Сәу 13, 2016 21:13 Asia/Almaty
  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (76)

Бүгінде Өзбекстан Республикасының оңтүстігіндегі Бұхара қаласы Орта Азия аймағындағы ирандық стильмен қала салу үлгісінің ең жақсы үлгілерінің бірі болып табылады.

Осы қалада бар сәулет өнерінің үлгілері мен қаланың салыну тарихын зерттеу Бұхараның Саманилер заманында ең жақсы дамығандығын көрсетті. Сол заманда Бұхара аймақтағы ең үлкен қалалардың біріне айналды. Бұхара қаласының тарихи бөлігінде көптеген ғимараттар мен орындар көп. Олардың ең көрнектісі – «Кәлан» мұнарасы. Ол қазір Бұхара қаласының белгісі болып табылады. Бұл мұнара «Кәлан» мешіті және «Мирараб» медресесімен бірге Бұхара қаласының тарихи бөлігінің ортасында бір кешенді тудырды. «Кәлан» мұнарасы х.қ.ж.с.б. 6 ғасырда (12 ғасырда) салынған. Бұл мұнараның биіктігі 48 метр. Мұнара қабырғасы күйдірілген кірпішпен безендірілген. Оның жоғарғы жағынан көгілдір түсті керамикалық тақташаларды көруге болады. Мұнараның керамикалық тақташалары Иранның әртүрлі аймақтарында ғимараттарды безендіруде қолданылған керамикалық тақташалардың түріне жатады. Бұхара Саманилер мен Тахерилер әулеттерінің астанасы болған. Х.қ.ж.с.б. 3 ғасырдың тарихшысы Яқуби өзінің «әлБүлдан» атты кітабында: «Бұхара – көбіне арабтар мен ирандықтар тұратын қала», деп жазған. Сондайақ, Масуди сияқты тарихшының айтуы бойынша, х.қ.ж.с.б. 4 ғасырда Ислам келгеннен кейін Бұхара Иранның мәдени және әдеби астанасы болған. Сондықтан да бұл қаланың архитектуралық стилі Иранның сәулет өнеріне өте жақын. «Нақшбандие» кешені ирандық кешендерге ұқсас. Ол орталық ауланың айналасына салынған медресе, мешіт және кесенеден тұрады. Бұл ауланың табиғаты мен жасыл кеңістігі көруге тұрарлық. Ауланың бақтарындағы әралуан ағаштар Иранның өзіндік стиліндегі төрт бақты еске түсіреді. Есік пен қабырғалардың бетіне салынған арабеска нақыштары да ирандық ғимараттардың нақыштарына қатты ұқсайды. Су ішуге арналған «сақахана» Иранның сақаханаларына ұқсас осы кешеннің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сондайақ, кешен ауласының ортасынан тіктөртбұрыш пішінді хауызды көруге болады. Халық оны вузу алуға қолданады. Медресе ғимаратын симметриямен салу, залдар мен терассалардың төбесін ағашпен безендіру, адам мен жануарлардың суреттерінің болмауы осы ғимараттардың х.қ.ж.с.б. 7-8 ғасырларындағы Иран сәулет өнерімен ұқсастықтарының қатарына жатады. Ғимараттардағы күйдірілген кірпішті көркемдеп қалау стилі де Тимурилер дәуірінде кең қолданылған сәулет өнеріне негізделген. Орта Азия аймағында үлкен керуен сарайлар, қоғамдық моншалар мен көптеген базарлар салынған. Бұл ғимараттарды салуда билеушілер мен жергілікті саудагерлер маңызды рөл атқарған. Ғимараттар көбінесе вакфқа беріліп отырған. Хиуа – Тимурилер дәуірінде жақсы абадтандырылып, шарықтау шегіне жеткен қала. Хиуаның ескі бөлігінде қабырғасының биіктігі 10 метр болатын бір қамал бар. «Ичан» немесе «Ишан» қамалы Хиуадан қазіргі Иранның территориясына кіретін керуендердің соңғы тұрағы болған. Бұл қамал ирандық қамалдардың стилінде салынған. Ғимараттың айналасында бірнеше күзет мұнаралары бар. Қамалдың қалалық бөлігі мен ондағы ғимараттар Иран сәулет өнерінен әсер алып салынған. Хиуаның көңіл аударуға тұрарлық архитектуралық стилі мен қала құрылысына байланысты әлемдік маңызы бар ежелгі қалалардың тізіміне алынғандығын айта кету қажет. Ауғанстан да Иранның мәдениті мен архитектурасының ықпалында болған географиялық аймақта орналасқан. Осы елдегі көптеген мешіттер исламдықирандық архитектуралық стильде салынған. Бұл Иранның мұсылман сәулетшілерінің осы аймақта болғандығын көрсетеді. Ақсақ Темірдің ұлы Шахрух пен оның әйелі Гаухаршад 1401 жылы Герат қаласын Тимурилердің астанасы деп жариялады. 15 ғасыр Гераттың алтын дәуірі болды. Өйткені Герат бұл кезеңде суретшілер мен сәулетшілерді тәрбиелеу жөнінен Азиядағы озық қала болып саналды. Ол заманда мешіттер мен салтанатты сарайлар салынды. Олар қазір де Гераттың құнды ескерткіштері болып табылады. Айналасында 12 мұнара салынған мешіт пен медресе Гаухаршад бегімнің бұйрығымен салынған. Қазір одан тек 5 мұнара қалды. Гераттағы «Гаухаршад» медресесі Тимурилер дәуірінде Қавам адДин Ширази тарапынан салынған төрт терассалы медресе болып табылады. Иранның көрнекті сәулетшісі Қавам адДин Зейнаддин Ширази х.қ.ж.с.б. 818 жылы Гаухаршад бегімнің бұйрығымен Мешхед қаласында «Гаухаршад» мешітін салды. Бұл мешіт Самарқандтағы «Ғиасие Харгард» медресесі мен «Алағ бек» кесенесі, Гераттағы «Гаухаршад» мешітмедресесімен бірге осы ирандық өнерпаздың архитектуралық туындылары болып табылады. Күмбез бен төбенің айналасына кірпішті көркемдеп қалау, «мұқарнас»  архитектуралық сталактиттерді көк және қызыл нақыштармен өрнектелген ақ түсті керамикалық тақташалармен жабу – ғимараттардың ұқсастықтары мен Ислам елдеріндегі Иран сәулет өнерінің таралғандығын көрсетеді. Газна қаласындағы «Бахрамшах» мұнарасы Иран өнерінен әсер алған ғимараттардың бірі болып табылады. Бахрамшах 11 ғасырда өмір сүрген, бүгінде оның қабірінің үстінде мұнара салынған. Бұл мұнараның безендірулері оған ерекше салтанат сыйлады. Бұл мұнара одан жүз жыл бұрын Иранның орталығындағы Керманға жақын жерде салынған мұнараға өте қатты ұқсайды. Ислам келгеннен кейінгі дәуірлерде керуен сарайлар жобасы мынадай болған: орталық ауланың айналасына керуеншілерге арналған бөлмелер салынған, ал оның артында мал ұстауға арналған қоралар орналасқан. Керуен сарайлардың көбінде орталық ауланың айналасына екі немесе төрт терасса салған. Керуен сарайлардың осындай ирандық стилі Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Орта Азия елдері сияқты елдердің көбінде салынған керуен сарайларға үлгі болды. Сондықтан да Ауғанстанда сақталып қалған бірнеше керуен сарай ирандық керуен сарайлардың архитектуралық стиліне қатты ұқсайды. Мысал ретінде Ауғанстандағы Таш Гурканға жақын жердегі керуен сарай ішкі декорация жағынан да, сыртқы келбеті мен қолданылған материал тұрғысынан Ирандағы «Гәз» керуен сарайына ұқсайды. Бұл екі керуен сарайдың көркемделіп қаланған кірпіштері, ғимараттарды безендіру үлгілерінің бірбіріне ұқсастығы соншалықты, бір сәулетшінің қолымен салынғандай көрінеді.

Тегтер