Сәу 14, 2016 12:39 Asia/Almaty

Өткен бағдарламада қажылыққа аттанатын адамның қоштасу және оны шығарып салу рәсімдері жайлы сөз қозғадық.

 Мұхаммад пен Хамидтің бүгінгі әңгімелері Ирандағы қажыларды қарсы алу рәсімдері жайлы. Қажы Меккеден қайтып келгенде, достары мен туыстары оны күтіп алу үшін гүл мен тәтті дәм алып әуежайға барады, ал қалғандары қажының үйінде оның келуін күтеді. Жанұя мүшелері мен жақын туыстары қажы үшін құрбандық шалады. Қажы үйіне жеткен кезде оның көз алдында қойды немесе кейбір кездері сиырды құрбандыққа шалады. Сол кезде көркем дауысты ер адам қажы мен қажылық сапар туралы бейіттер оқып, дұға тілейді. Осылай өлең оқып, дұға тілеу рәсімі «чавуши» деп аталады. Туыстар мен достардың қажының үйінде жиналуып, онымен әңгімелесуі өте қызықты әрі көруге тұрарлық көрініс. Қажы өз сапары мен Мекке және Мәдине жайлы жақсы естеліктерін айтады. Барлығы оны қызыға тыңдап, өздерінің де осындай рухани сапарға барулары туралы тілек тілейді. Алдымен жаңа сөздерді үйренейік:

 

 

сен білесің

ту мидани

تو می دانی

мен білемін

мән миданӓм

من می دانم

сапар

сӓфӓр

سفر

қажылық

хӓдж

حج

қажы

хаджи

حاجی

маңызды

моһемм

مهم

ирандықтар

ираниһа

ایرانیها

олар

анһа

آنها

ұнатады, қалайды

дуст дарӓнд

دوست دارند

кезде

вӓқти

وقتی

ол келеді

у миайӓд

او می آید

туыстар

фамил

فامیل

достар

дустан

دوستان

әуежай

форудгаһ

فرودگاه

олар барады

анһа мирӓвӓнд

آنها می روند

онда

пӓс

پس

бару

рӓфтӓн

رفتن

қайту

бӓргӓштӓн

برگشتن

Солай ма? Дұрыс па?

дорост ӓст?

درست است ؟

ол барады

у мирӓвӓд

او می رود

ол үшін, оған

бӓрайӓш

برایش

қой

гусфӓнд

گوسفند

олар сояды

анһа микошӓнд

آنها می کشند

олар құрбандық шалады

анһа ғорбани миконӓнд

آنها قربانی می کنند

кімдер

че кӓсани

چه کسانی

адамдар

ӓфрад

افراد

жанұя

ханеваде

خانواده

олар сатып алады

анһа михӓрӓнд

آنها می خرند

осылайша

бе ин тӓртиб

به اين ترتيب

барлығы

һӓме

همه

көру

дидӓн

دیدن

барлығы барады

һӓме мирӓвӓнд

همه می روند

кейін

бӓд ӓз

بعد از

үй

хане

خانه

өте шулы

хейли шолуғ ӓст

خیلی شلوغ است

екі апта

ду һӓфте

دو هفته

қонақ

меһман

مهمان

онда бар

у дарӓд

او دارد

қонақасы

меһмани

مهمانی

ресми

рӓсми

رسمی

кешкі ас

шам

شام

түскі ас

наһар

ناهار

ол шақырады

у дӓвӓт миконӓд

او دعوت می کند

 

 

Енді Мұхаммад пен Хамидтің әңгімесіне назар аударалық:

 

Хамид: Сен білесің бе, қажылық сапары ирандықтар үшін өте маңызды.

Хамид: Мидани ке сӓфӓр-е хӓдж бӓрайе ираниһа хейли моһем ӓст.

حمید - می دانی که سفر حج برای ایرانیها خیلی مهم است .

Мұхаммад: Ия. Ирандықтардың қажылық сапарды өте жақсы көретіндерін білемін.

Мухаммад: Бӓле. Миданӓм ке ираниһа сӓфӓр-е хӓдж ра хейли дуст дарӓнд.

محمد - بله . می دانم که ایرانیها سفر حج را دوست دارند .

Хамид: Қажы Меккеден келген кезде туыстары мен достары әуежайға барады.

Хамид: Вӓқти хаджи ӓз Мӓкке миайӓд, фамиль вӓ дустанӓш бе форудгаһ мирӓвӓнд.

حمید - وقتی حاجی از مکه می آید ، فامیل و دوستانش به فرودگاه می روند .

Мұхаммад: Сендер қажы аттанғанда да, қайтып келгенде де әуежайға барасыңдар, солай ма?

Мухаммад: Пӓс һӓм бӓрайе рӓфтӓн-е хаджи вӓ һӓм бӓрайе бӓргӓштӓн-е у бе форудгаһ мирӓвид. Дорост ӓст?

محمد - پس هم برای رفتن حاجی و هم برای برگشتن او به فرودگاه می روید . درست است ؟

Хамид: Ия. Қажы үйіне жеткен кезде ол үшін қой сойылады.

Хамид: Бӓле. Вӓқти хаджи бе хане-ӓш миресӓд, бӓрайӓш гусфӓнд микошӓнд.

حمید - بله . وقتی حاجی به خانه اش می رسد ، برایش گوسفند می کشند .

Мұхаммад: Бұл істі кімдер жасайды?

Мухаммад: Че кӓсани ин кар ра миконӓнд?

محمد - چه کسانی این کار را می کنند ؟

Хамид: Туыстары мен отбасы мүшелері қажы үшін қой сатып алып, оны құрбандыққа шалады.

Хамид: ӓфрад-е ханеваде вӓ фамиль бӓрайе хаджи гусфӓнд михӓрӓнд вӓ ан ра ғорбани  миконӓнд.

حمید - افراد خانواده و فامیل برای حاجی گوسفند می خرند و آن را قربانی می کنند .

Мұхаммад: Осылайша барлығы қажыны көруге барады, солай ма?

Мухаммад: Бе ин тӓртиб, һӓме бе дидӓн-е хаджи мирӓвӓнд, дорост ӓст?

محمد - به اين ترتيب ، همه به دیدن حاجی می روند ، درست است ؟

Хамид: Ия. Туыстар мен достардың барлығы қажыны көруге барады.

Хамид: Бӓле. Һӓме дустан вӓ фамиль бе дидӓн-е хаджи мирӓвӓнд.

حمید - بله . همه دوستان و فامیل به دیدن حاجی می روند .

Мұхаммад: Онда қажылық сапарынан кейін де қажының үйінде адам көп болады екен ғой.

Мухаммад: Пӓс бӓд ӓз сӓфӓр-е хӓдж, ханей-е хаджи хейли шолуғ ӓст.

محمد - پس بعد از سفر حج ، خانه حاجی خیلی شلوغ است .

Хамид: Ия. Ол бір-екі апта қонақ күтумен болады.

Хамид: Бӓле. У йеки ду һӓфте меһман дарӓд.

حمید - بله . او یکی دو هفته مهمان دارد .

Мұхаммад: Ресми қонақасы да бола ма?

Мухаммад: Меһмани-е рӓсми һӓм дарӓнд?

محمد - مهمانی رسمی هم دارند ؟

Хамид: Ия. Қажылықтан кейін бірнеше күн өткен соң қажы барлығын кешкі не түскі ас ішуге шақырады.

Хамид: Бӓле. Чӓнд руз пӓс ӓз хӓдж, хаджи һӓме ра бӓрайе шам иа наһар дӓвӓт миконӓд.

حمید - بله . چند روز پس از حج ، حاجی همه را برای شام یا ناهار دعوت می کند .

 

 

Мұхаммад пен Хамид қажылықтан кейінгі рәсімдер жайлы сөйлеседі. Хамид оған өз ата-анасының қажылық сапары туралы естеліктерін айтып береді. Ол ата-анасы Меккеден Теһранға қайтқан күні барлық туыстар мен достар ата-анасы үшін сыйлық, гүл шоқтары мен түрлі тәтті дәм әкелгенін айтады. Нағашы ағасы мен ағасы олар үшін қой сатып алып, сойыпты. Сол күні көптеген адамдар келіп кеткен екен. Әкесі біраз иіссу мен таспиық әкелген. Соларды келген қонақтарға қажылық сапарынан естелік ретінде берген екен. Олар бірнеше күн қонақ күтіпті. Төрт күннен кейін олар үйлеріне жақын мейрамханалардың біріне барлық туыстары мен достарын және көршілерді шақырған екен. Хамид Мұхаммадқа сол күндері жанұя мүшелерінің қонақ пен көрісу көп болғандықтан шаршағандарын, бірақ сол күндердің естеліктерінің керемет екенін айтады. Хамид өзі де бір күні қажылық сапарға баруды армандайды, ал Мұхаммад Хамидтің қызығушылығын көріп, оның Құдайдың үйіне баруы үшін дұға тілейді.