Қыр 17, 2023 14:40 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни мектебінде (60)

Имам Хомейни заң мен кеңселік ережелерді жай ғана әдет-ғұрып пен келісім шарты деп есептемей, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау парыз шариғат ісі деп есептеді.

Имам Хомейни заң мен кеңселік ережелерді жай ғана әдет-ғұрып пен келісім шарты деп есептемей, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау парыз шариғат ісі деп есептеді. Ол саяси қайшылықтар тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кедергі болмауы керек деп есептеді, сондықтан олар өз жақтастарына үкіметтің қысымы салдарынан қоғамның тәртібі мен қауіпсіздігіне бағытталған ережелерді ешқашан бұзбауға баса назар аударды. Имам сондай-ақ қоғам істері заңды және ресми арналар арқылы жүргізіліп, жүзеге асырылуы керектігін үнемі атап өтті.  

Ирандағы Ислам революциясымен авторитарлық саяси жүйе күйреп, біртіндеп халықтың пікіріне негізделген жаңа жүйе қалыптасты. Әрине, саяси жүйенің күйреуі және конституцияның және қолданыстағы көптеген заңдар мен ережелердің күшін жоюға байланысты ел ісінде бір түрлі тәртіпсіздік пен шатасушылық туындайды. Елді жаңа тәртіп пен жаңа заңдар мен ережелер басқарған кезде де, біраз уақытқа дейін  әртүрлі мемлекеттік органдар арасында әкімшілік және ұйымдастырушылық келіспеушілік байқалады.  Бұл жағдайда көптеген революциялық көшбасшылар революцияның жеңісінің нәтижесінде ие болған билікті шамадан тыс әрекет еркіндігін алу және құқықтық ережелерді елемеу үшін пайдалануға азғырылады.  

Дәл осы азғырулар жаңа авторитарлық жүйенің қалыптасуына негіз береді. Мұндай жағдайда революциялық көшбасшылар әдептілікке жүгінуі керек. Және мұндай азғырулардан аулақ бола отырып, олар басқаларды, әсіресе билік басындағы революциялық элиталарды елдегі тәртіпке бағынуға және әкімшілік-ұйымдастырушылық тәртіпті сақтауға мәжбүрлеуі керек, осылайша жаңа үсиемшілдіктін пайда болуына жол жабылады. Имам Хомейни саяси көрегендігінің арқасында өте жоғары харизмаға ие болғанымен, басқа басшыларға үлгі болу үшін өзін осы ауытқулардың ластануынан қорғаған санаулы революциялық жетекшілердің бірі болды. Саяси күйзелістің шарықтау шегінде және революция жеңісінен кейінгі дау-дамайлардың ортасында, сондай-ақ таңылған соғыс оқиғаларынан кейін ол әрқашан өзіне және басқаларға ережелерді сақтауды бұйырды. Имам Хомейни билік пирамидасының басында болғанымен, тіпті заңды түрде кейбір мәселелерге араласа алатын және рұқсат етілген. туралы имам Хомейнидің жетекшілігі кезінде Иранның сол кездегі премьер-министрі былай деп жазды: "Ол әрқашан мекемелердің міндеттеріне араласудан аулақ болды және бұл әдіс мемлекеттік институттарды жетілдірді және өсірді. Имам істердегі тәртіпке қатты сенетін. Ал оның кеңсесіне сілтемелер үнемі тиісті және жауапты мекемелер арқылы жолданатын". Оның кеңсесі мемлекеттік органдардың міндеттеріне араласып кеткенін көрмедім. Тіпті бір жағдайдан басқа имамның бір адамды қызметке тағайындауға араласқаны немесе жұмыстан босатқаны есімде жоқ".

Имам Хомейнидің жетекшілігі кезінде Иран Ислам Республикасының мемлекеттік қызметтерінде болған көптеген шенеуніктердің айтуынша, имам Хомейни басшылығының маңызды ерекшеліктерінің бірі басқа мекемелерге қатысты мәселелерге араласпау, сондай-ақ жеке және ұйымдық өсу үшін негіз қалау: «Имамның басқаруындағы ең басты мәселе – шешім қабылдау саласының кеңеюі және бекітілген институттар бойынша басқа адамдардың атқаруы тиіс істерге араласпауы болды. Осы әдіс пен имамның мінезінің арқасында ұйым мен жүйеде кемелдік таптық. Имам билік беріп, маңызды емес істерге араласпау және мұқият бақылау арқылы жасақтарды дамытып, жетілдіретін еді». Елдің ерекше жағдайын ескере отырып, шенеуніктер арасында басқару мәселесінде біраз дау-дамайлар туындағанда, бұл мәселелерге тікелей араласудың орнына, осы лауазымды адамдар арасындағы дауды шешу үшін кеңес таңдау арқылы мәселені шешуге тырысты. Мәселен, оның басшылығы кезінде президент пен премьер-министрдің арасында министрлер кабинетін құру мәселесінде келіспеушіліктер туындап, мәселені шешу үшін имамға берілген. Имам мәселеге тікелей араласудың орнына, шешім қабылдауды кеңеске қалдырды. Осы орайда сол кездегі Үкімет басшысы: «Министрлер кабинетін жасақтау және парламентке министрлерді енгізуге қатысты мәселе туындап, мәселені қалыпты жолмен шешу мүмкін болмаған кезде, олар мәселені шешуді кеңеске тапсырды. Қалай болғанда да, жалпы айтқанда, имам шенеуніктердің тәуелсіздігі мен олардың конституция аясындағы әрекеттеріне баса назар аударғанын айтуым керек» («Ислам республикасы» газеті 3/13/69).

Имам стратегиялық және маңызды істерден басқа, өз қызметіне қатысы жоқ, істерге араласпады, тіпті кейбір шенеуніктердің даулы мәселелерге араласу туралы өтінішіне жауап ретінде бір-бірімен сөйлесіп, түсіністікпен қарауға кеңес берді. Революциядан кейінгі алғашқы жылдардағы премьер-министр Шәһид Раджаи Иранның сол кездегі президенті Абулхасан Бани Садрмен келіспейтіндігі туралы былай деді: «Кейбір министрлерді тағайындау туралы келіспеушілік туындаған жағдайда, біздің бауырларымыз Мусави Ардабили мен Махдави Кани имамға   барып және таңдаған министрлер туралы хабардар етті. Имам: "Мен араласпаймын, бірге отырып, келісімге келіңдер",- деді. (Раджай, Ақпарат газеті, 9/6/59). Сондай-ақ, елдегі лауазымды тұлғалардың арасында дау туындаған кейбір жағдайларда олар бұл дауға араласудан немесе дауласушы тараптардың біреуінің пайдасына немесе қарсы позициясын ұстанудан аулақ болды. Иранның сол кездегі премьер-министрі осыған байланысты былай деп баяндайды: "Имамның үкімет жұмысына араласуы тек маңызды және стратегиялық жағдайларда ғана болды. Бірде үкіметте министрлер арасында келіспеушілік болған кезде, имам «бірге жұмыс істей алмайтындар, басқа жерде қызмет етуі керек»,- деді.  Басқа ұйымдарға қатысты шағымдар мен өтініштерге жауап ретінде имам Хомейни: «Бұл маған қатысты емес»,- деп анық айтып, елді басқаратын ұйымдар мен органдарды құрметтейтінін. Ходжат-ул-Ислам Аштиани бұл жөнінде былай деп жазды: «Имам басқа істерде, әсіресе әкімшілік істер саласында бойлық тәртіпті сақтауға және құрметтеуге міндетті болды. Ал егер имамға тәртіп пен құрметтеу шеңберінен тыс бірдеңе жіберілсе, ол анық: «Бұл менің ісім емес, неге бұл жерге жіберді» деп айтатын». Ходжжат-ул-Ислам Рахимиан өз мүшелерін босату туралы топ жетекшілерінің бірінің жеделхатына имамның берген реакциясы туралы былай деп жазады: «Саяси топ жетекшілерінің бірі жеделхатта имамнан белгілі бір себептермен қамауға алынған бірнеше серіктерін босатуды сұрады. Сол жеделхат мәтіні Имамға жеткенде ол: «Олардың тұтқындалғанынын маған қандай қатысы бар? Оларды мен тұтқындадым ба?»- деді. Немесе басқа бір жағдайда мекеменің біріндегі діни-саяси шенеуніктердің бірі имамнан Қарз-ул-Хасане қорын құру үшін көмек сұраған, бірақ имам мұны оған қатысы жоқ деп санап: «Саяси-идеологиялық мекемелердің бірінің лауазымды тұлғалары имамға Қарз-ул-Хасане  қорын құру туралы хат жолдаған болатын. Оны  пайдалы санап, имамнан көмек сұрайды. Имам: «Неге хатты мұнда жіберді? Бұл үкіметке қатысты»,- деді. 

Имам Хомейни елдегі мекемелерге қатысты хаттарға жауап беріп, өз пікірін жариялаудың орнына, оларды тиісті мекемелерге тапсырып, бұл мәселелерге араласудан аулақ болды. Ходжат әл-Ислам Рахимианның бұл туралы: «Кеңес Одағы делегациясы Иранға келген кезде Жұма намазының штабы тарапынан Джамаранмен байланысқа шығып,  Кеңес Одағына қарсы өлім ұранын айту керек пе, жоқ па?» деп сұрады. Мен де имамға барып,  осы сұрақты сұрадым. Имам: «Бұл ұранды айтсын, бірақ азырақ»,- деді. Мен бөлмеден шығып бара жатқан кезде, имам мені шақырып: «Менің айтқаныма мән берме, Жұма намазы штабының қызметкерлеріне бұл мәселенің Хашеми мен Хаменеиге қатысты екенін айт»,- деді». Сондай-ақ, ол кейбір студенттердің майданға бару туралы пікірін алу үшін жазған хатына жауап ретінде Бас қолбасшының орынбасары Хашемиге нұсқады. Ходжжатул Ислам Рахимиан бұл туралы былай деп жазды: "Студенттердің кейбірі майданға қалай бару және майдан мен сабақ арасында басымдылығын анықтау туралы сұраған. Имам: "Оларға айтыңыз, Хашеми мырзадан сұрасың",- деп жауап берді». 

 

 

 

 

Тегтер