Имам Хомейнидің мектебінде 8
Азаттық та әділет сынды әлемдегі барлық күрескердің армандарының бірі. Сондықтан азаттық әлемнің саяси әдебиетінде өте жоғары бағаланады.
Әр мектеп азаттық туралы басқалардан өзгеше өз сараптамасын ұсынады. Бірақ барлық интеллектуалды және саяси мектептер арасында либерализм азаттықтың маңызды жақтаушысы болды деп даусыз айтуға болады. Дегенмен философтардың азаттық пен оның шектеулері туралы ой-пікірі әртүрлі. Либерализм мектебі ойшылдарының бірі азаттықты оң және теріс деп екі түрге бөледі. Азаттықтың бұл екі түрін түсіндіріп, теріс түрін мемлекеттің адамның жеке өміріне араласпауы, оң жағын азаматтардың қатысуы мен іс-әрекеті үшін мүмкіндік жасауына назар аудартты. Имам Хомейни көзқарастарының негізі болып табылатын ислам мектебінде еркіндік ислам діні аясы мен монотеистік жүйенің негіздері бойынша түсіндіріледі. Имамның пікірінде азаттықтың басқа аспектілері, мәселен пікір білдіру бостандығы мен саяси және әлеуметтік бостандықтар діни тұрғыдан ескерілді.
Имам Хомейни азаттықты қабылдап, қолдауымен бірге оны адамның жеке және қоғамдық салалардағы табиғи құқықтарының бірі деп атады. Азаттық – бір адам басқа адамға сыйлайтын құқықтық фактор емес, азаттық адамның болмысында қалыптасқан табиғи құқықтарының бірі. Бірақ әр қоғам өз негіздерін қорғап, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз шарттары мен шектеулерін белгілей алады. Имам Хомейнидің пікірі бойынша азаттық адамның болмысында. Сондықтан адам азаттықты талап етеді. Халықтың билікке, сайлау мен бақылауға қатысуын қуаттауы – имам Хомейнидің сөздеріндегі азаттықтың көрінісі. Хазірет жеке, әлеуметтік және саяси бостандықтар, ойлау, наным-сенім және сөз бостандығы, партиялар мен қоғамдастықтар құру мен шешім қабылдауға қатысуды ресми қабылдауымен бірге мүдделерге зиян келтірмеуді, қастандық жасамауды, сыбайлас жемқорлықтың болмауын, сондай-ақ, ахлақ, ақыл мен ұятты сақтауды азаттықтың шегі ретінде сипаттады. Имамның айтуынша, Ислам – жеке адамның табиғаты. Бұл дін қоғамның мүддесіне зиян келтіретін азаттықтарды қабылдамайды.
Имам Хомейни үшін Ислам адамның бостандығына кепілдік беретін мектеп: «Бізге бостандықты, сау және дұрыс бостандықты Ислам береді». (58/3/8). Ол шаһтың үстем режимінің ирандықтарға азаттық сыйлау туралы өтірік уәждеріне реакция білдіріп: «Азаттық сыйладық? Азаттық сыйланатын нәрсе ме? Бұл сөздің өзі харам. Азаттық сыйладық деу харам. Азаттық халыққа тиесілі. Заң азаттық берді, Алла халыққа азаттық берді, Ислам азаттық берді, Конституция азаттық берді. Сондықтан «халыққа азаттық сыйладық » деген не? Азаттық сыйлайтын сен кімсің?» (57/3/10). Имам Хомейни исламдық үкіметтің ерекшелігін азаттықпен қамтамасыз ету және үкіметтен қорықпау деп атап: «Исламда қысым жоқ. Исламда барлық тап, бүкіл ерлер мен әйелдер, қара және ақ нәсілділер, яғни барша үшін азаттық қарастырылды. Халық үкіметтен емес, өзінен қорқуы керек. Әділ үкімет қылмыстардың алдын алып, жазалайды. Біз қылмыс жасаудан қорқуымыз керек, өйткені исламдық үкімет халыққа зорлық-зомбылық көрсетпейді»,- деді. (58/1/12).
Наным-сенім, ой-пікір және сөз бостандығы еркіндіктің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Исламдық революция орын алған жылдары көптеген сарапшылардың ойларында «ислам мемлекетінің құрылуымен наным-сенім, ой-пікір және сөз бостандығы бола ма?» деген сұрақ туды. Ислам революциясының жеңіске жетуінен үш ай бұрын имам Хомейни Нофль-ле-Шатода ислам үкіметіндегі марксистердің ой-пікірі мен сөз бостандығы туралы сұраққа: «Ислам үкіметінде барлық адам ой-пікір бостандығына ие болады»,- деді. Ол кісі сондай-ақ ислам үкіметіндегі мұсылман еместердің жағдайына байланысты сұраққа: «Исламда демократиялық негіздер қалыпастқан, сондықтан қастықтары болмаса, адамдар өз пікірлері мен іс-әрекеттерін еркін білдіруге құқылы»,- деп жауап берді. Ол сондай-ақ сөз бен баспасөз бостандығы туралы: «Халыққа зиян келтірмесе барлық ақпарат құралдары азат»,- деді. (57/10/20). Имам Хомейни азаттықты илаһи аманат, әрі оны халық пен Исламның мүдделеріне пайдалануға міндетті деп: «Қазір барлығымыз азатпыз және сынақтан өтіп жатырмы. Алла бізді сынақтан өткізеді. Егер біз азаттықты халықтың, Исламның мүддесі және елге қызмет ету үшін пайдалансақ, емтиханнан дұрыс өтеміз»,- деді. (58/3/11).
Саяси және азаматтық партиялар мен ұйымдардың құрылуы бостандықтың келесі бір маңызды аспекті болып табылады. Демократиялық қоғамдарда қоғамның барлық бөлігі саяси партиялар немесе азаматтық, сауда және кәсіби институттар құруға еркін, ал үкімет олардың қалыптасу жолында ешқандай кедергі жасамайды. Имам Хомейни бұл тақырыпты қабылдап, ислам үкіметі демократиялық қағидаларға сәйкес келеді, сондықтан саяси партиялардың құрылып, еркін белсенділік етуіне кедергі болмайды деп: «Халықтың мүдделерін қауіп-қатерге тіремесе, партиялар мен топтар азат. Ислам шек пен шекараны белгіледі»,- деп ескертті. (57/8/11). Имам шетелдік алпауыт елдерге тәуелді болмауды саяси партиялар мен топтардың белсенділігінің маңызды факторларының бірі деп атап, солшыл саяси партиялардың ислам үкіметі негіздері бойынша, ешбір шетелдік құдыретке сүйенбей жұмыс жасауы жөнінде сұрақ қойған журналистке: «Ислам республикасында әрбір адам наным-сенім мен сөз бостандығына ие. Бірақ шетелдік мемлекеттердің қарамағындағы ешбір адам немесе ешбір топқа қиянат жасауға рұқсат етпейміз»,- деп баса айтты. (57/8/29).
Имам Хомейнидің әсіресе билік басында болған кезіндегі ең маңызды мәселелерінің бірі Ислам республикасындағы бостандықтың шегі мен шекарасын анықтауы болды. Ол кісі қоғамның құндылықтарын сақтап, қастандықтан тартынуды баспасөз бен саяси партиялар азаттығының шарты санап, кейбір саяси топтар азаттықтарды өз мүдделері үшін пайдаланғысы келген Ислам республикасы жүйесі орнатылуының бірнеше айлық тәжірибесіне тоқталып: «Біз оларға бостандық бердік. Осы бірнеше айда шамамен 200 партия мен саяси топ құрылып, көптеген журнал мен газет жарық көрді. Ешкім олардың алдын алған емес, бірақ олар құндылықтарға тіл тигізді. Олардың бүлікшілер екені және ел мен Исламға қарсы екені анықталмай, оларға ешкім тиген емес. Енді қастықтары белгілі болған кезде оларға ойларындағыны іске асыруға рұқсат бермейміз»,- деді. (58/6/2). Имам қоғамның, ерлер мен әйелдердің абыройын төкпеуді азаттықты келесі шарты деп атап: «Біз толық азат жүйені қолдаймыз. Келешек жүйе қоғамның мүдделерін ойлап, ирандық қоғам үшін пайдалы болуы керек»,- деді. (57/7/22). Сондай-ақ келесі бір сөзінде: «Ислам жүйесінде азаттықтар шынайы әрі кемел болады. Бірақ халықтың мүдделеріне қайшы және жеке адамның болмысына зиян келтіретін бостандыққа жол берілмейді»,- деді. (57/10/27).
Имам Хомейни сыбайлас жемқорлықты бостандыққа кедергілердің бірі және исламға негізделген бостандық жемқорлықтың таралуына жол бермейді деп санады. Ол: «Бостандық заңмен шектеледі. Ислам сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, жемқорлыққа жол бермеген барлық бостандықты берді»,- деді. (54/4/7). Басқа бір сөзінде сыбайлас жемқорлықты қастыққа теңеп, бостандықты шектейтін фактор деп атап: «Біз толық бостандық бергіміз келеді, оны береміз және бердік, бірақ қастық пен жемқорлық үшін емес»,- деп қуаттады. (58/2/20). Имам халық пен ұлттық мүдделерге зиян келтірмеуді бостандықтың шарты деп атап: «Әр адамға Иран халқына зиян келтірмейтіндей бостандық береміз»,- деді. (57/10/25).