Қаң 02, 2020 18:20 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Иран дамуының жергілікті үлгісі ретінде иаңдаған қарсыласу экономикасы білімге негізделген әрі өте маңызды рөл атқаратын экономика.

Ағымдағы жыл Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи тарапынан "Өндірісті дамыту" жылы деп аталған. Әр елдің экономикалық дамуына себеп болатын өндірісті дамыту Иран экономикасына жиһадтық серпіліс әкеліп, санкциялар мен басқа қиындықтарға қарамастан қысқа уақытта нәтижеге жеткізеді деген үміт тудырды. Өткен жиырма жылдағы Иран халқы жетістіктерінің бірі өндіріс пен даму факторларының бірі саналатын ғылым мен технология салаларындағы таңырқататын даму болып табылады.

 

 

 

XVIII ғасырда экономика ғылымының атасы ретінде танымал Адам Смит өндіріс пен экономика саласындағы мамандандырудың сындарлы рөліне тоқталды. Ол білімді қолдануды экономика құрылымының тиімділігін арттыратын фактор санады. Бүгінде білім мен ғылым экономиканың негізі саналады, яғни экономика білімге негізделетін болды. Экономика білім мен мәлімет өндіру, тарату және қолдану арқылы қалыптасады. Расында  экономиканың бұл түрінде білім  өндірісте маңызды рөл атқарып, бәсекелестікті арттырады.
Мәселен, ирандық білім компанияларының зерттеушілері ауылшаруашылығында қолданылатын ұшқышсыз ұшақтың  түрін ойлап тауып, жасап шығарды. Ұшқышсыз ұшақ шетелдік аналогтарымен салыстырғанда бүрку және ұрықтандыру жұмыстарымен айналыса алады. Оның шетелдік аналогтары тек бүрку қабілетіне ие. Оны жобалап, жасап шығаруға пайдаланылған технология экономикалық тұрғыдан тиімді және бәсекеге шыға алады. Өндіру үдерісінде ғылым маңызды рөл атқарды.

Бүкіл әлемдегі экономикалық саясаткерлер экономикалық дамудағы ғылым мен техниканың шешуші рөлін түсінген кезден бастап, «ғылымға негізделген экономика» термині елдердің экономикалық дамуындағы шешуші құралдардың бірі болды. 1996 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) "ғылымға негізделген экономика деген терминді  экономикалық әдебиетке жаңа термин ретінде енгізіп, оны тікелей білім алу, тарату және оны пайдалану үдерісі ретінде сипаттады. Аталмыш ұйымның анықтамасы бойынша, білімге негізделген экономика  «білім мен ақпарат өндіру және тарату мен пайдалануға» негізделіп, инновацияға қомақты инвестиция бөліп, жаңа  технологияларды жоғары деңгейде тұтынатын әрі  жұмыс күші жоғары білімді болатын экономика.  Білімге негізделген экономика жаңашылдық, инновациялар, инвестициялар, коммуникациялық инфрақұрылым құру, ғылыми-технологиялық парктерді іске қосу, коммерцияландыру және өнім идеяларын түрлендіруге негізделген.

 

 

 

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Иран дамуының жергілікті үлгісі ретінде таңдаған қарсыласу экономикасы ғылымға негізделген әрі өте маңызды экономика болып табылады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: "Қарсыласу экономикасы – ғылымға негізделген экономика. Яғни  бұл экономика ғылыми жетістіктерді пайдаланады, оларға сүйенеді, экономиканы ғылымға сүйеніп жүргізеді. Бірақ бұл экономика ғалымдардыкі және тек ғалымдар ғана қарсыласу экономикасында маңызды рөл атқара алады дегенді білдірмейді. Өндіріске иелердің тәжірибелері, дағдыға ие жұмыскерлердің тәжірибелері бұл экономикаға әсерін тигізе алады. Біздің ғылым мен технологияға арқа сүйеуіміз тек ғылыми квотаны көбейту керек болғандықтан ғана емес, ғылым мен техниканың жетістіктері экономикалық дамуға ықпал етеді, ғылымға негізделген өндіріс ұлттық экономикаға көмектеседі",- деді. Қарсыласу  экономикасының мақсаты мұнай экономикасынан білімге негізделген экономикаға көшу. Ғылымға негізделген компаниялар ғылымға негізделген экономиканың қозғаушысы болып табылады. Сол себепті соңғы бірнеше жылда ирандық ғылымға негізделген компаниялар өнімдері бұрынғыдан жеделдеп, бұл саладағы белсенділер ел экономикасын мұнайдан алыстатып, ғылымға негізделген экономика құруға талпынуда. Қазіргі уақытта Иранда әртүрлі салаларда, атап айтқанда азық-түлік, молекулалық биотехнология, нанотехнология, озық керамика, металдар, композиттер және полимерлер, химиялық технология негізіндегі өнімдер, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, электронды және компьютерлік жабдық, байланыс құралдары, телекоммуникация, дамыған ядролық жабдықтар, аэроғарыштық жабдықтар мен құрылымдар,  қуатты оңтайландыру жүйелері, нанотехнологиялық жабдықтар, биотехнологиялық жабдықтар, фармацевтикалық жабдықтар, ақылды тренажерлер, медициналық керек-жарақтар, тау-кен, жол құрылысы, теміржол, теңіз, тіпті тәрбие мен мәдениет  салаларында 4500 ғылымға негізделген компания мен 6000-7000 стартаптар жұмыс істейді. Ирандағы ғылымға негізделген компаниялардың белсенділігінің 20 жылға жетпегенін ескерсек, ирандық еңбекқор жастардың ғылымға негізделген экономика саласындағы талпыныстарының нәтижесі тек  биотехнология саласында  1 миллиард долларға үнемделді. Бұл компаниялардың өнімдері ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуімен бірге еуропалық мемлекеттерге экспортталады.  Осы кезде әлемдік нарықта 140-тан астам биотехнологиялық дәрі-дәрмек бар. Олардың 22 дәрісі Иран нарығында шығарылады. Вакциналар, қан және оның өнімдері, жасушалар, аллергендер, биологиялық тіндер және рекомбинантты ақуыздар био-дәрілердің ең танымал түрлері.  

 

рекомбинантты ақуыздар - био-дәрілердің ең танымал түрлері.  

 

 

Қазіргі ғылым мен техниканың рөлі орасан зор және адамдар пікірлеріне керісінше адамдардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты.  Себебі ол белгілі бір саламен шектелмей, фармацевтика, азық-түлік, ауылшаруашылық, биотыңайтқыштар, оптикалық және лазерлік өнеркәсіптер, аэроғарыш, спутниктік технологиялар, күн қуаты сынды жаңа энергия, электроника, мұнай және газ, мұнайхимиясы, телекоммуникация және теміржол көлігі салаларына таралды.

Нанотехнология дамыған салалардың бірі. Осыдан 15 жыл-дан астам уақыт бұрын нано технологияларын дамыту жөніндегі штаб  жұмысын бастады. Бұл штаб ғылыми зерттеулермен  айналыса бастап, енді өз өнімдерін коммерцияландыруға және басқа елдерге экспорттауға кірісті.  Қазіргі уақытта Иранда 15-тен астам сала нанотехнологияны қолданады. ИИР соңғы үш жыл ішінде нанотехнологиялар саласында төртінші орынды иемденіп, Еуропа мен Азияның индустриалды дамыған елдерінен озып, оның экспортын кеңейтті. Әлемнің шамамен 50 мемлекеті, олардың ішінде Германия, Италия, Австралия, Швейцария, Швеция, АҚШ, Канада, Қытай мен Оңтүстік Корея  Иранның нано өнімдерін импорттайды. Осы кезге дейін 230 ирандық компания 610 нано өнім шығарып отыр. 

Иран басқа жоғары технологиялар салаларында да әлемдік деңгейге ие. Мәселен, ИИР жерсерігін ұшырудың жергілікті технологиясына ие 11-ші мемлекет. Сондай-ақ ғарышқа тіршілік иесін сәтті ұшырған алтыншы ел. Әлем елдерінің келешек энергиясын қамтамасыз ететін атом өнеркәсібі саласында да Иран төртінші орынды иеленіп,  жергілікті ғалымдар мен мамандардың талпынысымен медицина, ауылшаруашылық пен өндіріс салаларында жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Иран генетикалық клондау мен ағза мүшелерін жасап шығаруда қолданылатын  діңгекті жасушалар саласында әлем бойынша екінші орында. Сонымен бірге Иран 1396 жылы, яғни осыдан екі жыл бұрын биотехнология өндірісі бойынша әлемде 13-ші және аймақта бірінші орында орналасты. Ирандық жастардың білімге негізделген компаниялар мен ғылыми-технопарктердегі ғажайып іс-әрекеттері алға ілгерілеуде.

 

 

Тегтер