Қар 26, 2019 14:12 Asia/Almaty

Экономикалық әдебиетте "қаржы нарықтары" деп қаржы көздерін өнім өндірмейтін бөлімнен өндіріске қарай нұсқайтын ағымдар аталады.

 

Иранның даму үлгісі – қарсыласуы экономикасы. Экономиканың бұл түрінде өндіріс басты рөл атқарады. Өндірісті алға ілгерілететін факторларды пайдалану арқылы ғана экономиканы дамытуға болады. Олардың бірі – өндіріс көздері, шикізат. Өндірістің дамуына жеткізетін факторлардың бірі – инвестиция. Экономикалық әдебиетте "қаржы нарықтары" деп қаржы көздерін өнім өндірмейтін бөлімнен өндіріске қарай нұсқайтын ағымдар аталады.

Бұл нарықтар экономиканың дамуы, жұмыс орындарын ашу, инвестиция салу, қаржы өзгерістері мен қоғамның тұрмысын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Әр елдің экономикасының қаржы нарығы валюта және инвестиция нарығы деген екі бөлімнен тұрады. Негізінде валюта нарығы (банктер мен қаржы ұйымдары) мен инвестиция нарығы (акциялар мен инвестициялық компаниялар) ежелден келе жатқан бәсекелестер ретінде экономикалық инфрақұрылымдар қажет ететін инвестицияны камтамасыз етушілер.

Иранда банктік жүйе инвестицияны қамтамасыз етеді. Иран экономикасында банк әрқашан өндіріс бөлімдерін қаржымен қамтамасыз етуде сындарлы рөл атқарды. Иран жобаларының 90 пайыздан артығының қаржылары банктік жүйелер арқылы іске асырылады.  Өткен жылдары Иранның инвестициялық нарығы валюта нарығымен бәсекелесіп, бірте-бірте мамандырылған нарық ретінде ресурстарды қадағалап, инвестицияларды бағалаумен айналысып, ел экономикасының дамуына әсерін тигізетін болды.

 

 

 

Инвестиция нарығы әртүрлі әдіспен, әсіресе инфрақұрылымдарды қаржымен қамтамасыз ету арқылы тікелей өндіріс пен елдердің экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Иранның инвестиция нарығы қаржы нарығының әсерлі бөлімі ретінде ұлттық экономиканы қаржымен қамтамасыз ету саласындағы тұрақты қайнар көз екенін дәлелдеді. Статистика бұл талпыныстардың Иранның инвестиция нарығының нығаюына әкелгенін көрсетеді. Халықаралық ұйымдардың кейбір мәлімдемелері бойынша, Иранның инвестициялық нарығы экономикалық дамуды жылдамдататын әлеуетке ие. Mackenzie World Institute өз мәлімдемесінде Иранның инвестициялық нарығының елдің экономикалық байлығы негізінде қазіргіден көбірек даму әлеуетіне ие екенін мойындады. Бұл ұйым Иранның 2035 жылға дейінгі экономикалық келешегі туралы: «Иран: триллион долларлық даму мұрсаты» деп аталған мәлімдемесінде: «Иран әртүрлі салалардағы экономикалық Ренессансқа дайын. Бұл Ренессанс Иранның ішкі өнімінің бір триллион долларға артуы мен 20 жылға жетпейтін мерзімде 9 млн жұмыс орнын ашуына себеп бола алады»,- деп көрсетті.  

Экономикалық Ренессанстың орын алуына әсерін тигізетін факторлардың бірі – инвестиция салу.  Биржалар жыл сайын көптеген инвестицияны өндіріске қарай жігерлендіреді. Биржалар халықты компаниялардың акционерлеріне айналдырып, олардың сатып алу мүмкіндігін азайтып, нәтижесінде инфляцияны төмендетеді. Сонымен қатар қаржыны өндіріс бөліміне салып, өнімді арттырып, басқарушылардың іскерлігін арттырады. Биржаның әр түрі болады: тауар биржасы, металл, ауылшаруашылық өнімдері биржасы, сондай-ақ акциялар биржасы. Теһранның акциялар биржасы хижри шамси күнтізбесі бойынша  1346 жылы құрылды. Биржалар әділ әрі анық нарық құру мақсатын көздеп, экономикалық дамуға жету үшін халыққа оның әртүрлі құралдарын ұсынады.  Теһранның қымбат акциялар биржасының нарық құны, мәміле құны, қаржы құралдарының  түрлілігі, әр түрлі компаниялар мен нарықтар, ірі және ықпалды компанияларды қабылдау, микроқұрылымдарды үздіксіз қайта қарау және анықтау, ашықтық пен ақпаратты жақсарту тұрғысынан дамып   келе жатқан тенденциясын байқауға болады. Теһранның қымбат акциялар биржасына 300-ден астам, соның ішіне ірі әрі ең маңызды ирандық компаниялар енді. Бұл компаниялар мұнай-газ, мұнай-химия, кен-тау өндірісі, негізгі металлдар, автомобиль, цемент, банк және сақтандыру сияқты маңызды салаларда белсенді жұмыс істейді. Теһран қор биржасының жұмысына Иранның ірі және беделді  экономикалық компанияларының қатысуынан олардың өндірісі мен сатылымының көлемін зерттеу  биржаның ұлттық өндіріске тигізетін әсерін дәлірек көрсетті. Өткен жылдары Теһран қымбат акциялар биржасының нарықтық құны ішкі өнімнің 20-40% аралығында болды.

 

 

Иран биржасының  жағдайы

«Financial Times» мәліметі бойынша, Иран биржасы елдің экономикасы батыстың санкцияларынан өту жолдарын табуға  талпынуына қарамастан әлем биржаларының арасында ең жақсы нәтиже көрсетіп, өткен бір жыл ішінде әлемнің ең іскер биржаларының біріне айналды. Бұл мәселенің басты дәлелі нарыққа бет бұрған инвесторлар санының артуы болды. Инвесторлардың инвестиция нарығына енуі бұл нарыққұнының артуына, басқа бәсекелестеріне қарағанда дамып, өткен бір жылда әлемнің үздік биржаларының біріне айналуына себеп болды. Өткен жарты ғасырдағы қаржы нарықтарындағы өзгерістердің бірі әсіресе мұнайға бай елдердегі ұлттық байлық қорларының құрылуы болды. Бұл қорлардың  құрылуының маңызды себептерінің бірі – мұнай мен газ ресурстарын экономикалық-қоғамдық дамуға пайдалануда.  Иранда да 1389 жылы «Ұлттық даму қоры» деп аталған ұлттық ресурс қорына ұқсас қор құрылды. Иранның «Ұлттық даму қоры» басқа елдердегі ұқсас қорлармен салыстырғанда ұйымдастыруы, басқару, техникалық және мамандық тұрғыларынан өзгеше. Иранның «Ұлттық даму қоры» елдің ішіндегі ұйымдарға сүйенеді. Шетелдік қарым-қатынастары шектеулі. Иранның «Ұлттық даму қорының» құрылуы жөнінде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Мәселелердің бірі – мұнайға тәуелділік. Экономикамыздың үлкен кемшілігі – мұнайға сүйену. Біз бұл сұйықтықты жер астынан алып, ешбір еңбексіз басқаларға сатып, доллар алып, күнделікті тіршілік  үшін жұмсадық. Бұл қате. Біз   «Ұлттық даму қорын» өзімізді бірте-бірте мұнайдан алыстату үшін құрдық. Экономика саласындағы басшыларымыз мұнайға деген тәуелділігімізді күн сайын азайтатындай жұмыс істеуі керек»,- деді. «Ұлттық даму қорының» мақсаты мұнай мен газдан түскен табыстың бір бөлігін экономиканы дамытуға, басқа бөлігін келешек ұрпақ үшін сақтап қалуда. Сондықтан жыл сайын мұнай мен газ экспорты кірісінің шамамен 30 пайызы аталмыш  қорға құйылады. «Ұлттық даму қоры» қаржысынан жеке сектор, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың экономикалық негіздеріне жұмсалады.