Сәу 13, 2016 18:59 Asia/Almaty
  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (56)

Әрбір діннің өзіне тән арнайы рәсімдері мен әдет-ғұрыптары бар. Бұл рәсімдерде халықтардың нанымсенімі мен салтдәстүрлерінің бір бөлігі таныстырылады. Аталмыш әдетғұрыптар әдетте әлгі діндерді ұстанушылардың бір ортаға бірігуіне жағдай жасайды. Әрине арнайы рәсімдерді орындаудың арнайы кеңістіктерді қажет ететіндігі айқын.

Шиіттік ағымдағы мұсылмандар үшін мұхаррам айының аза тұту рәсімдері өте маңызды. Өйткені шиіттік ағымның діни дәстүрі мен әдетғұрыптары мен кейбір нанымсенімдері Ашура рәсімінен көрініс тапқан. Жыл сайын Ашура рәсімдерін өткізу әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі шиіттердің байланысын сақтайтын маңызды фактордың бірі болып саналады. Қалалар мен әртүрлі махаллелерде Ашура рәсімдерін өткізу тәсілінің бірбірінен айырмашылығы болса да, ол діниәлеуметтік тұрғыдан халықтың әртүрлі топтарының бірігуіне септігін тигізеді. Ирандық саяхатшы Шуштаридің айтуы бойынша, Үндістанның солтүстігінде тұратын үндістер де Исламға сенбесе де, имам Хұсейннің (ғ.) қазасын аза тұтуға арналған арнайы орындар салуды назарға алып отырады. Мұның өзі имам Хұсейн (ғ.) тұлғасының ұлылығын көрсетеді. Иранда азат тұту топтарын құрудың түптамыры Буйе әулеті мен Мааз адДоуле Дейламидің кезінен бастау алады. Ол замандарда Ашура күнінде базарлар жабылып, халық қара жамылатын болған. Олар көше бойымен ақырын жылжып, имам Хұсейнді (ғ.) жоқтап, жылайтын болған. Аза тұту рәсімін өткізудің осы тәсіліне біртебірте өзгерістер енгізіліп, дамытылды. Кейіннен әртүрлі топтар жиналып, аза тұту рәсімдерін өткізетін жерлер салынды. Бұл орындардың атауы әрбір елде әртүрлі аталған. Үндістанда оны "ашурахана", Иракта "хұсейние", Иранда "текие" деп атаған. Бұл ғимараттар негізгі көшелердің қиылысында, қоғамдық алаңдарда, базарлардың негізгі қиылыстарында, керуен сарайлардың немесе зиярат ететін орындардың ауласында салынған. Көпше түрі "такайа" болып келетін "текие" сөзінің негізгі мағынасы – бір нәрсеге сүйену, отыру және орналасу дегенді білдіреді. Бірақ бұрынғы заманда термин ретінде кедейлерге көмектесу үшін салынған мемлекеттік емес орындарға қатысты қолданылған. Аббас I шахтың кезінде «текиелер» мұхаррам мен Ашураға қатысты рәсімдерді өткізетін орынға айналдырылды. Иранда «текиенің» барлығын растайтын алғашқы құжат 1786 жылға тиесілі. Қаджар дәуірі қайраткерлерінің бірі қажы Мырза Ақаси тарапынан Теһранда салынған «текие» мен Иранның басқа үлкен қалаларындағы «текиелер» соңғы 200 жылда Иранда болған осындай орындардың тарихи үлгілері болып табылады. 1853 жылы Иранға сапармен келген италиялық саяхатшы Карла Серна өзінің сапарнамасында: "Қаланың түкпір-түкпірінде "текие" деп аталатын төбесі жабылған алаңқайлар бар. Ол жерлерде аза тұту рәсімдері өткізіледі. Мұндай «текиелері» жоқ мәхәллелерде уақытша алаңқайлар салынған. Көптеген адамдар оны айнала жайғасып, аза тұту рәсімін тамашалайды", -деп жазған. «Текие» мен «хұсейниелердің» атқаратын қызметі бірдей десе болады. Бұл жерлерде өткізілетін рәсімдер де бір-біріне ұқсас. Бірақ Иранның әртүрлі аймақтарында бұл орындар әрқилы аталады. Мысалы, Теһран, Исфахан, Керман, Кашан және Семнан қалаларында оны "текие" деп атаса, Йезд, Шираз, Ардебиль мен Хоррамшахрда оны "хұсейние" деп атайды. Әрине шөлді аймаққа жақын жердегі кейбір қалаларда, атап айтқанда, Кашан мен Йездте "мейдан" деген атау да қолданылады. Қалай болғанда да, «хұсейние» немесе «текие» Кербала даласының символдары болып табылады. Ортадағы алаңқай соғыс алаңын білдіреді. Аза тұту рәсіміне қатысты көрініс қоюшылар осы алаңқайда орналасады. Бұл олардың дұшпандар тарапынан қоршауға алынғандығын білдіреді. Аза тұтушы топтар – имам Хұсейн (ғ.) әскерінің символы. Олар қолдарына әртүрлі заттар, ту мен байрақтар ұстап шығады. Бәрінен маңыздысы, аза тұтушылар шатыр пішіндес құрма ағашын немесе үлкен ағаш табытты иықтарына салып алып жүреді. Бұл құрма ағашы - Кербала шәһидтерінің жанкештілігі мен құрбандығының символы. Су – Ислам мәдениетінде өмірдің негізгі бастауы ретінде жұмақ, өмір, тазалық пен сұлулықтың символы болып танылған. Сонымен қатар, су – шиіттер мәдениетінде шөлдеу мен Кербала, хазірет Аббастың (имам Хұсейннің (ғ.) інісі) жанкештілігінің символы болып табылады. Бұл символдық элемент «хұсейниелер» мен «текиелерде» әртүрлі сипатта көрініс тапқан. Осындай діни орындарда су қоймаларын салу немесе халық пен аза тұтушылардың қолдануына арналған «сақахане», яғни тұщы су құдықтарын қазу мұсылмандар арасындағы суды қадірлеудің ең негізгі көрінісі болып саналады. «Текиелердің» атауынан оны салушылардың әдетте кәсіподақтар, үлкен қалалар немесе астана тұрғындарынан қалыптасқан топтар немесе байлар мен ықпалды адамдар болғандығын көруге болады. Олар кейде «текиеге» арналған арнайы орын салған, тіпті кейде өздерінің үйлерін мұхаррам айында аза тұту рәсімдерін өткізуге беріп отырған. Сол себепті кейбір адамдардың үйлері аза тұту рәсімін өткізуге қолайлы болуы үшін ауласына шатыр тігіп, аула ортасындағы хауызды жабуға болатындай салынады. «Хұсейниелер» мен «текиелерде» әдетте екі қабатты етіп салынған. Ер адамдар төменгі қабатта, ал әйелдер үстінгі қабатта жоқтау айтып, аза тұтатын болған. «Текиенің» негізгі бөлігі – үлкен залында аза тұтушылар орналасатын. Бұл залда бағандар, арка пішіндес ойықтар мен кішкене аркалар, есіктер мен көптеген терезелер болған. Ескі «хұсейниелердің» есіктері мен терезелері түрлі түсті шынылардан жасалған. Кейде айна сынықтары және архитектуралық сталактиттермен безендіріліп отырған. «Текиенің» негізгі залының есігі, қабырғалары мен төбесінде Кербала оқиғасы бейнеленген. «Текиелерде» намаз оқуға, оқшаулануға және аза тұтунышыларға тамақ беруге арналған бөлмелер де болған. "Тазие" көрінісі мұхаррам айында орындалатын аза тұту рәсімдерінің бірі болған және күні бүгінге дейін сақталған. Бұл көрініс халық тіліне жақын поэзия тілінде орындалады. Оның хикаяларының сюжеттері діни дастандардан алынған. Кей жағдайларда бұл дастандар Иранның ежелгі аңыздарымен астасып жатады. Мұндай көріністерде дауысы жағымды адам "тазие - жоқтауды" бастап, қиссашы сынды оқи бастайды. Қажет жерінде сахнаға актерлер шығып отырады. Сол кезде қиссашы тоқтап, актерлер дастанды жалғастырып кетеді. «Тазиенің» басты ерекшелігі, көп жағдайда алдымен барлық оқиға түсіндіріледі, көрермен оқиғаның соңын біледі, бірақ көріністі соңына дейін тамашалайды. Мұсылмандардың пайымдауынша, Кербала оқиғасын еске алу және имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рухтың тазарып, нәпсінің түзелуіне және сауап алуға септігін тигізеді. «Текиелер» Иранның әртүрлі аймақтарында әртүрлі құрылыс материалдарымен және әрқилы ішкі жобамен салынады. Мысалы, Иранның солтүстігінің климаты қоңыржай әрі ылғалды болғандықтан, «текиелер» шатырсыз салынған. Тіпті бұл аймақтарда кейде алаңдар аза тұту рәсімдерін орындауға пайдаланылып отырған. Мұнда қолданылатын құрылыс материалдарының қатарына күйдірілген кірпіш, әк қоспасы мен қыш тақташалары жатады. Қыш тақташалар төбені жабуға пайдаланылған. Осылайша халық жауын-шашыннан қорғалып отырған. Мысалы, Иранның солтүстігіндегі Боболь қаласының "Алаша сатушылар текиесі" алаңның бір бұрышында орналасқан. Бұл жерден алаң алақанға салғандай көрінеді. Аза тұту рәсімін өткізер кезінде осы алаң да пайдаланылады. Кейбір қалаларда «текиелер» мешіт, медресе немесе моншаның жанына салынып отырған. Осылайша барша халықтың қолдануына арналған қоғамдық кешенге айналдырылған. Горган қаласындағы "Дарб-е ноу" «текиесі» – осындай «текиелердің» бір үлгісі. Иранның оңтүстік жағалауларындағы «хұсейниелер» төрт бұрышты пішінде салынады, олардың қабырғалары мен терезелері биік болған. Өйткені ыстық ауа райында ауаны алмастыруға деген қажеттілік жоғары. Кейбір «текиелерде төбе тек палаткамен жабылып отырған. Осылайша аза тұтушылар көлеңкеде отырып, жоқтау айтатын болған. Бушехр портының «хұсейниелері» көбінесе осындай пішінде жасалған. Таулы аймақтардағы «текиелер көбінесе айналасы қоршалған, төбесі жабылған ғимараттар болып келеді. Ардебиль қаласында аза тұту рәсімдері жергілікті мешіттерде орындалады. Бірақ Зәнджан қаласында аза тұту рәсімі осы қаланың ең үлкен хұсейниесінде өткізіледі және онда барлық халық жиналады. Төбесі жабылған бұл хұсейние екі қабаттан тұрады. Ерлер төменгі қабатта, әйелдер үстінгі қабатта аза тұтады.