Қыр 04, 2023 15:59 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни мектебінде (59)

Иран революциясының жетекшісі, өзін елдегі заңды және әкімшілік-ұйымдастырушылық ережелерге сәйкес болған шектеулермен байланысты деп санамай, қоғамдағы және ел шенеуніктері арасында жоғары лауазымының арқасында өз пікірлерін басқаларға таңа алатын.

Иран революциясының жетекшісі, өзін елдегі заңды және әкімшілік-ұйымдастырушылық ережелерге сәйкес болған шектеулермен байланысты деп санамай, қоғамдағы және ел шенеуніктері арасында жоғары лауазымының арқасында өз пікірлерін басқаларға таңа алатын. Бірақ әрі қарай түсіндірілетіндей, ол ережелер мен заңдарды, әкімшілік және ұйымдық негіздерді сақтауды өзіне және басқаларға діни парыз санады және оны ешқашан бұзбады.

Имам Хомейни көптеген дін ғалымдары мен дінсіз ойшылдардан айырмашылығы заңдар мен ережелерді сақтауды тек әдет-ғұрып және дүниелік мәселе деп санаған жоқ. Керісінше, олар ислам үкіметі құрылған және жалпыға ортақ елдің барлық заңдары мен ережелері шариғат ережелеріне сәйкес деп есептеді және оларды сақтауды парыз санады.

Имам Хомейнидің балаларының бірі Заһра Мұстафави оның бұл қасиеті туралы былай дейді: «Имамдар заңға қатты бағынып, заңға үлкен құрметпен қараған және оны сақтауды шариғат парызы деп санайтын. Біреу көлік жүргізіп жүріп жылдамдықты шектен асырса, имам мұны шариғатқа қайшы санайтын". (Раджаимен сұхбат, Имамның өмірбаянынан алған әсерлері, 4 том, 291-290 беттер).

Сондай-ақ, қоғамдық және үкіметтік салаларға қатысты басқа да мәселелерде  ережелерді сақтауды, қоғамдық құпияны сақтауды және қазынаны қорғауды өте қатаң ұстанды, осылайша су, электр қуаты және т.б. төлемдерін төлеуде аз да болса кешіктірмеген.  Рахимиан имамның бұл қасиеті туралы былай дейді: «Имамның кеңсесінде ұзақ жылдар болған қызметшілердің бірі ретінде мен имамның жеке өміріне қатысты «Ислам мемлекетінің» ережелерін бұзуды көрмедім деп батыл айта аламын. Мысалы, суға, электр қуатына, телефонға, жөндеуге салыққа қатысты түбіртек пен есеп шоттары бірінші мүмкіндікте төленді» (Рахимиан, Пасдар Ислам, 107-том, 34-бет).

Имамның заңдар мен ережелерді ұстануы тек Ислам мемлекетінің билігімен шектеліп қалмады. Қоғамды басып алушы, озбыр билеуші ​​билеген жағдайда ол ережелерді сақтауды парыз санады. Мысалы, Иран мен Ирактың екі елінде шах пен Саддам билігі кезінде екі авторитарлық режим болған кезде имам Иракқа жер аударылды және ол үкіметтің қысымы салдарынан Ираннан заңсыз жолмен шығып, Иракқа кіруге мәжбүр болған кейбір достарына реауция білдіріпғ  мұны рұқсат етілмеген деп санап, бұл әрекеттердің қайталануының алдын алды. Ходжат әл-Ислам Әли Акбар Масуди имамның Иракқа заңсыз кіруге тыйым салғанын көрсететін бір естелікті баяндайды: "Маған шығуға тыйым салынғандықтан,  мен Наджафқа заңсыз түрде бардым,  және бұл жолда көптеген қиындықтарды бастан өткердім. Имамның қасына келгенімде түскі мезгіл болыпты. Бөлменің есігін ашып, сәлем бердім. Ол  амандасып: "Сіз де заңсыз жолмен жүрсіз бе?"- деді. Мен: "Иә",- дедім. Имам "енді келме" деді. Мен "жарайды, енді келмеймін" дедім. Ол: "заңсыз жолмен келме, заңсыз келіп, өзіңді неге қауіп төндірдің? Бұндай әрекеттерді қайталамаңыз. Паспортпен келе алсаңыз, келіңіз, әйтпесе келмеңіз" деп айтты. Бұл талап мені қағидаларды ұстануға мәжбүр еткендіктен болды».

Имам қоғамды басқару тәртібін сақтауды, қоғамдық мүдделерді сақтауды, сондай-ақ қабылдаушы үкіметтердің заңдарын және қабылдаушы қоғамның мәдениетін құрметтеуді ұстанымы мен мінез-құлық негіздерінің бір бөлігі деп санады және олар қатаң сақтауды насихаттады. және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қоғамның ережелерін сақтауды ашық айтты.

Сондай-ақ, Марзие Хадидчи Францияда болған кезде имамның бұл елдің  заңдарын ұстанғаны туралы естелікті айтады: "Имамның көрнекті ерекшеліктерінің бірі кәпір елінде де сол қоғамның құқықтары мен әлеуметтік заңдарын құрметтейтіндігі еді. Мысалы, ағайындар Парижде ақша жинап, бір қой сатып алып, оны имам намазға келетін ауланың төбесінде сойып, Ашура түніне орай одан тамақ дайындап, бір бөлігін имамның үйіне жіберді. Франция заңдары бойынша санитарлық-гигиеналық ережелерге байланысты арнайы жерден тыс жерде мал союға тыйым салынған. Имам мұндай заңды білгенктен: «Үкіметтің заңын бұзу болғандықтан, мен бұд етті жемеймін»,- деді

Имам қоғамдағы ең ұсақ мәселелерде де заңдар мен ережелерді сақтай отырып, қоғамның барлық мүшелеріне заңдылықты үйретуге тырысты. Ол өзінің діни беделіне және саяси ұстанымына байланысты көптеген ережелерді оңай бұза алатын еді, бірақ заңсыздықты көптеген елдердің проблемаларының бірі ретінде түсіне отырып, имам толығымен заңға бағынды.

Имамның қоғамдық сала мен қазынашылық пен үкімет ережелерін ұстануы үйі мен кеңсесінің ішкі алаңына дейін созылды. Басқаша айтқанда, имам  үйі мен кеңсесін реттейтін ережелермен санасатын. Имамның қызы Заһра Мұстафави бұл кісінің үйдегі  тәртіпті ұстанғаны туралы қызықты бір естелігінде: «Хазірет имам күндіз-түні бірнеше рет жиырма минут жаяу жүретін. Қасында жүрген күндердің бірінде  жүрісіг аяқтаған соң, алаңның бір жерін көрсетіп, осында отырып, шәй ішсем екен деді. «Қазір кішкентай кілемше төсеп, осында шай ішіңіз» дедім. "Жоқ  болмайды, анаң аулада отырғың келсе, кілемді анау жаққа төсеп отыр деген", деді. Яғни, имам әйелінің үйде бекіткен заңын орындап, сол күні отырып, шай ішпеді"- деп айтқан болатын.  

Ол тағы бір естелікті: "Имам Ахмад ағадан Джамарандағы Хосейние кітапханасынан «Кашф әл-Асрар» кітабын алуды сұрады, бірақ оның ұлы Хосейние кітапханасының ережелерін еске салып, оның пікірін сұрады. Имам тіпті өз кеңсесіндегі кітапхананың  ішкі тәртібін бұзбайтын. Ахмад аға "сұрасаңыз, қараймын деді, бірақ кітапхананың ережесі бойынша кітап сыртқа шығарылмайды, кітап оқығысы келген адам кітапханаға барады",- деді.  

 

 

 

 

Тегтер