Сәу 13, 2016 21:00 Asia/Almaty
  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (74)

Иран өзінің тарихы бойында көптеген шарықтаулар мен құлдырауларды басынан өткеріп, әрбір тарихи дәуірде саясиэкономикалық, мәдениәлеуметтік жағдайға байланысты сәулет өнерінің ерекше стильдеріне бет бұрып отырды.

Мысалы, Иранға Ислам діні келгеннен кейін Ислам мәдениетінен әсер алған жаңа сәулет өнері қалыптасты. Оны діни орындар, оқу орталықтары мен тұрғын үйлерден көруге болады. Бұл сәулет өнері кейінірек Буйе әулеті мен Селжұқтар кезінде мәдени тұрғыдан өзгеріске ұшырады. Қабілетті өнерпаздар ғимараттардың бірегей үлгілерін тудырды. Америкалық ирантанушы әрі тарихшы Артур Поптың айтуы бойынша, «Ирандықисламдық сәулет өнеріндегі жетістіктер ескі архитектуралық формаларды өңдеуден өткізіп, олардың мүмкіндіктерін арттырып, өте әдемі сәулет өнеріне дейін кемелдендіруде болды. Оның нәтижесі бұрынғы сәулет өнерімен салыстырғанда әсерлірек». Ислам діні 12 ғасырда Үндістанның солтүстігіне еніп, біртіндеп осы аймақтың мәдениеті мен өнеріне ықпал ете бастады. Бұл аймақтағы ғимарат салу тәсілі исламдықирандық сәулет өнерімен астасып, жаңа тәсіл пайда болды. Бұл тәсіл, мешіт, кесене, сарай және қамал салуда көрініс тауып, үнді сәулет өнеріне ерекшелік сыйлады. Гуджарат, Бенгали, Кешмир, Пенджаб және Дакан – ирандық сәулет өнерінің белгілерін көруге болатын аймақтардың қатарына жатады. Мысалы, Делидегі Хумаюн кесенесі Иранның сырлы кірпіштермен жабылған тастан жасалған кесенелерінің бір түріне жатады. Бұл – бақ ішіне салынған кесенелердің алғашқы үлгісі. Хумаюн – Үндістандағы Гурканилер әулетінің екінші патшасы. Ол 15 жыл бойы Иранның патша сарайын паналағаннан кейін Тахмасп I шахтың көмегімен өз еліне қайтып оралды. Хумаюн өнер мен ғылымға ерекше ықылас танытып, өте үлкен кітапхана жасады. Бірақ Үндістанға қайтып оралғаннан кейін аз уақыттың ішінде дүниеден озды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның ирандық әйелі Иранның бақ ортасындағы кесенелерден шабыт алып, «Жәннат бағы» немесе сол «Хумаюн кесенесін» 1562 жылы салдырды. Оны салуға 8 жыл уақыт кетті. Бұл ғимарат – толықтай ирандық ерекшеліктермен салынған үнді ғимараттарының бірі. Ғимаратта керамикалық тақташалар мен кірпіштердің күрделі қосындысы қолданылған. Терассалар, доға пішіндес төбелер мен тар күмбездер оған өте әдемі келбет сыйлады. Осы кесене қызыл таспен безендірілген, оның бағының жобасы Иранның төрт бөлікті бақтарына ұқсас келеді. Оның үлгілерін Исфаханнан көруге болады. Гари Мартин «Ислам әлемінің сәулет өнері» атты еңбегінде исламдықирандық сәулет өнерінің принциптері анық көрінетін Үндістанның отыздан астам атақты ғимаратын атап өткен. Мысал ретінде Аградағы Қызыл қамалды, Делидегі Ислам қуаты мешітін, Делидегі Құтбмұнарасын және Аградағы Эттемад одДоуленің кесенесін атауға болады. Иран сәулет өнерінің Үндістанда көрініс табуы, шын мәнінде, Құтбмұнарадан басталды. Бұл мұнара өте биік әрі салтанатты. Ол Үндістанның алғашқы мұсылман билеушісі тарапынан х.қ.ж.с.б. 6 ғасырда (12 ғасырдың аяғында) Делиде салынды. Бұл мұнараның биіктігі бүгінде шамамен 73 метрді құрайды. Ол әлемдегі ең биік тас мұнара. Оның архитектуралық стилі – ирандық стиль. Оның бірінші қабаты Құран аяттары жазылған әдемі тақташалармен безендірілген. Үндістанда ирандық стильмен немесе ирандық сәулетшілердің көмегімен салынған ғимараттарда атап өтетін маңызды мәселе – безендірулердің молдығы. Үндістанның салтанатты сәулет өнерінде геометриялық пішіндер, өсімдіктердің суреттері мен қанық бояулар көп қолданылады. Мұны осы елдің ғимараттарының көбісінен көруге болады. Бірақ күмбез салу, сырлы кірпіш жапсыру, төрт терасса жобасы, Иран бақтары – осының барлығы Үндістанның жержерінен көруге болатын Иран сәулет өнерінің айқын ерекшеліктері болып табылады. Иранда мазар салу діни немесе мәдениәлеуметтік салалардағы көрнекті тұлғаларды еске алу үшін қолданылатын әдеттегі тәсіл болып саналады. Әсіресе Ильханилер дәуірінен кейін мазар салуға ерекше көңіл бөліне бастады. Үндінің Гурканилері де кей жағдайларда осы тәсілді пайдаланып, өздерінің ұлы адамдарына арнап мазар салуға бет бұрды. ТәжМахал – әлемдік сәулет өнерінің бірегей туындыларының бірі болып есептеледі. Бұл ғимараттың ирандық архитектуралық стилі оны Иранның сәулет өнерінің әсерімен салынған ескерткіштердің қатарына қосуға себеп болды. ТәжМахал – Делиден 200 шақырым жерде, Агра қаласына жақын жердегі әдемі әрі салтанатты кесене. Бұл ғимарат Гурканилердің бесінші патшасы Шахжаһанның бұйрығымен өзінің ирандық әйелі Момтазмахалды еске алу мақсатымен салынған. Шахжаһан оның қабірінің үстіне әдемі кесене салдырды. Оны салуға Азияның түкпіртүкпірінен, соның ішінде Ираннан 20 000 өнерпаз бен сәулетшіні шақыртқан. ТәжМахалды салу 1632 жылы басталып, 1647 жылы аяқталды. Гивин Гамбли өзінің «Гуркандық Үндістанның қалалары» атты еңбегінде: «Исламдық сәулет өнерін зерттеу барысында ТәжМахалды көргеннен кейін бірден қалыптасатын тұрақты пікір – бұл ғимаратта ирандық тамырлардың болуы», деп жазған. Ол ТәжМахалды Сефевилер дәуіріндегі сәулет өнерінің бір үлгісі деп таныстырып, оны Иранның үнді сәулет өнеріне әсерінің көрсеткіші деп санайды. Тарихи құжаттарда бұл кесенені салушының аты аталмаған. Бірақ кейбір кітаптарда «Ахмад Лохури» деген адамның аты аталады. Ол осы ТәжМахал мен Қызыл қамалдың сәулетшісі болған делінеді. Тағы Шираздан шыққан Иса ұстаздың да есімі аталады. ТәжМахалдың есіктері мен қабырғаларындағы барлық жазбаларды «Аманатхан Ширази» деген кісі жазған. Ол жазбаларды ақ мәрмәрдің үстіне қара түспен «сұлс» жазуымен әдемілеп ойып жазған. Негізгі ғимараттың үстіне алмұрт пішіндес күмбез салынған. Ол екі қабаттан тұрады. Биіктігі мазар деңгейінен 50 метрден асады. Негізгі күмбездің төрт жағында кішкене күмбездері бар төрт арка бар. Оның тағы бір үлгісін Бұқарадағы Амир Исмаил Саманидің кесенесінен көруге болады. Мұның өзі негізгі ғимараттың басқа бөліктерден маңыздырақ екендігін көрсетеді. Бақ пен мазардың салтанатты кіреберіс дарбазасы қабырғаның ортасында орналасқан және өте қарапайым салынған. ТәжМахалдың биіктігі 58 метр, ені 56 метр. Ол үлкен мәрмәр платформаның үстіне салынған. Бұл ұлы ғимарат 18 га ауданды алып жатқан бақтың ортасында орналасқан. Ортасынан су ағып жатыр. Оның кеңістігі Иран бағының стилімен безендірілген. ТәжМахалдың ғимараты ақ мәрмәр тастан салынған. Шахжаһан осы кесененің жанына өзіне қара мәрмәрдан кесене салдыруды ойлаған. Бірақ ол салынбай қалды. Патшаның қабірі оның жұбайының жанынан қазылды. Негізгі ғимараттың екінші жағынан екі кішкене құрылыс көзге түседі. Сондайақ оның жанынан қызғылтым және қоңыр түспен боялған үш күмбезді мешітті көруге болады. Осы кешеннің ішінде қонақтарды күтуге арналған ғимарат та салынған. ТәжМахал 1983 жылы ЮНЕСКОның әлемдік мұра тізіміне алынды. 2007 жылғы дүниежүзілік сауалнама нәтижесі қатысушылардың ТәжМахалды қазіргі заманғы әлемнің жеті кереметінің бірі деп атағандарын көрсетті.