Иранның туристік тартымдылықтары (9)
Бұл бағдарламада Илам облысының келесі қаласы Дәррешәһрмен таныстырамыз.
Алланың атымен!
Иранның батысындағы қалалардың әрқайсысының өз қызығушысы бар. Ерекше табиғатқа ие қалалар, тарихи ескерткіштері көп қалалар, қолөнер түрлері жақсы дамыған қалалар мен басқа да ерекшеліктерге ие қалалар әртүрлі адамдардың туристік басымдығы бола алады.
Дәррешәһр – Иранның тарихына қызығатын адамдар үшін ерекше тартымды қалалардың бірі. Илам ауданының батысындағы бұл тарихи қаланың табиғи, тарихи және мәдени тартымдылықтарының топтамасы, соның ішінде "Мадакто" деген атпен танымал "Сеймаре" тарихи қаласының үйінділері мен Гавмишан көпірі Кабиркуһ тауының етегінде орналасқан.
Дәррешәһр
Иранның батысындағы қалалардың әрқайсысының өз қызығушысы бар. Ерекше табиғатқа ие қалалар, тарихи ескерткіштері көп қалалар, қолөнер түрлері жақсы дамыған қалалар мен басқа да ерекшеліктерге ие қалалар әртүрлі адамдардың туристік басымдығы бола алады.
Дәррешәһр – Иранның тарихына қызығатын адамдар үшін ерекше тартымды қалалардың бірі. Илам ауданының батысындағы бұл тарихи қаланың табиғи, тарихи және мәдени тартымдылықтарының топтамасы, соның ішінде "Мадакто" деген атпен танымал "Сеймаре" тарихи қаласының үйінділері мен Гавмишан көпірі Кабиркуһ тауының етегінде орналасқан.
Дәррешәһр
Кабиркуһ тауы арасындағы жап-жасыл әдемі сайда "Колм" атты тартымды ауыл орналасқан. Бақтардың көптігі мен сарқырай аққан өзені ауылды жолаушылар үшін жанға жайлы демалыс орындардың біріне айналдырды. Ауданның өзені Кабиркуһ тауынан бастау алып, Сеймаре өзеніне құяды. Сасанилер заманына тиесілі бір қамал мен бір «аташкаде» – отқа табыну орнының қалдықтары және Джабер бен Ансари мен сейіт Таджеддиннің қасиетті мазары бұл жердің сұлу табиғатымен қоса зиярат ететін тарихи орынға айналуына себеп болды.
Колм ауылы
Дәррешәһр қаласының оңтүстік-батыс және батыс бөлігінде Иранның батысындағы ең үлкен тарихи кешендердің бірі орналасқан. Мұнда сұлу табиғат көне тарихи ескерткіштермен қатар орналасып, ауданның тартымдылығын арттырады. Кейбір тарихшылар "Мадакто" деген атпен танымал "Сеймаре" тарихи қаласын ежелгі иламдықтардың Луристан тауларына билік жүргізіп тұрған дәуіріне тиесілі деп санайды. Иламдықтар кең аумақты басып алып, өздерінің екінші астаналарын осы жерге орналастырып, оны "Мадакто" деп атаған. Ахеменилер заманында бұл қала туралы ешқандай хабар болмаған, бірақ Сасанилер заманында ол өзінің шарықтау шегіне жетті.
"Сеймаре" тарихи қаласы
Қазіргі таңда қаланың үйінділерінен Сасанилер заманына тиесілі қала құрылысы стилі байқалады. Бұл кешенде күзет мұнаралары, көшелер, су жүйесі мен канализация болған. Тастар мен қала үйінділері арасында қадам басқан кезде ерекше архитектуралық және геометриялық нақтылық пен нәзіктікті байқауға болады. Бір кездері Сеймаре өзенінің бойында бір әдемі қала болғанын елестетіп көріңізші. Бұл кешенді аралап, қиялыңыздың арқасында аман қалған қалдықтардың көмегімен тарихқа сапар шеге аласыз. Ауданның әдемі табиғатын былай сипаттауға болады: сарқыраған өзен бір кең алқаптан ағып өтіп жатыр. Бұл алқапта бірнеше үлкенді-кішілі төбе бар. Өркеш-өркеш төбелер мен онда өсетін түрлі түсті өсімдіктер көздің жауын алады. Күндіз көне қала қирандылары арасында жүргенде сәулетшінің табиғатпен үйлесе әрекет еткенде қандай сұлулықты тудыратынын ұғасыз. Бұл көне қаладағы келесі маңызды ескерткіштердің бірі – Ислам дәуіріне тиесілі мешіт. Бұл ғимарат тас пен алебастрдан салынған. Кіреберіске салынған аркалардың барлығы бесікке ұқсайды. Мешіттің шабестаны – намаз оқитын залы мен ейван – террасасы әдемі алебастр жапсырмаларымен көмкерілген. Мұны міндетті түрде көру керек.
Осы сұлулықтардың барлығымен қоса Сеймаре өзенінің үстіне Гавмишан әдемі көпірі салынған. Бұл Иранның батысындағы ең ірі, көне әрі танымал тарихи көпірлердің бірі. Қазіргі таңда Сеймаре өзені көпірдің екі тұғыры арасынан ағып өтеді. Оның үстіндегі аркасы сынған. Бірақ көпірдің басқа есікшелері аман. 1500 жыл бұрын салынған бұл құрылыстың салтанатын сипаттау үшін көпірдің ұзындығының 168 метр, ал тұғыры енінің 8 метр екенін білуіңіз жеткілікті. Қазіргі таңда көпірдің 6 есікшесі салыстырмалы түрде аман сақталған. Көпірдің құрылысында қиыршық тас, кірпіш, тас блоктары, алебастр қоспасы сияқты материалдар қолданылған. Көпірдің архитектуралық ғажайыптарының біріне судың ағысын жеңілдету үшін көпір тұғырының төменгі жағы эллипс пішінде салынғаны жатады.
Гавмишан көпірі
Дәррешәһр қаласына сапарда "Баһрам Чубин" атты танымал шатқалды көруіңіз керек. Бұл шатқал Кабиркуһ тауынан таралған жартастардың арасында орналасқан. Шатқалда Чубин қамалы деп аталатын әскери қамалдар мен дуалдардың қалдықтарынан тұратын кешен орналасқан. Ол әскери символдарға толы. Биік тас дуалдардың бетіндегі қолмен жасалған тесіктер, шатқалға кіре берістегі күзет мұнарасы көруге тұрарлық. Бахрам Чубин Хосроу Парвизге қарсы бүлік шығарған заманда осы шатқалды паналаған екен. Бұл шатқал әскери тұрғыдан дұшпандар оңайлықпен кіре алмайтындай жасалған. Шатқалдың тас қабырғалары өте мықты жасалған. Қабырғалармен бірге жартастардың өздері де қамалдың беріктігі мен қауіпсіздігін арттыра түскен. Жартастың үстіне биік дуал қалай салынған? Жартастың үстіне шығу қиын. Өткелі қиын шатқалдың ішінде тұрғын үйлер, патша тұрағы, тас хауыздар, қойма мен мұнара болған. "Баһрам Чубин" шатқалының кіреберіс бөлігі мен биік жақтарында көптеген құнды ескерткіштер бар. Мысалы, Сасанилер заманына тиесілі тас пен алебастрдан жасалған тағы бір қамал бар. Ол шатқалдың түкпірінде Кабиркуһ тауының орманды биіктіктеріне жапсарлас өткелі қиын жерде орналасқан.
Бұл шатқалды Баһрам Чубиннің аң аулайтын жері деп те атайды. Өйткені шатқалдың іші мен артында аң-құстардың тіршілік етуі үшін қолайлы тың орта қалыптасқан. Баһрам осы сайда аң аулаған екен. "Баһрам Чубин" шатқалының тартымдылығы дуалдардың үстіне салынған тас баспалдақтармен қоса 4 су қоймасында. Су қоймалары жартасты тесіп, өте әдемі тәсілмен табиғи түрде салынған. Баһрам бұл жерді демалуға да, жақсылап ойластыру арқылы өмірге қажет мүмкіндіктерді жасап, паналауға да болатын орынға айналдырған деген нәтиже шығаруға болады.
Дәррешәһр – сарқырамалары көп қалалардың бірі. "Марбара" сарқырамасы Дәррешәһр қаласынан Полдохтарға баратын жолдың 20 км-де орналасқан. Сарқырама бірнеше ағашпен қоршалған. Жыл бойы, әсіресе көктемде оның суы мол. Суы тұщы. Туристерге көруге кеңес береміз.
"Марбара" сарқырамасы
Жалпы Дәррешәһрдің экономикасы бау-бақша, егін мен мал шаруашылығына негізделген. Мал шаруашылығы бұл ауданда ерекше дамыған. Мал шаруашылығы өнімдері басқа аудандарға шығарылады. Дәррешәһрді бір-екі күнде аралап шығу мүмкін емес. Оның табиғи сұлулықтарын тамашалау үшін көбірек уақыт бөлу керек. Дәррешәһр сапары барысында әдемі панорамалардың жадыңызда мәңгі сақталып қалатыны анық.