Иран: Хадже тауы (85)
Сәу 29, 2020 18:02 Asia/Almaty
Систан мен Белуджистан облысындағы Заболь қаласының оңтүстігінен 30 км жердегі Хадже тауы Һамун көлінің ортасында орналасқан.
Бұл тау қара базальт тастарынан түзілген. Тауда бір үлкен ғимарат, отхана, екі кірпіш қамал, ескі жолдардың қалдықтары, әртүрлі дуалдар, тас қабірлер және бірнеше исламдық зиярат орны бар. Таудың көне атауы – Ушида. Орта парсы тілінде «мәңгілік» деген мағына береді. Герман археологы Эрнест Херцфельд бұл кешенді «саз кірпіштен жасалған Тахт-е Джамшид (Персеполис)» деп атаған. Кешенді 1916 жылы ағылшын археологы Оруэлл Стейн ашты.
Тегтер