Маусым 16, 2020 16:47 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы 13

Сумен қамтамасыз ету – әлемнің алдағы жылдардағы негізгі қажеттіліктерінің бірі.

Су тапшылығы көптеген қиындық тудырады. Бізді суды тек су ретінде көреміз. Бірақ, су тек су емес: су – экономика, су – жұмыс орны, су – тамақ, су – денсаулық, су – энергетика, бейбітшілік, тыныштық, бірлік, қауіпсіздік. Суға деген көзқарасымызды өзгертсек, көптеген проблеманың себебі  мен оның шешімдерінің су саласынан тыс екенін көреміз. Су – жер бетіндегі тіршіліктің маңызды факторы. Су жеткілікті болса, ешкім оған көңіл бөлмейді, ал су тапшылығы негізгі дағдарысқа тірейді. Су ластанған жағдайда да тіршілікке теріс әсерін тигізеді.

 

Сумен қамтамасыз ету – әлемнің алдағы жылдардағы негізгі қажеттіліктерінің бірі. Жарияланған соңғы мәліметтер бойынша, 2040 жылға дейін әлемнің кемінде 33 мемлекеті су дағдарысымен бетпе-бет келеді. Бұл мәселе бір-бірімен қақтығыс жағдайындағы елдердің шиеленісін күшейте түсуі мүмкін. Дүниежүзілік ресурстар институтының зерттеушілері бірқатар климаттық жағдайлар мен әлеуметтік-экономикалық жобаларға сүйеніп, 167 елдегі су дағдарысын жіктеді. Таяу Шығыс аймағында 9 мемлекет, атап айтқанда Бахрейн, Кувейт, Палестина, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, басып алынған Палестина жерлері, Оман мен Ливан алдағы 25 жылда су дағдарысына душар болатын елдер саналады. Өкінішке қарай, бұл жағдайдың маңыздылығына қарамастан, бұл елдерде мәселені шешетіндей маңызды бағдарламалар қарастырылған жоқ.

Су мәселелерін шешу үшін осы құбылысқа ықпал еткен зияндар мен факторларды тану қажет. Негізінде су тапшылығының бір бөлігі табиғатқа, басқа бөлімі адамдарға байланысты. Су дағдарысы кейде табиғатқа, кейде адамның бұрыс басқаруымен байланысты болып, проблеманың алғашқы ескертуі болуы мүмкін. Стивен Бричиери-Коломби – жазушы әрі Лондон университеттің профессоры. Ол су ресурстарына байланысты бағдарламалар мен оларды іске асыру саласында үлкен тәжірибеге ие және «Судың әлемдік проблемасы» кітабында: «Көк планета – жартысынан көбі мұхиттан құрылған әлем; жер полюстері мұзға толы. Әлем келешекте су тапшылығымен бетпе-бет келеді. Сондықтан су ресурстарын дұрыс басқару арқылы ғана апатты алыстатуға болады»,- деп жазды.

 

Су тапшылығы дағдарысын шешудегі суды басқару элементінің маңыздылығын түсіну үшін алдымен оның практикалық жіктелуіне назар аудару керек. Бұл жіктеу ауылдар мен шағын қалалардан популяциялар мен экологиялық орталықтар түрінде басталып, елордалық аудандарда, қоршаған ортаны қорғау және ірі ұлттық аудандарда суды басқару саласында су ресурстарын басқаруға әкелуі мүмкін. Алайда, әр елдің географиялық аймағына байланысты су ресурстарын басқаруды сол жердің климаттық және географиялық жағдайларын ескеріп, өзгертуге болады.

Құрғақ климатты елдердегі судың негізгі шығыны ауылшаруашылығымен байланысты. Сондықтан су ресурстарын ауылшаруашылық қызметке негізделген ауылдар мен шағын қалалардың экономикалық бағытын ескере отырып, басқару маңызды. Иранда су ресурстарының шамамен 90 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Осыған орай су ресурстарын басқару және осы салада дұрыс саясат жүргізу өте маңызды. Виртуалды суды тұтынуға негізделген ауылшаруашылық өндірісін басқару су дағдарысын төмендетудің жақсы әдістерінің бірі болып табылады. «Виртуалды су», яғни өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын судың мөлшері. Ол ауылшаруашылық саласындағы жоспарлаудың негізі бола алады. Виртуалды су мәселесін 90-жылдары британдық зерттеуші профессор Джон Энтони Аллен көтерді. Содан бері оның экономика және саясат салаларындағы зерттеулері көп адамның назарын аударды. Ғалымдардың есептері бойынша,  кофенің әр шыны аяғы үшін 140 литр су қажет. Бұл су кофе өсімдік өсіру, суару және өндіру үшін пайдаланылады. Сондықтан ауыл шаруашылығында   су мәселесін ескеріп, виртуалды судың шығыны аз өнімдерге көңіл бөлу қажет. Келесі мәселе ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқарумен байланысты.

 

 

Үлкен қалалардың айналасындағы қалашықтар көбінесе өнеркәсіп пен өндірістің бастауы болып табылады. Сондай-ақ, бұл саладағы судың негізгі тұтынушысы болып табылады. Зерттеулер өнеркәсіптік секторда тазартылған судың көп мөлшерде тұтынылатынын көрсетті. Виртуалды су негіздеріне сүйеніп, басқару кез-келген елдің ішкі су тұтынуы мөлшерін төмендете алады.

Мегаполистерде үйде тұтынатын су мөлшері өте жоғары. Бұл мәселенінің шешім жолы – тұтыну тәсілін өзгерту. Бұл салада біріншіден, суды дұрыс пайдалану мен ысырап етпеуге ықпал ететін мәдениет қалыптастыру қажет. Бұл – отбасылар, оқу орталықтары мен баспасөз құралдарының міндеті. Бірқатар елдер су дағдарысын шешу үшін бөгет салу және суды тасымалдау сынды инженерлік жобаларды сынап көрді.  Кейбір жайттарда бұл жобалар аймақтың қоршаған ортасына зиян келтірді.  Олар жерлердің тұздануы мен құрғауына себеп болды. Сондай-ақ, соңғы жылдары жерасты сулары ресурстары көп пайдаланылып, сулы қабаттың тұрақты көлемі азайды. Бұл елеулі қауіп-қатер болып табылады.

Су дағдарысын үкімет пен халықтың ерік-жігері, әртүрлі органдардың қолдауы және ынтымақтастығы, сондай-ақ, нақты бағларламалар арқылы шешуге болады. Макросаясатты жасаушылар үшін кез келген адам мен топтың су тұтыну мөлшерін анықтау   сумен  қамтамасыз ету саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Проблеманы анықтағаннан кейінгі  екінші қадам – ​​су проблемаларын шешуді дұрыс жоспарлау. Бұл кезеңде дағарысты шешу саласында халықаралық ұйымдар  белсенді рөл атқара алады. Расында әлемдегі су мәселесін шешу үшін халықаралық ұйымдардың максималды мүмкіндігін пайдалану қажет. Көптеген экологтардың пікірінше, біз табиғи құрғақшылық немесе климаттың өзгеруі емес, құрғақшылықты басқару дағдарысымен бетпе-бет келеміз деп санайды. Сондықтан басқаларды айыптайтын құқығымыз жоқ.

 

 

Тегтер