Нау 02, 2020 02:26 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (36)

Электрлі көлік. Иран тарихында қол жеткізілген жетістіктер көп. Олардың барлығы Ислам революциясынан кейінгі 40 жылда орын алды.

Электрлі көлік – іштен жанатын двигательдің орнына қозғалтқыш күшке ие батареяны қолданатын көлік. Алғашқы электрлі көлік 19 ғасырда жасалған.  2009 жылы әлемде парниктік газдардан алаңдаушылық артып, батарея технологиясының дамуына байланысты жаһандық деңгейде электрлі көлік жасау басталды. Иранда 2015 жылы алғаш рет екі отынды – электр-бензинді көліктің тұсауы кесілді. Ал 2018 жылы елде толығымен электрлі көлік таныстырылды. Бұл жетістік елдің көлік жасау өнеркәсібінде және электромотор жасау технологияларының дамуында ірі қадам болып саналады.