Иран: Шах мешіті (90)
Маусым 06, 2020 20:37 Asia/Almaty
Орталық мешіт, Солтани мешіті және Имам мешіті деген атаулармен танымал Шах мешіті – Исфахандағы «Нақш-е жаһан» алаңында орналасқан мешіттердің бірі.
Құрылыс Сефеви дәуірінде Ұлы Аббас шахтың билігінің 24-ші жылы басталып, оның ізбасарлары кезінде мешітті безендіру жұмыстары жүргізіліп, қосымша бөліктері қосылып, аяқталды. Бұл ғимарат – х.қ.ж.с.б. 11 ғасырдағы сәулет өнері мен сырлы кірпіш жапсыру өнерінің бірегей туындысы. Имам мешіті х.ш.ж.с.б. 1310 жылы 15 дейде (06.01.1932ж) №107 болып, Иранның Ұлттық мұралар тізіміне тіркелді.
Тегтер