Қаз 08, 2019 10:13 Asia/Almaty
  • Иранның туристік тартымдылықтары (1)

"Иранның туристік тартымдылықтары" атты деректі бағдарламада осы елдің көрнекті жерлері мен қалаларын таныстыруға талпыныс жасаймыз. Әрбір бөлімде Иран қалаларының біріне сапар шегіп, көрікті жерлері жайлы сөз қозғаймыз.


Ардақты ағайын, "Иранның туристік тартымдылықтары" атты бағдарламаны Керманшаһ облысы мен қаласынан бастаймыз.

2017 жылдың қараша айында Керманшаһ облысында жойқын жер сілкінісі болып, осы облыстың кейбір қалалары қатты зардап шекті. Бірақ облыстың Иранның ең әдемі аймақтарының бірі екенін, ал Керманшаһ қаласының елдің ең әдемі тарихи қалаларының бірі екенін білетін боларсыздар. Керманшаһта табиғи және тарихи тартымдылықтардың көптігі соншалықты, әрбір адам Иранның батысына бару үшін әйтеуір бір сылтау табады. "Керманшаһ" атауын естігенде естеріңізге не түседі? Күріш нан «нун беренджи», Тақ-е Бустан мен Беһистун Керманшаһ алғашқыда көп адамдардың есіне Бехистун жазбаларын түсіреді. Ол "Фархад тарраш" «Тау қопарғыш Фархад» деген атпен танымал әлемдегі ең ірі тас жазба болып табылады. Тура алдында тұрғанда оның салтанаты адамды таңдандырады.

 

 

Беһистун жазбасы

Керманшаһтағы әлемдік мұра тізіміне тіркелген жалғыз ескерткіш "Беһистунның" ауласында бедерлі суреттер мен нақыштар көп. Беһистун тауындағы тас тақташаларда Дариуш Һахаманашидің бұйрығымен аккад, элам мен ежелгі парсы тілдеріндегі мық жазуымен жазылып, онда Дариуштың өз заманындағы аймақ халықтарына қатысты айбыны мен салтанаты көрсетілген. 

 

 

 

"Геракл" мүсінін де естен шығармау керек. Бұл да осы аудан таңғажайыптарының бірі. Жақсы жасалған мүсін асқан жайлылық және сенімділікпен бір тостағанды қолына алып, жантайып жатыр. 

 

 

Геракл мүсіні

Беһестун тауы біз үшін тас қашаушы Фархадтың армян ханшайымы Шырынға деген махаббатын еске салады. Беһестунға барар жолдағы демалып  жатқан әйелге ұқсайды. Бұл тауға ерекше салтанат сыйлады. Аймақ тұрғандары арасында бұл таулар "Ұйқыдағы Шырын" деген атпен танымал.  

Осы ауданның келесі тартымдылығы – Беһестун тауына қарама-қарсы орналасқан "Аббасие" керуен сарайы. Бұл ғимарат төрт террасалы жобада салынған. Керуен сарайдың жөнделіп, "Беһестун лаласы" атты көңілге қуаныш сыйлайтын сауық орнына айналғанына бірнеше жыл болды.  

Беһестуннан бірнеше шақырым жердегі Керманшаһқа кірген кезде алғаш көретініміз – "Тағ-е Бустан" атты тарихи-туристік кешен. Тағ-е Бустан – тас жазбалар мен тас мүсіндерден тұратын теңдессіз кешен. Тастарда аңшылық, чанг тарту, Сасани патшаларының тәж кию рәсімі бедерленген. Тағ-е Бустан бірінен-бірі кіші екі доғалы жартылай күмбезден тұрады. Таудан аққан бұлақ екі жартылай күмбездің алдында кішкене көлшік қалыптастырды. Айнала өскен қалың ағаш ауланы демалыс орнына айналдырды. Ол өз заманында Хосроу Парвиздің аң аулайтын жері болған.

 

 

Тағ-е Бустан

Сол жерге қадам басқан кезде "дәнде" кәуап" - қабырға кәуәптың иісі мұрныңызға келеді. Керманшаһтың танымал кәуапханалары әрдайым қонақ күтуге дайын.  Еңістеу таудағы "Куһестан" паркі Тағ-е Бустанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл да осы аймақтың демалыс орындарының бірі.

 

 

Керманшаһта Қажарлар мен Паһлави дәуірлеріне тиесілі басқа да көрнекті жерлер бар. Солардың бірі – Ирандағы ең әдемі әрі көрнекті мешіт. Ол шафеилерге тиесілі.   

Керманшаһтағы шафеилер мешіті

Түркия мешіттері стилімен салынған шафеилер мешіті өзінің биік мұнараларымен қаланы көріктендіріп тұр. Сүнниттер намаз оқитын бұл әдемі мешіт бір жағынан Керманшаһ базарымен жалғасып жатыр.

 

Керманшаһ базарының 150 жылдан астам тарихы бар. Әртүрлі керуен сарайлар, тимчелер, мешіттер, зурханалар мен көптеген моншалардың болуы оның өткеннен бүгінге дейінгі тарихының көрсеткіші болып табылады. Әрі Керманшаһ халқының тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Өз заманында Таяу Шығыстағы ең ірі жабық базарлардың бірі болған Керманшаһ базары өндірістік, қоғамдық және мәдени жұмыстардың тиімді қосындысын түзген. Онда әртүрлі тауарларға арналған қатарлар бар. Солардың ішінде зергерлер базарын, Тарике базар мен исламдық базар және Тупхане базарын атауға болады.  

 

 
Керманшаһ базары

Бұл жабық базарда дәстүрлі және заманауи сәулет өнерінің бәсекелесе дамуы кез келген туристің көзіне бірден түседі. Әлі де бұл базардан дәстүрлі кәсіптерді, соның ішінде киіз басу мен текемет тоқу ісін көруге болады. Ол жерден Керманшаһқа тиесілі әртүрлі маталар, киімдер мен қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады. Бұл базар – бір жағынан осы қаланың сәлем-сауқаты, соның ішінде «беренджи наны», «как наны», «құрма наны» және тағы басқа түрлі жергілікті тәтті-дәмділерді сатып алатын орталық. Тықыр кілем мен джаджим, жергілікті аяқ киім (гиве мен галош) және түрлі күрд киімдерін осы базардан көруге болады. 

 

Міндетті түрде көруге тиіс орын – Муавен ул-Малаке текиесі. Оның басты тартымдылығы – нақышталған қыш тақташалары. Ол Қаджар дәуірінен қалған ең әдемі ғимараттардың бірі саналады. 1282 жылы салынған текие алғашқы кезде діни рәсімдер өткізу және көшпенді тайпалар арасындағы қайшылықтарды шешу үшін пайдаланылған. Кейіннен машрутият жиындарын өткізетін жерге айналды. Бұл ғимараттағы 100 пайыз табиғи бояумен салынған бедерлі және жартылай бедерлі қыш тақташалар теңдессіз.  Тақташалардың үстіндегі суреттерде пайғамбардың соғыстары, хазірет Әлидің күрестері, Кербала оқиғалары, Иранның көне патшалары, соның ішінде Һахамани патшалары мен Тахт-е Джамшид бедерленген. Бұл текиеде қазір киім-кешек пен этнографиялық мұражай орналасқан.   

 

Муавен ул-Малаке текиесі 

 

Керманшаһтағы келесі текие – Қаджарлар заманына тиесілі Беклербегі текиесі. Ондағы айна сынықтарынан жасалған өрнектер теңдессіз суреттерді көз алдымызға әкеледі.  Ортасында хауызы бар жайлы ауланың батысында айна сынықтарымен көмкерілген үлкен зал бар. Ол "хосейние" деген атпен танымал. Көптеген жазбалары және өрнектері бар бұл зал Мұзаффареддин сұлтанның заманына тиесілі. Бұл текиедегі Каллиграфия және кітап жазу мұражайы – көруге тұрарлық жерлердің бірі. 

 

Беглербегі текиесіндегі айна сынықтарымен көмкерілген бөлме 

 Керманшаһқа келіп, сүйрік-нилуфар көлшігін көрмей кетуге болмайды. Нилуфар көлшігі – Керманшаһтың әдемі тоғандарының бірі. Ол көгілдір сүйріктерге толы. Жазда сүйріктің жапырақтары мен түйнектері су бетіне шығып, көлдің көп бөлігін жауып қалады. Жергілікті тұрғындар көлшіктің кейбір бөліктерінің тереңдігі 32 метрге жетеді деседі. "Нилуфар" әдемі көлшігінде оны сумен қамтамасыз ететін бірнеше бұлақ бар. Бұл көлшік суының тазалығы соншалықты, су астындағы сүйрік гүлінің сабақтары көрініп тұрады. Жел соғып, су толқынданғанда гүлдер билеп, адамдардың жанына тыныштық сыйлайды.

Нилуфар Иранның мәдениетінде қасиетті саналатындықтан басқа гүлдердің арасында ерекше орынға ие.  Нилуфар – бейбітшілік пен  жайлылықтың символы. Ол жоғары дәрежелі адамдарға кіру үшін берілетін патшалық сыйлық. Оның ең әдемі топтамасын Керманшаһтың осы Нилуфар көлшігінен көруге болады.

Керманшаһтағы Нилуфар көлшігінің суреттері

Керманшаһқа тек әдемі көлшіктері, Тағ-е Бустан мен Беһестун үшін ғана немесе текиелер, дәстүрлі базарлар, түрлі түсті киімдер мен әйгілі тәттілері үшін ғана емес, мейірбан, сабырлы да қонақжай халқы үшін де бару керек. Олар «баастық» дұшпанмен 8 жылдық соғыста Отан қорғау жолында жанпидалық пен табандылықтың асқан үлгісін көрсетті. Оның әсері әлі күнге дейін олардың жаны мен тәнінде сақталған. Олар келешекке зор үмітпен алға қадам басып, өз қаласы мен облысын дамытып, көркейтуге күш салып жатыр.