Қаң 07, 2020 18:53 Asia/Almaty

Азық-түлік пен су қауіпсіздігі бір-бірімен байланысты. Егер келешекте адамзат азық тапшылығымен бетпе-бет келсе, су дағдарысының шынайы екенін білдіреді. Адамзатты азықпен қамтамасыз ету әлемнің әртүрлі аймақтарындағы шиеленістерге әсерін тигізіп, оларды саяси мәселелерге айналдыра алатын ең маңызды себептердің бірі.

 

Тарихи деректер шумерлердің біздің ғасырдан IV ғасыр бұрын  ирригациялық инженерлік жүйені іске қосу арқылы ауылшаруашылық өнімділігін арттырғанын көрсетеді. Азық-түліктің артуы халық санының ашаршылыққа алаңдамай өсуі мен әлемдегі алғашқы қалалардың пайда болуына себеп болды. Бірақ ауылшаруашылық жерлері өнімдерінің азаюымен бұл өркениет құлдырады. Бұл оқиғадан кейін бидай өндірісі төмендеп, соңында шумерлер өркениеті қалмады. Осы оқиғаға ұқсас жағдай майялар өркениетінде де болды. Біздің ғасырдың 250 жылы қазіргі Гватемалла жерінде құрылған майя өркениеті қалаларының арасында азық-түліктің азаюына байланысты ішкі соғыс салдарынан соңында бұл өркениеттің өмірі 900 жылы аяқталды.

Бүгінде адам білімінің артуы және ғылыми-технологиялық саладағы дамуына байланысты салыстырмалы деңгейде тұрмыс жақсарды. Бұл жетістіктер оның өмірге деген үмітін арттырып, халықтың өмірін ұзартуға себеп болды. Халық саны көбейген сайын азық-түлікке қажеттілік арта түседі. Сондай-ақ халық санының артуымен азық өндіру үшін жердің табиғи ресурстары көбірек қолданылады. Күн сайын көбірек жер өңделіп, тұщы су ресурстары  егістік жерлерді суаруға жұмсалуда. Судың қатты жетіспеушілігі мен ауыл шаруашылығына арналған алқаптардың азаюынан туындаған шиеленістер азық-түлікке деген қатты бәсекелестік тудырды. Экономикалық, саяси және әлеуметтік дәстүрлі теңдеулерді өзгертуші бәсекелестік пен су мен жер сияқты табиғи ресурстарға көбірек қолжетімді елдер біртіндеп саяси және экономикалық державаларға айналуда. Егер мұнай ХХ ғасырдағы көптеген соғыстардың себебі болса, қазіргі ғасырдағы соғыстар су, табиғи ресурстар мен азық-түлікке қатысты.

 

 

Кейбір болжамдар алдағы 30 жылда жердің климаттық жағдайының толық өзгеретінін көрсетеді. Сөйтіп, Экваторға жақын аймақтарда  жауын-шашын екі есе көбейіп, су мол жылдар болады, бірақ   құрғақ елдер су дағдарысымен бетпе-бет келеді. Таяу Шығыс осы шиеленістің басты нүктесі болып табылады. Сондай-ақ әлемде орташа жауын-шашынның үштен біріне ие елдерде   булану деңгейі әлемдік деңгейден үш есе артады. Өткен ғасырда мұнай Таяу Шығыстағы азық-түлік тапшылығының орнын толтырғанымен, ондаған жылдар бойғы тарихи тәжірибе мұнай бағасына байланысты экономикалық шиеленістердің тез арада азық-түлік шиеленісіне айналатынын көрсетті.

Азық-түлік әлемдегі ең маңызды мәселелердің бірі. Дүниежүзілік банк Азық-түлік қауіпсіздігін барлық адамдарға салауатты өмір сүру үшін жеткілікті мөлшерде тамақтануға қол жетімділік деп көрсетті. Бұл анықтама ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына тәуелді болатын «азық-түліктің қолжетімділігі», «азық-түлікке қолжетімділік» және «тамақ тұтынудағы тұрақтылық» деген үш негізге байланысты. Осы кезде дамыған және дамушы елдер ауылшаруашылығын дамыту, сондай-ақ өзі   мен одақтастарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін суды аз тұтыну үлгісін пайдалануда. Бірақ егістік жерлер мен судың тапшылығы сынды мәселелерге байланысты кейбір мемлекеттер ауылшаруашылық жұмыстары үшін жерді басқа елдерден сатып алуда.

 

Инфографика бүкіл әлем бойынша 2010 жылдағы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің жер асты суларына тигізген әсерін көрсетеді. 

 

 

Инфографика бүкіл әлем бойынша 2010 жылдағы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің жер асты суларына тигізген әсерін көрсетеді. 

Азық-түлік қауіпсіздігі – билік басындағы үкіметтің басты мәселелерінің бірі. Басқаша айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі билікті сақтап қалу саласындағы негізгі стратегиялардың бірі, халықтың ризалығы, ұлттық күш-қуат.

Қазіргі әлемдік сауда  көптеген дамыған елдердегі өнім мөлшерінің артуына сауда бәсекелестігінің негізі ретінде қарайтындай жағдайда. Мәселен, Бразилия мен Аргентина сынды мемлекеттер  өз өнімдерін сататын аймақтарды ідестіруде.   Қазіргі экономикада кейбіреулер «қайшылықсыз жасыл отаршылдық» деп атайтын «трансаймақтық егін» сынды жаңа құбылыс өз орнын алды. Шын мәнінде, бұл «виртуалды су» саудасының бірі. Шын мәнінде, бұл «виртуалды су» саудасының бір аспектісі, бұл басқа елдерде түрлі дақылдарды отырғызып, оларды импорттауды білдіреді.  

Трансаймақтық егін ауылшаруашылық өнімдері артып, бір елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жағдай тудырады. Осыған орай елінің ішінде су мен жер тапшылығынан қиындық көретін мемлекеттер бұл әдісті пайдаланып, басқа елдерде жерді жалға алып, өзіне қажет өнімдерді өндіре алады. Трансаймақтық егін ұзақ мерзімді болмауы керек. Жерін жалға берген және жерді жалдаушы елдердің  өзара тәуелділігі трансаймақтық егіннің   тағы бір маңызды мәселесі болып табылады. Ол мүмкіндігінше саяси қақтығыстардан азат болуды қажет етеді.

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін қолданылатын жерасты көздері Ground water depletion (GWD) деп аталады. University College London мен Колумбия университетінің зерттеушілері зерттеу барысында 2000, 2010 жылдары ауылшаруашылығы өнімдерінің әлемдік экспорты мен импорты  саласындағы  GWD деңгейімен салыстырды. Бұл зерттеулердің нәтижелері әлемдік GWD деңгейінің 10 жылда 22 пайызға артқанын көрсетті. Таяу Шығыс елдері, АҚШ, Мексика, Қытай, Үндістан және Пәкістан жерасты сулары ресурстарына да тәуелді. Бұл елдерде жаңартылмайтын ресурстар әртүрлі ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін қолданылады.  Жерасты су көздерін  ең көп қажет ететін бидай, одан кейін күріш, қант қамысы, зығыр және жүгері. Әртүрлі өнімдерге GWD  жерасты суларының әртүрлі мөлшері қажет. Орта есеппен 1 кг бидай үшін 812, 1 кг күріш үшін 199, 1 кг жүгері үшін 72 литр жер асты суы қолданылады. Қытай жерасты сулары қолданылған ауылшаруашылық өнімдерін импорттайтын негізгі мемлекет, одан кейін АҚШ, Иран, Мексика мен Жапония. Таяу Шығыстағы бес мемлекет   қалпына келтірілмейтін ауылшаруашылық өнімдерін импорттаушылардың алғашқы 10 елі тізіміне кірді. Бұл тақырып аталмыш аймақтың өнімдерге тәуелділігін көрсетеді. Азық-түлік экспорттайтын мемлекеттер қысқа мерзімге сауда пайдасын көргенімен олардың кірістері тұрақты емес. Өнімдерді импорттайтын елдер өздерінің жергілікті су ресурстарын үнемдеп қолданғанымен, олардың азық-түлік қауіпсіздігі қатерге тірелуде. Әсіресе суы аз елдерде бұл дақылдарды отандық дақылдармен алмастыру мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл елдер сауда серіктестігімен   қоршаған орталарының  су қабатына зиян келтіреді.

Көптеген сарапшылар ауылшаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен су ресурстарын теріс пайдалану жағдайларын зерттеп, қоғамдар су секторын басқару мәселесін шешу үшін  әлеуметтік мәселелерге тап болуы мүмкін деп санайды. Сондықтан әртүрлі салалардағы саясат пен келіссөздерде даму үшін ұсынылған стратегиялардың бірі энергияны тұтыну, судың өнімділігін арттырып, оны пайдалануды реттеу саласындағы экономикалық жоспарлау мен стратегиялық жоспарлауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі мен онымен байланысты салалардың мониторингі, экспорт пен импорттың басымдықтары, елдердің энергетикалық және су ресурстарын оңтайлы пайдалану үшін үкіметтер ескеруі керек. Бұл салалардың дамуы экологиялық экономика мен таза тауарлар өндірісіне негізделгендіктен, энергия және су ресурстарын пайдалану туралы заңдарды сақтаудағы маңызды қадам болып табылады. Олай болса, «азық-түлік қауіпсіздігі» деп аталатын мәселені шешу «су тапшылығы» деп аталатын дағдарысқа себеп болмайды деп үміттенуге болады.