Қар 24, 2019 14:34 Asia/Almaty

Су барлық тіршілік пен бүкіл жаратылыстың тіршілік етуі үшін қажет маңызды элемент әрі жер бетіндегі тіршілік тұрақтылығының негізі болып табылады. Қауіпсіз су ресурстарына тұрақты қолжетімділік болашақ ұрпақ үшін адам өмірінің тұрақтылығының негізгі қағидасы болып табылады.

 

Тұрақты даму –  индустриалды революциядан кейінгі біржақты экономикалық дамудың  теріс экологиялық және әлеуметтік салдарлары мен адамның дамуға қатысты көзқарасының өзгеруінен туындаған тұжырымдама. Бұл тұжырымдама дамуға жаңаша көзқараспен қарап, адамзаттың өткен қателіктерін қайталамауы мен жан-жақты әрі теңгерімді алға ілгерілеуі үшін талпыныс жасайтынын көрсетеді. Тұрақты даму адамзат қоғамның қолайлы келешегіне жеткізеді. Тіршілік жүйесінің біртұтастығы, әдемілігі мен тұрақтылығына зардап келтірмей, табиғи ресустарды пайдаланатын келешек адамның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Тұрақты даму табиғи ресурстардың жойылуы мен биологиялық жүйелердің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, әділетсіздікке,  қазіргі және келешек адамдардың өмір сүру сапасының төмендеуіне жол бермейтін дамудың құрылымдық, әлеуметтік және экономикалық заңдылықтарын шешуді ұсынады.

Тұрақты даму және оны су ресурстарын басқаруда қолдану соңғы жылдары ерекше көңіл бөлінген тақырыптардың бірі болды. Соңғы жиырма жыл ішінде тұрақты қозғалыс қоғамдық қозғалыс ретінде бүкіл әлемде қалай қабылданып, қалай қолданылатыны туралы сенімдердің жиынтығы болды. Тұрақты даму ұзақ мерзімді мақсат болғандықтан оған жету үшін адам тіршілігіне қажет су және су ресурстарын басқаруға  да назар аударылды. Суға қол жеткізу уақыт өте келе және жерге байланысты өзгерді. Көптеген жерлерде халықтың саны көп болғандықтан су қажеттіліктерін қамтамасыз ету қиынға соғады. Соның салдарынан сулы және жер үсті экожүйелерінің өнімділігі төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде керісінше судың көп болуы күрделі қиындық туғызады. Ғасырлар бойы адамдар суды сақтайтын, ауыз суға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін, өзендердің ағынын басқаратын және гидроэлектростанцияларын құратын инфрақұрылымдар салды.   Қазіргі жағдай жер бетіндегі тіршілік үшін қанша су қажет болса, іс жүзінде суды меншіктеу сезімі  басқа көздерден гөрі көбірек. Осылайша, су тапшылығы бүкіл халықты кедейшілік жағдайында ұстап, саяси қақтығыстарға ықпал етуі мүмкін.

 

Судың маңызды ерекшелігі – оның белгілі бір мөлшері бүкіл әлемде қолжетімді болуында. Дәл осы жайт сумен жабдықтау  мәселесін геофизикалық және экономикалық мәселеге айналдырды. Сондықтан сумен жабдықтау суды босқа кетірмеу және су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ғана жүзеге асады. Сондай-ақ теңіз суларын тұщыландыру жұмыстары іске асырылуда. Ауылшаруашылығы – суды көп қажет ететін салалардың бірі. Сондықтан әлемдегі бүкіл судың 93 пайызын ауылшаруашылығын негізгі кәсіп санайтын дамушы елдер жұмсайды. Ауылшаруашылығы саласының су сұранысы артып, жаңбыр мен жер бетіндегі сулармен қанағаттанбай, жерасты  суларын пайдалануды арттырып, жерасты су ресустарының тапшылығына соқтырып отыр. 

Дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі өмір сүру деңгейінің жоғарылауы өндіріс пен үйде пайдаланылатын су мөлшерін арттырды. Бірақ ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл салалардағы судың пайдаланысы  ауылшаруашылығындағы суды пайдалану деңгейімен салыстырғанда екі есе жылдамдықпен артты. Статистика ХХ ғасырда су пайдалану жылдамдығының әлем халқының санынан екі есе артқанын көрсетті. Экономикалық даму мен әлемдік деңгейдегі суды пайдалану үдерісіне көңіл бөле 2020 жылға дейін ұсыныс пен сұраныс арасындағы айырмашылық 40 пайызға жетеді деген болжам жасалуда.

 

 

Су – жер бетінде тең таралмаған ресурстардың бірі. Сондықтан оны басқару әр аймақтың  негізгі параметрлерімен байланысты. Таза ауыз су қорының 60 пайызы 9 мемлекеттің ықтиярында.  Бұл тоғыз мемлекеттің екеуі – халқы ең көп  Қытай мен Үндістан. Бұлар әлем халқының 1/3 бөліміне ие болып, судың 10 пайызын өздері тұтынады.  Кедей немесе  ауылшаруашылығымен айналысатын дамушы мемлекеттер суды басқа елдерден көбірек ауылшаруашылығы үшін қолданады. Мемлекеттердің көбінде су тапшылығы немесе оны дұрыс пайдаланбаудан туындаған қиындықтар жағдайды одан сайын шиеленістіре түсті. Мәселен, Африка құрлығында жер беті мен жерасты суларының қоры мол, бірақ Африка даласының тек 4 пайызын суаратын мүмкіндік бар.  

Су көздерін басқару және тұрақты дамудағы судың маңызды рөлі судың ластануы сынды басқа маңызды мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Таза суға қолжетімділіктің болмауы әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі. Жыл сайын  3600000 жуық адам таза суға қолжетімділігі болмағандықтан өлімге ұшырауда. Мемлекеттердің көбінде кәріз жүйесінің лас суларын жинайтын және тазартатын жүйелері  немесе таза су қорын сақтайтын инфрақұрылымдардың жағдайының нашарлығы көптеген қиындықтарға тірейді. Санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлығы да балалар  өлімінің  жоғары болуына, олардың әртүрлі ауруларға шалдығуы мен азық-түлік тапшылығына себеп болуда.  Сөйтіп, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қажет қол жуу сынды қарапайым іс тұрақты даму жолындағы үлкен дағдарысқа айналып отыр. Бұл мәселе әсіресе дамушы елдердің қалаларында артып отыр. Өйткені инфрақұрылымдар қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды.

 

Зерттеу нәтижелері бойынша артта қалудың негізгі себептерінің бірі суға қолжетімділіктің болмауы. Тіпті оны климаттық, географиялық жағдай мен дамымауды байланыстыратын фактор деп атауға болады. Бұл мәселе "кедейшіліктің қақпаны" деп аталатын мәселенің нағыз өзі. Осы мәселе бойынша, дамушы елдердің әлеуеті әтүрлі себептерге байланысты экономикалық серпіліс жасай алмайды. Бұл факторлардың қатарына ысырап ету, тропикалық індеттер, әлсіз инфрақұрылым, бір сөзбен айтқанда, су тапшылығы кіреді. Әрине кейббір жағдайда климат факторларының шешуші рөл атқаратыны айқын. Бірақ бұл себептерді түпкі себептерден гөрі дамудың жағдайын ауырлататын факторлар ретінде қарастырған жөн. Су ресурстары мен судың ағымы арасындағы байланыс пен әлеуметтік-экономикалық даму мен өмір сүру деңгейі арасындағы қарым-қатынас қарапайым біржақты қатынас емес. Қолданыстағы нысандардың тапшылығына бейімделу әдісі дамуға себеп болуда.  Себебі су тапшылығы басқа факторлар мен себептер болмаса дамуды шектейтін фактор емес. Бұл жағдай судың   тапшылығына байланысты көптеген мәселелерге себеп болып, көбінесе артта қалуға соқтырады.   Өкінішке орай, басқару проблемаларын да мойындау керек. Мұны су ресурсына бай Непалдан көруге болады. Бұл елде ауыз суға қол жеткізу немесе гидрологиялық әлеуетті пайдалану деңгейі әлемдегі ең төменгі көрсеткіштерлің бірі болып табылады. Керісінше жағдайды Сингапурдан байқауға болады. Бұл елге негізгі су көздері Малайзиядан енгізілгенімен су ресурстарын тиімді пайдалану бағдарламалары бүгінде су ресурстарын басқару бойынша алдыңғы қатарда.   

 

Тегтер