл жолы да сағым болар деп ойлады. Жоқ, бұл үлкен мұғжиза болды. Һаджер саусақтарының ұшымен су шыққан жерді ұңғылай түсті. Сол сәтте су атқылап, тіршілік жалғасын тапты. Мөлдір, салқын су ағып жатты. Һаджер сәбиінің ернін сулады. Ысмайылдың бойынан тіршілік белгісі байқалып, ананың жүрегінде үміт тұтанды.  

Ұлы Құдайға деген тәуекелі мен сабыры және табандылығының нәтижесін көрген Һаджер сәждеге бас қойып, Пәруәрдігерге алғыс айтты. Өзі де судан ішіп, жан шақырды. Һаджер қуанып, Ысмайылға: «Құдай маған қандай керемет сәби сыйлады!» деді.

Һаджер – сабырлы және Алладан үмітті әйелдің үлгісі. Егер Һаджердің Құдаймен байланысы болмағанда үмітсіздік оның діңкесін құртып, табандылық көрсете алмас еді. Ия, Құдайға деген үміт пен илаһи рақымға сенім, Құдайдың жәрдеміне деген үлкен үміт адамның бойында қарсыластық пен бекемдік рухы мен тұрақтылықтың арта түсуіне себеп болады.

Һаджердің Құдайға деген үлкен тәуекелі таңқаларлық еді. Ыбырайым Ысмайыл екеуінің қасынан кеткенде сәбиімен сол сайда қалуға мойынсұнды. Бұл әйелдің Құдайдың рақымына деген үміті де алабөтен болды.  

Құдайдың үйінің жанында Ысмайылдың аяғының астынан су атқылап жатқанын көргенше талпыныстарынан үмітсізденген жоқ. Мұндай күш пен қарсыластық, табандылық пен мықтылық адам Құдайға иман келтірген кезде пайда болады. Жаратылған әлемде Құдайға иман сияқты адамға әлеует пен қарсыластық сезімдерін сыйлайтын фактор жоқ.  

 

Һаджердің таудың арасындағы сайдағы сабыры мен төзімділігі оның риясыздығы мен дінге деген терең сенімінен бастау алғаны шәксіз.

Һаджердің Құдайға деген шынайы тәуекелі өзі мен перзентіне деген илаһи рақым мен мұғжизаға себеп болып, қадірлі бануға ортаның табиғи қиындықтарын жеңетін, сусыз, шөл далада тоухид пен құдайтану үшін орасан негіз қалауға мүмкіндік берді. Бүгінде жер бетіндегі миллиондаған мұсылманның орталығы Қағба Һаджер мен Ысмайылдың есімдерімен байланысты. Қағбаның жанындағы Һаджердің қабірі – илаһи дәргейдің ғашықтары мен пәк жандардың зиярат мекені.

Көп адамдар өз өмірлерінде талпыныс жасағанымен Құдай сағым ойнаған сары далада қалған осы салих банудың еңбегін таңдап, оны қажылық рәсімдеріне енгізді. Бұл жерде Құдай адамның еңбегі мен талпынысы қаншалықты құнды болса, оны соншалықты ұлықтап, тіпті қажылық рәсіміне енгізетінін көретті. Біз еңбек пен талпыныстың қадірін білмегенімізбен, илаһи таңдаулардың сүннеттер мен ережелер және есептеулерге негізделетінін, бірақ біз бұл сүндеттердің азғанасынан басқасын білмейміз. Һаджер ұлылыққа ие, адал, мүмін, сенімді кәнизәк болған. Оны Мысыр патшасы Ыбырайымның зайыбы Сарраға сыйлаған. Әдетте мұндай әйелдің беделі болмайды. Оның еңбегі мен талпынысы да басымдылықтан кенде еді. Алайда Құдай оның еңбегіне басқа сый дайындады. Құдайдың қадірлеу мизаны адамдардан айырмашылыққа ие. Сол себепті Құдай бұл кәнизәкты құрметтеп, оның еңбегін қажылық пен Умраның рәсімдерінің бір бөлігіне енгізді.

Құдай пайғамбарлары мен әулиелеріне осы салих, тақуа банудың жолымен жүріп, Сафа мен Марва тауларының арасынан өтіп, Һаджердің аяғының ізін басуға бұйырды.  Бұл құрметтің барлығы мыңдаған жыл бұрын Құдай сусыз сайда сынақтан өткізген әйелдің беделін көтеру жасалды.  

Мүмін бану талпыныстарында Құдайдың үкіміне риза болып, оны шақырып, одан көмек сұрады. Ешкім оның қиналғанын көрмегенімен Құдай оған куә болып, тілегін орындады. Құдай алих әйелді ұлықтап, халыққа Құдайдың алдында құрметтеу мен артықшылық беру мизандарының өзгеше екенін, илаһи өлшемнің тақуалық пен адалдық, ең құрметті адамның ең тақуа адам екенін үйрету үшін оның еңбегін мәңгілікке бағалады.

Һаджердің келесі ерекшелігіне оның Құдайдың алдындағы мойынсұнушылығы жатады. Ол үйі мен тұрағынан алыстауымен Құдайдың пайғамбарына бағынуымен қатар илаһи талаптардың алдында шынайы түрде да бойсұнды.

Хазірет Ыбырайымға перзенті Ысмайылды құрбандыққа шалу міндеті жүктелгенде шайтан алдымен әке мен баланың қасына барғанымен, олардан күдер үзді. Кейін Һаджерге келіп: «Ыбырайым перзентін құрбандыққа шалмақ» дегенде Һаджер: «Кет! Бос сөз айтпа! Ол баласын жақсы көреді. Оған мейірбан» дегенде шайтан: «Ыбырайым Құдай оған бұйрық берді деп ойлайды» дейді. Һаджер: «Құдай оған бұйрық берсе, оның бұйрығына бағынуы керек» деді.

 

Тегтер