Қаз 06, 2019 13:25 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер 5

Құран Кәрімнің ғибратқа толы мағыналы хикаялары – шеберліктің көрінісі. Құдай адамдар жақсы түсініп, сабақ алуы үшін түсініктер мен оқиғаларды шебер баяндайды.

Құрани хикаялардан таңдаулы, үздік әйелдерді кездестіреміз. Олардың өте қиын ақиқаттарды түсіну мен әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуде биік дәрежеге жеткендері сондай, тіпті өз замандарындағы ең мықты деген ойшылдардың өздері олардың ұсыныстары мен пікірлерінен еш кемшілік таппаған.  

Сондай банулардың қатарында қазіргі Йемен жерінің бір бөлігі саналатын ертедегі Саба өлкесі патшаларының бірі Шархабилдің қызы Балғисті атау керек. Ол өте үлкен аумақта билік еткен. Бұл банудың билігі аңыз-әпсанаға толы. Ол өзінің қауымымен бір Құдайға иман білдіруден бұрын күнге табынған екен деседі. 

Балғистің хикаясында алысты ойлайтын әйелдің бейнесі сомдалған. Балғис – өзіне ақиқат нұры түскенде халқын соңынан ілестірген бір қоғамның басшысы. Бұл хикая адам қырсықтық пен қыңырлық, теріс ойдан аулақ болған жағдайда ақылы және иман нұрымен өзін ақиқатқа бағындырып, құтыла алады деген шындықты білдіреді.   

Илаһи елшілердің арасында хазірет Дәуіт пен хәзірет Сүлеймен үлкен патшалық пен билікке ие болған пайғамбарлар. «Нәміл» сүресінде хазірет Сүлейменнің хазірет Дәуіттің мұрагері әрі таңқаларлық төтенше жағдай мен ғылымға ие болғаны айтылған.

Ол хазірет жануарлардың, әсіресе құстардың тілін білген. Өзінің ұлан-ғайыр үкіметінде барлық күштерге, тіпті жел сияқты табиғи күштерге де билігі жүрген. Хазірет Сүлеймен – Құдай оған пайғамбарлық пен патшалық билікті қатар сыйлаған пайғамбарлардың бірі. Тіпті жел мен табиғаттың басқа құбылыстары да оған бағынған.

Ол хазірет жан-жануарлар мен құстардың тілін білген. Олар да Сүлеймен патшалығының салтанатынан хабардар болған. Құран хазірет Сүлейменнің өмірінен тыңдауға тұрарлық хикаяларды баяндайды. Соның ішінде Саба патшайымы Балғис пен оның иман келтіру оқиғасының жай-жапсарын атауға болады.

Хазірет Сүлеймен мен қасындағылары Қағбаны зиярат етіп, Шамға қайтып келе жатқанда апшыны қуырған ыстық шөл далаға жетеді.

Сүлеймен бәбісекті шақырып, су іздеп келуге жұмсамақ болғанда оның жоқ екенін байқайды.

«Бәбісек қайда? Егер қайтып келгенде кінәсін ақтайтын дәлел келтірмесе, қатаң жазалаймын», - дейді.

Біраз уақыт өтеді. Бәбісектің кешіккені сондай бірдеңе деуге ешкімнің батылы жетпепті. Ақыры бәбісек оралып, Сүлеймен оны айыптамас бұрын алдын орағытып: «Уа, Құдайдың пайғамбары! Сен одан хабарың жоқ бір мәселенің мән-жайына қанықтым. Сенің ғылымың мен билігің оған жете алмады. Саба өлкесінде Балғис деген бір әйел патшалық етеді. Барлық нығметке бөленген. Үлкен тағы бар. Өзі мен халқының бір Құдайдың орнына күнге табынатынын көрдім. Шайтан істерін көздеріне әдемі көрсетіп, Құдай жолынан бұрған. Қанша айтсаң да тура жолға түспейді», - дейді.

Бұл хабарды естіген Сүлеймен таң-тамаша қалып: «Бұл хабардың дұрыстығын тексеремін. Егер айтқаның шын болса, менің хатымды апарып бер де оның жауабын әкел», - дейді.

Саба патшайымы Балғис өз сарайында сән-салтанатпен тағында отырғанда кенет бір құстың оған хат лақтырғанын көріп таң қалады. Оны ашып, оқыған соң біраз ойланады. Сосын елінің үлкендерін шақырып: «Уа, ақсақалдар! Маған маңызды бір хат келді. Бұл – Сүлейменнен келген хат. Онда былай деп жазылған екен: «Мейірімді де рақымды Құдайдың атымен! Менен өзіңізді артық санамай, маған мойынсұныңыз». Балғистің әскер басылары дабырлап кетеді. Біреулер: «Біз үлкен билік пен байлыққа иеміз. Онымен соғыса аламыз», - дейді.  

Келесі біреулер: «Уа, Балғис! Біз сені өзіміздің басшымыз сайладық. Сенің лайықтығыңа сенеміз. Сен қалай жөн десең, соны істе», - дейді. Балғис қатты ойланады. Ішінен: «Билігім мен әскерімді арқаланбауым керек. Қазір қырсығып, өзім білемге салынатын кез емес. Сүлейменді сынап көрейін», - дейді.

Сөйтіп Балғис өзінің билігі мен серіктеріне алданбай, ақыл таразысына салып, Сүлейменмен достық есігі арқылы еніп, оны сынамаққа шешім қабылдайды. Саба патшайымы Сүлейменнің ісі шынымен илаһи немесе елінің аумағын кеңейткісі келгенде ештеңеден аянып қалмайтын әлемдегі үстемшіл, қырсық патшалардың шақыруы ма екенін білгісі келді.

Осындай шешіммен әртүрлі елдер мен шаһтар жайлы ащы естеліктерге қатысты өз тәжірибесін айтып: «Патшалар гүлденген аймаққа енген кезде бейбастақтық пен бүлдіргі әрекеттерге барады. Сол жердің құрметтілерін қорлайды” деді. (34) “Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін.” (35) (Нәміл сүресі).

Илаһи әмбиелер адамдарды құтқару үшін таңдалған. Олар үшін дүнияуи байлықтың құны жоқ. Дүние оларды ешқашан алдандыра алмайды.

Көп уақыт өтпей Балғистің елшілері көп сыйлықпен Сүлейменге келеді. Сүлеймен оларды қабылдап: «(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: “Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар” деді. (36)

“Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады.” (37) (Нәміл сүресі).

Балғис оның көп сыйлығын қабылдамағанын естігенде жымиып, көзін алысқа қадайды. Елшілер таңданып: «Патшайым неліктен риза екеніңізді білсек бола ма?» - деп сұрайды. Сол кезде Балғис: «Сүлейменнің дұрыс адам екенін түсіндім. Қазір ол жаққа асығып, жаңа діні туралы сұрайық», - дейді.

Бәбісек Сүлейменге Балғистің келе жатқанын  хабарлайды. Сүлеймен қасындағыларға: «Балғистің зерек, ақылды әйел екенін байқадым. Оған өзімнің Құдай берген ғажайыптарым мен әлеуетімді көрсетіп, пайғамбарлық ісімдегі риясыздығыма сендіруім керек. Ол келмес бұрын оның билігінің салтанатының белгісі үлкен тағын қасыма қайсың әкеле аласың?» - деп сұрайды. Кітап іліміне ие болған Асаф Ибн Бархайа: «Мен оны көзді ашып-жұмғанша қасыңа жеткіземін» дейді.  

Сүлеймен тақты жанынан көрген кезде Құдайдың алдында тағзым етіп: «Бұл – шүкіршіл болам ба, әлде нығметтерге күпіршілік білдіремін бе, соны сынағысы келген Пәруәрдігерімнің сыйы. Адам алғыс айтса, өзінің пайдасына айтады» дейді. Соңсоң Сүлеймен Балғистің тағын өзгертуге бұйырып: «Көрейін, ол байқай ма, әлде жетекшілікке көнбейтін адам ба екен?» - дейді.

Балғис қасындағы адамдарымен келіп жеткен кезде Сүлейменнің сән-салтанына қайран қалады. Сүлеймен Балғистен: «Сенің тағың осындай ма еді?» - деп сұрайды. Әлі айран-асыр күйде тұрған Балғис: «Сол сияқты», - дейді. Сүлеймен Балғисті хрусталь сарайға ертіп апарады. Балғис ішке енер кезде судан өту үшін етегін жинайды. Сүлеймен: «Бұл су емес, әйнектен жасалған саф сарай», - дейді. Сол кезде Балғис ғапылдық перделерін түріп, Құдайдың ұлылылығын түсініп: «Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы Аллаға бойсұндым.”, - деді. (44) (Нәміл сүресі).

Осылайша Балғис алысты болжап, ақылға салып, күпірліктің перделерін түріп, болмысына оралып, бойындағы кісілігімен материалды көріністерден иман мен жетекшілікті артық санап, тәкәппарлықты қойып, илаһи көріністерді байқап, хақпен бетпе-бет келгенде ең көркем сөздерді айтады.

Жетекшілік жолы анықталған кездері әйелдер оны түсініп, илаһи бұйрықтарға мойнсұнуда алдыңғы шептен көрініп, шынайы құзырға ие болды. Бұл жағдайды Ыбырайым, Мұса, Иса мен исламның ардақты пайғамбарының өмірлерінен көруге болады.

Соңғы ғасырда да әйелдердің зұлымдықты жойып, хаққа негізделген илаһи жүйе құру жолында жасаған талпыныстары баршаның мадағына себеп болды. Сол себепті Құран Кәрім әйел арқылы қасиетті адамның бейнесін суреттейді.

Пәни дүниенің алдамшы, сыртқы көріністеріне айналмай, өздерінің адамзат ұрпағын тәрбиелеудегі маңызды жауапкершіліктерін түсініп, үстірт ойлаудан бойды аулақ салып, даму туралы ойлау – бар әйелдің міндеті.

 

 

Тегтер