Қыр 30, 2019 20:51 Asia/Almaty

«Зүмәр» сүресінің 71-75 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің 71-72 аяттары:

 

«وَسِیقَ الَّذِینَ کَفَرُوا إِلَى جَهَنَّمَ زُمَرًا حَتَّى إِذَا جَاءُوهَا فُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ یَأْتِکُمْ رُسُلٌ مِّنکُمْ یَتْلُونَ عَلَیْکُمْ آیَاتِ رَبِّکُمْ وَیُنذِرُونَکُمْ لِقَاءَ یَوْمِکُمْ هَـذَا قَالُوا بَلَى وَلَـکِنْ حَقَّتْ کَلِمَةُ الْعَذَابِ عَلَى الْکَافِرِینَ»، «قِیلَ ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِینَ فِیهَا فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَکَبِّرِینَ»

 

 

Қарсы келгендер топ-топ болып тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: “Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?”,- дейді. Олар: “Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды” дейді. (71)

Оларға: “Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есіктерінен кіріңдер” делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман. (72)

 

 

Алдыңғы бағдарламада қиямет күні илаһи соттың әртүрлі куәгерлер мен адамдардың істеріне толы болатынын айттық. Сол кезде әділет пен хақ негізінде әрбір адамның тозақтық па, әлде жұмақтық па екені белгілі болады.

Осы аяттар былай дейді: «Тозақтықтарға үкім жарияланған соң олар топ-топ болып тозаққа жіберіледі». Себебі олар өз еріктерімен тозаққа барғысы келмейді. Құранның анықтамасы бойынша тозаққа жауапты періштелер оларды тозақ есіктеріне дейін итермелеп апарады. Сол кезде тозақтың есіктері ашылады.

Тозақ күзетшілері оларды осы дүниеде таңдаған бұрыс жолдары үшін айыптап: «Пәруәрдігердің аяттарын оқып, бүгінгі күнгі кездесуді ескертетін араларыңнан пайғамбарлар сендерге келмеді ме? Неліктен пайғамбарлардың сөздерін теріске шығарып, олардың ескертулерін ұмыттыңдар? Қияметті теріске шығарып, ұмытсаңдар қалаған істеріңді жасау үшін жол ашылады деп ойладыңдар ма? Қара бастарыңа күн не күн туды?» дейді.

 

Сол кезде тозақтықтардың өздері таңдаған бұрыс жолдарын мойындаудан басқа шаралары қалмайтыны белгілі. Оларды азаптау туралы Алланың мәңгілік бұйрығы шығады.

 

Бұл сұхбат тозақтықтардың жәһәннамға ену қарсаңында аяқталады. Оларға «Жәһәннамның есіктеріне еніп, мәңгілікке сонда қалыңдар» дейді. Тәкәппарлардың орны қандай жаман жер. Тозақтықтардың күпіршілігі мен тура жолдан таюының негізгі себебі олардың хақтың алдындағы кердеңдіктері мен тәкәппарлықтарында. Олар хақтың алдында үнемі тәкәппарлық танытып, өмірлерінің ақырына дейін өздерінің қателіктерінен бас тартпаған. Шәксіз, күпірліктерінде табандап, илаһи аяттарды теріске шығаруы олардың тозақта мәңгілік қалуының себебі.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

Осы дүниеде тәкәппарлық танытып, пайғамбарлардың хақ сөзін теріске шығаратындар қияметте қорлыққа ұшырайды. Соның бір үлгісі – оларды тозақ жаққа итеретін періштелердің қатынасы.

Дәлел аяқталмай тұрып ешкім тозаққа бармайды. Қияметте күнәһар өзінің күнәсі мен хақты естіп, түсінгенін, бірақ оны қабылдағысы келмегенін мойындайды. 

Адамдардың азапқа ұшырауының себебі олардың күпіршіліктерінде. Күпіршіліктің тамыры да хақтың алдындағы тәкәппарлықта.

 

«Зүмәр» сүресінің 73-74 аяттары:

 

«وَسِیقَ الَّذِینَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ إِلَى الْجَنَّةِ زُمَرًا  حَتَّى إِذَا جَاءُوهَا وَفُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا سَلَامٌ عَلَیْکُمْ طِبْتُمْ فَادْخُلُوهَا خَالِدِینَ»، «وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّـهِ الَّذِی صَدَقَنَا وَعْدَهُ وَأَوْرَثَنَا الْأَرْضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ الْجَنَّةِ حَیْثُ نَشَاءُ  فَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِینَ»

 

Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді. (73)

Олар: “Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді жаннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаға барлық мақтау лайық. Жаннаттан қалағанымызша орын аламыз. Амал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы” дейді. (74)

 

 

Қатты қорлықпен тозаққа енетін кәпірлерге қайшы иман мен салих ғамал иелері топ-топ болып үлкен құрметпен жұмаққа енеді. Жұмақтың есіктері олар үшін бұрыннан ашық тұрған. Сол кезде рақым періштелері – жұмақтың күзетшілері оларға сәлем жолдап, жұмаққа қош келгендерін айтып, мәңгілік жұмақты сүйіншілейді.

Жұмақтықтар уәдесін орындап, оларды жұмаққа енгізгені үшін Құдайды мадақтап, алғыс айтады.

 

Айтатын жайт, тәкәппар кәпірлер тозақта мәңгілік қалса, пәк, салих мүміндер де жұмақта мәңгіге қалады. Істері дұрыс адамдар осы дүниеде азғана өмір сүргенімен, сол қысқа ғұмыр егер осы дүниеде мыңдаған жыл өмір сүргенде де олардың Пәруәрдігердің әмірлеріне мойынсұнатындықтарын білдіреді. Бұл қасиет болмыстарында тамырланып, олардың тұрақты да мәңгілік ерекшеліктеріне айналады.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

 

Иманның жалғыз өзі жеткіліксіз. Жұмаққа жету үшін тақуалық, пәктік пен діндарлық та лазым.

Жұмақтықтар пейішке кірер алдында Құдайды мадақтап, алғыс айтады. Себебі қандай нығметке жетпесін шүкіршілік пен алғыс айту керек. Құдай өзінің мейірімімен оларға сыйлаған жұмақ орасан нығмет.

Түзу ғамалсыз жұмаққа бару мүмкін емес. Иман мен тақуалық Құдай жолындағы талпыныс пен еңбек және күреспен қатар келгенде адамды жұмаққа жеткізеді. Амалсыздық пен бір бұрышта отырып, қоғамнан бөліну жеткізбейді.

 

«Зүмәр» сүресінің 75 аяты 

 

 

«وَتَرَى الْمَلَائِکَةَ حَافِّینَ مِنْ حَوْلِ الْعَرْشِ یُسَبِّحُونَ بِحَمْدِ رَبِّهِمْ وَقُضِیَ بَیْنَهُم بِالْحَقِّ وَقِیلَ الْحَمْدُ لِلَّـهِ رَبِّ الْعَالَمِینَ»

(Мұхаммед Ғ.С.) періштелерді ғаршының айналасында Раббыларын дәріптеген түрде көресің. Олардың арасында ақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық делінеді. (75)

 

 

 

«Зүмәр» сүресінің соңы болып табылатын осы аят Алланың елшісіне: «Сол күні құлдарына қатысты илаһи бұйрықтарды орындау үшін Құдайдың ғаршысын айналып жүрген періштелерді көресің.  Сол күні хақ пен әділет негізінде адамдардың арасында төрелік жасалады. Періштелер мен жұмақтықтар Құдайды мадақтап, дәріптейді» дейді.

 

 

 

 

Һәм тозақ күзетшілері періштелер, һәм жұмақ күзетшілері періштелер Құдайдың бұйрықтарын орындауға жауапты. Олар Құдайдың бұйрығынан басқа ештеңе істемейді.

Алланы мадақтау мен пәктеу қатар жүреді. Мадақтау мен дәріптеу жаратылыс әлемінің басқарушысына ғана лайық. Оның ісінде ешқандай кемшілік жоқ.