Иранның туристік тартымдылықтары (8)
Бүгінгі бағдарламада Илам облысына сапар шегеміз. Сапарды осы облыстың орталығы Илам қаласынан бастаймыз.
Алланың атымен!
Әлі де Иранның батысындамыз. Мұнда орналасқан "Загрос қалыңдығы" деген атпен танымал маңызды қалалардың бірі туристік бағдарламамызға енгізілген. Илам – Керманшаһ пен Санандадждан кейін Иран Күрдістанындағы үшінші ең ірі қала. Ол жап-жасыл әрі ерекше әдемі табиғи тартымдылықтарының болуына байланысты "Загрос қалыңдығы" деп аталған. "Илам" биік таулы жер деген мағына береді. Вавилондық жазбаларда Илам "Аламту" немесе "Элам" деп те аталып, таулы жер немесе "Күн шығатын ел" деген мағына береді. Бұл жасыл аймақ ежелгі заманда "Ариуджан" деген атпен танымал болған. Бірақ қазіргі Илам Хусейнабад ауданында х.ш.ж.с.б. 1308 жылы жаңадан салынған. Илам таулардың арасында орналасқандықтан айналасындағы қалаларға қарағанда қоңыржай ауа райына ие. Илам – Иранның батысындағы дамыған қалалардың бірі. Демалыс орындары мен тарихи ескерткіштердің көп болуына байланысты бұл қалаға туристер көп келеді. Мысалы, "Таджариан" орманды демалыс орны жайлаудағыдай жайлы ауа райына ие. Иламның өте әдемі де жайлы "Чақасабз" орманды саябағының ауданы 4000 гектар. Онда емен, пісте, долана, шырша, сауырағаш, қараған, тау миндалі, жаңғақ ағаштары өседі, әупілдек сияқты сирек кездесетін әдемі құстар мекендейді.
Илам қаласына барғанда көзімізге түсетін алғашқы панорама – жап-жасыл төбе. Ол қалада жүзіктің тасындай жарқырайды. Бұл көне төбе "Харгушан" (Қоянтөбе) немесе "Шаһед" төбе деген атпен танымал. Бұрынғы заманда қоянның әралуан түрлері мекендейтін жер болған. Шын мәнінде ол бір орманды төбе. Төбенің үстіне қарай жүргенде жайпақ жерге жетесіз. Иламның осы нүктесіне жеткенде қала аяғыңыздың астында қалады. Сол себепті жергілікті халықтың біразы "Қоянтөбені" Илам төбесі (шатыры) деп атайды. Бұл төбенің сұлулығын баяндау бір бөлек. Кеңістікті жайлаған тыныштық пен қаладағы қарбаласты тамашалау сіз үшін қызық қарама-қайшылық тудырады. Таза ауа жұту жаныңызды тазартады. Қоянтөбенің көгінде ұшқан құстарды тамашалау рухыңызды шаттандырады.
Қиран қамалы – Илам қаласының тағы бір тартымдылықтарының бірі. Ол Қиран тауының басына салынған. Тау өте әдемі орманды ауданға жапсарлас жатыр. Орман "Шешдар" немесе "Шешдан" деген атпен танымал. Ашканилер дәуіріне тиесілі қамал ғимаратының құрылысы ислам келгеннен кейінгі тарихи замандарға жатады. Қамал орналасқан тау Илам қаласы үшін әдемі панорама тудырған. Ол Иранның ең жақсы таулы жерлерінің бірі саналады.
Иламнан 5 км жерде орналасқан табиғи тартымдылықтардың бірі – "Арғаван" таңғажайып сайы. Жыл сайын көктем айымен бір мезгілде Иламның "Арғаван" сайы табиғи бояулар сұлулығының шарықтау шегіне жетеді. Бұл әдемі сай күлгін жапырақты гүлдеген ағаштарға толы болады. Жасыл емен ағаштарының арасында долана бұталарының сары жемістері таңғажайып күйде көздің жауын алады.
"Жұмақ үнгірі" деген атаумен танымал "Зинеһан" үңгірі Иламның Салехабад ауданында орналасқан. Ол міндетті түрде көрілуі тиіс жер. Оның "Жұмақ үнгірі" деп аталуының себебі суық та ылғалды ауа райына байланысты. "Жұмақ үнгірі" төбесі ашық үңгір. Оның ұзындығы 1 км-ден асады. Үңгірдің іші суға толы. Суға толы дәліздерде сталактиттер мен табиғи шөгінділер көп. Үңгірдің ішінде табиғат жасаған таңғажайыптар жетерлік. Мысалы, тастардың түстері, ирелең жолдар, үңгірдің төбесіндегі бөліктердің бір-біріне қабысқан тұстары. Бұл үңгірдің басқа бір әдеміліктері ретінде қырыққұлақ, балдыр сияқты түрлі өсімдіктер мен гүлдерді атауға болады.
Тура осы ауданда "Чам-е у" деп аталатын ауылға жетер алдында "Чам-е у" атты сарқырама орналасқан. Ол өте жоғары биіктен құлдилап ағып жатыр. Бұл сарқыраманың суы қысқа қашықтықты өткеннен кейін "Гедархуш" өзеніне қосылады. "Чам-е у" сарқырамасынан ары жүріп, бір ауылдан өткеннен кейін басқа бір маусымдық сарқыраманы көресіз. Ол жарты ай пішінді жартастан құлдилап ағып жатыр. Үш сатыдан тұрады. Оның табиғи сұлулығы шынымен-ақ көруге тұрарлық.
Иламның "Гячан" ауданында да ерекше тартымды жерлер бар. Ол салтанатты емен ағаштарына толы. Ол аспанмен астасқан "Манашт" пен "Қалаче" таулары және осы аттас сұлу сайға жапсарлас орналасқан. Гячан сайында суы мол бұлақтар ағып жатыр. Бұлар Гячан әдемі сарқырамасын құрайды. Бұлақтың тұщы суы жақын ауылдардың тұрғындарының тұтынуына және жеміс-жидек бақтары мен жаңғақ ағаштарын суаруға қолданылады.
Иламның Гячан ауданы
"Ама" туристік ойын-сауық кешені Иламның оңтүстігінен 25 км қашықтықта орналасқан. Ол жарқыраған картина сияқты Иламның туристік полюстерінің бірі саналады. Бұл кешен жыл сайын жаз айында туристердің қалың нөпірін қабылдайды.
Бұл ауданда бір биік әрі әдемі сарқырама бар. Ол өз түрінде теңдессіз. Сарқыраманың қабырғаларында өспетін мық пен қырыққұлақ сияқты құнды өсімдіктер оның әдемлігін арттыра түсті. Тау інжірі, жүзім мен емен ағаштары осы жасыл жерді айнала қоршап тұр. Қырыққұлақтар мен мық арасынан сорғалаған су шынымен-ақ көруге тұрарлық. Әрине Иламда әдемі сарқырамалар көп. Мысалы, "Чапи-Расти" сарқырамасы – Кабиркуһ тауының етегіндегі Тахтан ауылының солтүстігіндегі Зарринабадта орналасқан өте әдемі сарқырама. Сол атыраптың көне диірмендері, "Агребид" шағын да әдемі ауылының бақтары, үңгірлер, бұлақтар мен Кабиркуһтың өте терең сайлары, сұлу өсімдік жамылғысы шаршап-шалдыққан кез келген туристі сергітіп, шаттандыра алады.
"Жұмақ үнгірі" деген атаумен танымал "Зинеһан" үңгірі Иламның Салехабад ауданында орналасқан. Ол міндетті түрде көрілуі тиіс жер. Оның "Жұмақ үнгірі" деп аталуының себебі суық та ылғалды ауа райына байланысты. "Жұмақ үнгірі" төбесі ашық үңгір. Оның ұзындығы 1 км-ден асады. Үңгірдің іші суға толы. Суға толы дәліздерде сталактиттер мен табиғи шөгінділер көп. Үңгірдің ішінде табиғат жасаған таңғажайыптар жетерлік. Мысалы, тастардың түстері, ирелең жолдар, үңгірдің төбесіндегі бөліктердің бір-біріне қабысқан тұстары. Бұл үңгірдің басқа бір әдеміліктері ретінде қырыққұлақ, балдыр сияқты түрлі өсімдіктер мен гүлдерді атауға болады.
Тура осы ауданда "Чам-е у" деп аталатын ауылға жетер алдында "Чам-е у" атты сарқырама орналасқан. Ол өте жоғары биіктен құлдилап ағып жатыр. Бұл сарқыраманың суы қысқа қашықтықты өткеннен кейін "Гедархуш" өзеніне қосылады. "Чам-е у" сарқырамасынан ары жүріп, бір ауылдан өткеннен кейін басқа бір маусымдық сарқыраманы көресіз. Ол жарты ай пішінді жартастан құлдилап ағып жатыр. Үш сатыдан тұрады. Оның табиғи сұлулығы шынымен-ақ көруге тұрарлық.
Иламның "Гячан" ауданында да ерекше тартымды жерлер бар. Ол салтанатты емен ағаштарына толы. Ол аспанмен астасқан "Манашт" пен "Қалаче" таулары және осы аттас сұлу сайға жапсарлас орналасқан. Гячан сайында суы мол бұлақтар ағып жатыр. Бұлар Гячан әдемі сарқырамасын құрайды. Бұлақтың тұщы суы жақын ауылдардың тұрғындарының тұтынуына және жеміс-жидек бақтары мен жаңғақ ағаштарын суаруға қолданылады.
Иламның табиғи тартымдылықтарының көптігі және әралуандығы соншалықты, барлығына тоқталу мүмкін емес. Сол себепті енді бұл қаланың бір-екі архитектуралық ғимаратына тоқталамыз.
Илам қаласындағы Қажарлар заманына тиесілі маңызды ғимараттардың бірі – "Вали" қамалы. Ол "Чаға мирак" төбесінде орналасқан. Бұл ғимарат әйелдер бөлігі (харамсарай), шах залы, айна бөлмесі мен төменгі қабаттағы түрме сияқты көптеген бөліктерден тұрады. Қамалдың үш бұрышында үш қақпа бар. Негізгі қақпа оңтүстік бұрышта орналасқан. Ол 20 см-лік 11 баспалдақпен алдымен күзет бөлмесіне қосылып, содан соң 8 баспалдақпен ауламен байланысып жатыр. Екі дәліз бар. Бөлмелердің көбінің жарығы осы дәліздер арқылы қамтамасыз етіледі. Ішінде хауыз орналасқан бұл дәліздер 8 бұрышқа бөлінген. Кірпіштердің сынығы, арка пішіндес қаланған кірпіштер, және қабырғалардың әрленуі дәліздерге ерекше тартымдылық сыйлаған. Шах залында айна мен алебастр безендірулердің іздері айқын байқалады. Қабырғаның сыртындағы тастар қашалған тік төртбұрышты пішінде. Тастардың бетіне арабеска өрнектері салынған.
"Фалахати" сарайы – Иламның тағы бір тарихи ғимараттарының бірі. Бұл сарай Илам облысы Ауыл шаруашылығы джиһады ұйымының ауласында орналасқандықтан "Фалахати" немесе "Кешаварзи" сарайы деген атпен танымал. Оның сырты кірпішпен әдемі әрленген. Бір террасадан тұрады. Оның ортасында бір үлкен зал бар. Бұрынғы заманда бұл әдемі сарай бақтың ортасында орналасқан екен. Алайда қала дамыған соң оның ашық кеңістігі ғимараттар мен көшелерге айналып, өзінің бұрынғы қалпын жоғалтты.
Қысқасы, Илам тартымды жерлерге толы. Мұнда Көне диірмендер, "Чекер" тоғаны сияқты қамысты көлшіктерден бастап, Ассирия заманына тиесілі тас жазбалар мен "Ченар" көне зираты сияқты археологиялық ескерткіштерге дейін көруге болады. Ежелгі заман рәсімі бойынша "Ченар" көне зиратында өлген адамды тұрмыс заттарымен бірге үлкен құмыраларға салып жерлейтін болған.
Иламды бір-екі күнде көріп тауыса алмайсыз. Бірнеше күн бойы аралап, оның табиғатынан ләззат алып, Жаратушыға осыншама таңғажайып дүниелер жаратқаны үшін бас иіп, тағзым ету керек.