Қаз 28, 2019 20:00 Asia/Almaty

Әділет талап ету мен джиһадтық рух – қарсыласу экономикасының ерекшелігі.

 

 

Әр мемлекет мәдени, саяси және экономикалық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың жергілікті үлгісіне ие. Иранның жергілікті даму үлгісі бетпе-бет келіп отырған жағдайына байланысты қарсыласу экономикасы болып табылады. Бұл үлгі бойынша, мемлекет ішкі әлеуетіне сүйену және  қоқан-лоққылар мен санкциялармен қарсыласу бағдарламаларын, тіпті қысымдарға қарамастан экономикасы дамитындай жоспарлауы керек. Экономиканың жергіліктігі, экономикалық белсенділік, өндірісті арттыру мен іргелі ғылымға негізделген компаниялар – қарсыласу экономиканың ерекшеліктері.

 

 

Қарсыласу экономикасы – әділетке негізделген экономика. Бұл экономика ұлттық даму және ұлттық ішкі өніммен шектелмейді. Оның мақсаты – ұлттық өндірісті арттыру, ұлттық кірісті әділет негізінде тарату. Экономикалық әділетті қамтамасыз ету – Исламның экономикалық мектебінің жоғары мақсаттарының бірі. Исламда әділеттің маңыздылығы сондай Құран Кәрім оны пайғамбарлардың беғсатының мақсаттарының бірі деп атады. «Хадид» сүресінің 25-ші аятында Жаратушы: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік...»,- деді.

Аятолла Хаменеи әділетпен қамтамасыз етуді қарсыласу экономикасына жету қажеттіліктерінің бірі санайды. Хазіретт қарсыласу экономикасының ерекшеліктерін атап, капиталистік жүйе басқаратын елдерге назар аудартады. Бұл елдерде ұлттық ішкі өнім деңгейі жоғары болғанымен, аш адамдардың саны жоғары. Ислам революциясының жетекшісі: «Қоғамдағы экономикалық әділет пен әлеуметтік әділет – қарсыласу экономикасының маңызды факторлары»,- деп қуаттады. Айта кететін жайт, қарсыласу экономикасындағы әділетке көңіл бөлу экономика ғылымдарында ғылыми факторға назар аударылмайтынын білдірмейді. Қарсыласу экономикасының мақсаты – бүкіл факторларды әділетке негіздеу. Өйткені экономиканың бұл түрінде ұлттық байлықтың артуы экономикалық дамудың пайдасын бүкіл халықтың көруіне себеп болады.  

Өндіріс саласында қарсыласу экономикасының әділетіне жету бүкіл экономикалық белсенділерге ұлттық байлықты өндіріс үшін әділ пайдалануға мүмкіндік береді. Кірістер саласындағы әділет халық оны әділ пайдаланған кезде орнатылады. Исламдық тағылымдарға сүйенген әділет бойынша,  байлық пен кіріс  еңбек пен қажеттілік сынды екі факторға байланысты таратылады.

 

 

Қазіргі әлемдік қауымдастықта экономикалық алпауыттардың саяси және мәдени шабуылдарына бағынғысы келмейтін мемлекет өндірісті нығайту бағдарламалары арқылы экономикалық негіздерін күшейтуі қажет. Қысым жасалатын салалар анықталып, оларды әсерсіз ету бағытында талпыныс жасалуы қажет. Қарсыласу экономикасы – кедергілерге қарсы тұрып, қысымдарды мұрсаттарға айналдыруға талпыну.  Қарсыласу экономикасын іске асыру үшін жиһадтық рухқа ие болу маңызды. Аятолла Хаменеи қарсыласу экономикасындағы жиһадтық рухтың маңыздылығы жөнінде: «Егер экономикалық серпіліске ие болғымыз келсе, жиһадтық рухқа ие болуымыз керек. Біздің халқымыз революцияның басынан осы кезге дейін жиһадтық рухымен енген әр салада ілгеріледі. Біз мұны қасиетті қорғаныс кезінде, елді қайта көркейткен кезде де көрдік. Егер жұмыс шынайы Алла үшін орындалса, қозғалыс ілгерілейді»,- деді. 

 

MAPNA – Ирандағы ірі өндірістердің бірі. MAPNA Германияның Siemens, Францияның Alstom және АҚШ компаниялары сияқты әлемге әйгілі компаниялармен бәсекелесетін және халықаралық тендерлерді жеңіп алатын әлемнің  электр станция құрылысымең айналысатын ірі 10 компаниялардың бірі. MAPNA Group халықаралық өндірістік, өнеркәсіптік және сауда компаниясы ретінде өзінің еншілес компаниясымен бірге жылу электр станцияларын (бу, газ және аралас цикл) жобалап, салады. Сонымен бірге мұнай, газ және теміржол көлігі саласындағы жобаларды жүзеге асырады. Бұл салалардағы жеке инвестициялар Иранның және аймақтық нарықтардағы келісімшарттың (EPC) және жеке инвестициялардың (IPP) рөлін атқарады. MAPNA Group тобын 1993 жылдың тамыз айында ИИР-ның  Энергетика министрлігі   құрды. MAPNA компаниясы құрылмай тұрып Иранның жылу электр станциясының барлық жобасын шетелдік компаниялар жүзеге асырған. Бірақ бұл компания құрылған соң электр станцияларын салуға қажет жобалардың қомақты бөлімін өзі іске асыратын болды. Бас директорының пікірінше компания жергілікті мамандардың көмегімен  энергетика өндірісі саласында өзін-өзі толық қамтамасыз етуге   қол жеткізіп, барлық  электр станцияларын жобалау, салу, орнату және пайдалану қабілетін иеленді. Халықаралық деңгейде танымал Siemens, Doncaster, Zuria, Doosan, ABB сынды компаниялармен 20-дан астам келісімі MAPNA Group компанияның халықарлық байланыстарын көрсетеді.

 

MAPNA газ турбиналарын жасайды

Өнеркәсіп, азық-түлік, инженерлік қызмет және басқа салаларда Иран мен ирандықтардың атын шығарған жетістіктер 1979 жылы құрылған жастардың жиһадтық рухына сүйенген елді көркейту ұйымына борыштар. Бұл ұйым 1358 жылы Ислам революциясы жеңісінің бірінші жылы кедейшілікпен күрес, ауылды дамытып, инфрақұрылымдар салу және тәуелсіздік пен өзін өзі қамтамасыз етуге жету мақсаттармен имам Хомейни арқылы құрылған болатын. Имам Хомейнидің бұйрығымен басталған қозғалыс 17 саладағы маман тәрбиелейтін қозғалыс ретінде танымал болды.

 

Қасиетті қорғаныс кезіндегі жиһадшылардың белсенділігі

Құрылыс жиһады ұйымының жиһадтық жұмысы ауылдардан басталды. Жол салу, суды босқа кетірмеу үшін құбырлар қазу, ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қойма салу, мал мен құсты вакцинациялау, малды  дезинфекциялау үшін моншалар мен тоғандар салу, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы жаңа технология мен техниканы қолдануға үйрету және бағыттау революциядан кейінгі басты жұмыстар болды. Бұл әрекеттер қорғаныс соғысы кезінде де жалғасып, аталмыш ұйымның мүшелері елді қорғау міндетін атқаруға аттанды. Еңбек жиһадшылары Иранның оңтүстігі мен Маджнун аралының арасындағы 14 км "Хейбар" көпірін жобалап, салды. Тіпті бір тірегі жоқ бұл көпір инженерлік ерекше жоба болды. Оның құрылысын 24 жастағы жігіт басқарды. Дұшпан көпірді бомбалаған сайын қысқа уақытта оның зардап шеккен бөлімі қайта жөнделді.  

 

 

 

Тегтер