Шіл 01, 2020 13:22 Asia/Almaty
  • Әлемдегі су дағдарысы 14

Құрғақшылық экологиялық жүйені бұзуымен қатар, әлеуметтік жүйе мен әлеуметтік капиталға және қоғамның тұрақтылығына әсер етеді. Бүліктер мен ұлтаралық, аймақтық және халықаралық қақтығыстар әлем мен әлемдіктерге көптеген қиындықтар тудыратын құрғақшылық пен су тапшылығы дағдарысының салдарларының бір бөлімі болып табылады.

 

Дәрігерлер  адамның денесіндегі судын көп мөлшерін жоғалтқан кезде, әсіресе қан қысымы мен жүрек жеткіліксіздігі сыны ауруларға шалдығу ықтималының артатынын ескертеді. Сондай-ақ денесіндегі судан айырылған адамның көбі бұлшықет жиырылуына шалдығады және қан қысымы, көздерінің қаралануы, әлсізденуі мен басқа көптеген қиындықтардан  зардап шегеді.

Экологиялық әлеуметтік сарапшылар су дағдарысы мен оның тапшылығының үкімет, халық әсіресе ауыл тұрғындарының   күрделі мәселелерінің бірі болып табылады және олардың өміріне қауіп төніп тұр деп санайды.

Егер біз сарапшылар мен мамандардың пікірін  қабылдайтын болсақ, су дағдарысының туындағанын және халықаралық қоғамдастық оның мөлшері мен сапасына байланысты қиындықтарды бастан кешіп жатқандығын қабылдауымыз керек. Мамандардың зерттеулерінің алаңдататындай нәтижелерімен бірге ақпарат құралдар да әлемнің су дағдарысымен бетпе-бет келуін көрсетуде. Сондықтан бүкіл адамзат бұл мәселеге қатысты жауапкершілігін түсінуі қажет. Жаупкершіліктің бір бөлімін су дағдарысы туралы мәлімет тарататын ақпарат құралдар қабылдауға міндетті. Жер бетіндегі су көздерін басқару және ішімдік сумен қамтамасыз ету және аштарды тамақатандыру әлемдік қоғамның басты мәселесі болып табылады.

Су дағдарысының  салдары ретінде су тұтынушылар арасындағы бәсекелестікті күшеюуі, азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары, кедейлік пен жұмыссыздықтың таралуы, ұлтаралық алауыздық пен  жанжалдың таралуын атап кетуге болады. Судың сапасының төмендеуі, яғни  судың ластануынан   әртүрлі аурулар, әсіресе емделмейтін аурулардың (түрлі ісіктердің таралуы) пайда болуы азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді.  Бұл мәселе медициналық шығындардың арттыруымен бірге дәрігерлерге деген сенімсіздікті және үкіметке деген наразылықтарды көбейтеді.

Су ресурстарын басқару саласындағы дағдарыс оның тапшылығын күшейтетін маңызды факторлардың бірі. Өкінішке орай осы кезге дейін суға тек бір сұйықтық ретіде қарадық, негізінде ол мәдени, әлеуметтік, саяси және қауіпсіздік мәселелермен байланысты. Су аймақ дағдарыстарының бастауышысы бола алады. Мәселен, су мәселесі, оған жетімді болу Үндістандаға тынышсыздықтардың себептерінің бірі болды.  Немесе әш-Шабаб тобы Сомалиде  құрғақшылықтан зардап шеккен топтардың осалдығын пайдаланды.

Соңғы 20 жылда су ресурстарын басқару әдістері мен стратегияларынан туындаған қиындықтар мен  дағдарыстың себептері, оның қоршаған ортаға әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бірақ бұл дағдарыстың ауылдар мен қалаларға тигізген әлеуметтік салдарына азырақ көңіл бөлінді. Соңғы жылдары су дағдарысымен бетпе-бет келген аймақтар  құрғақшылық, көшкін, топырақ эрозиясы, дауыл мен шаңды дауылдар, ауылшаруашылық өндірістің құлдырауы сияқты мәселелермен бетпе-бет келді.   

Су дағдарысының әлеуметтік салдарларына ауылдардың бос қалуы, халықтың қалаларға көшуі  мен жұмыссыздар санының артуы, ауыл шаруашылық экономикасына тәуелді аймақтардағы кедейліктің өсуі, суды  тұтынушылардың арасындағы шиеленіс, ауыл тұрғындарының алаңдаушылықтары жатады. Сондай-ақ  тіпті ажырасу мен нашақорлықтың артуы да тікелей және жанама түрде су дағдарысымен байланысты саналады. Басқаша айтқанда, су дағдарысы   өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және жеке адамдар арасындағы қатынастар мен іс-әрекеттерге, микро және макро деңгейлерде әсер етті.

Шағын қауымдастықтарда бұл әлеуметтік проблемалар сенім, ынтымақтастық және әлеуметтік бірлік пен мәдени қор сияқты құнды  негіздерге әсерін тигізіп, оларды біртіндеп бұзады. Содан соң қажетсіз әрекет  пен қылмыс көбейеді. Үлкен қоғамдарда бұл әлеуметтік проблемалар күрделірек. Социологиялық ережеге сәйкес, қоғамдағы кез-келген жедел және әдеттен тыс өзгеріс әлеуметтік толқуларға әкелуі мүмкін.

Ауыл тұрғындарының қалаларға көшуі ауылшаруашылыққа зардап әкелуімен бірге ауылдарды жойып, халықтың үлкен қалаларға жиналуына әкелді. Бұл теңгерімсіз өсу қалалық басқаруға қиындықтар туғызумен қатар, мегаполистердегі халықтың тұрмысы мен әлеуметтік қауіпсіздігі деңгейін  төмендетіп, таптық айырмашылықтар, мәдени қақтығыстар  және қоғамдық  тәртіптін бұзылуына себеп болды. Құрғақшылық экологиялық жүйені бұзумен қатар әлеуметтік жүйеге,   әлеуметтік капитал мен қоғамның тұрақтылығына әсер етеді.

Азық-түлік және  қауіпсіз және таза сумен қамтамасыз ету, фермерлердің құрғақшылық мәселесімен бетпе-бет келуі, қалалардағы судың ластануы денсаулыққа жұмсалатын шығындар мен саяси жүйеге наразылықты арттырады. Сондай-ақ қоршаған ортаның дағдарысы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Кейде бұл дағдарыс екі елдің ортақ су ресурстарын пайдалану туралы дауларға әкелуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, су ресурстарын басқару техникалық  немесе қаржылық ресурстардан бұрын оларды дұрыс басқару  мен әлеуметтік-саяси салада экономикалық тиімді   шешім қабылдауды білдіреді. Бұл саладағы техникалық және басқарушылық шешімдер адам   әлеуметтік капиталға тәуелді болған кезде нәтижеге жетеді. Жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік желісін құру, олардың мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар су ресурстарын басқару және табиғи ресурстармен байланысты барлық мемлекеттік органдар мен агенттіктер арасында келісімді құру және нығайту адамзат қоғамдары үшін су дағдарысы мен құрғақшылық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Тұщы су ресурстарының шектеулігі, өмірлік және алмастырылмайтын материалға сұраныстың артуы бір  жағынан, су ресурстарының әртүрлілігі, сонымен қатар халықтың әртүрлі қажеттіліктері  екінші жағынан, су мәселесін  техникалық, инженерлік және экономикалық салалардан жоғары етті. 

Су ресурстарын басқару дегеніміз - су ресурстарын басқарудың саяси, экономикалық және әкімшілік жүйесін білдіреді. Сондықтан, техникалық және климаттық факторлардан бұрын су ресурстарын басқару мәселені саяси және әлеуметтік тәртіпке сүйене отырып, су ресурстары және оларды тиімді қолдануға сай  шешу қажет. Су тапшылығы туралы ескерту  өнеркәсіп және өндіріс, сондай-ақ   және  тұрмыстық және қалалық пайдалану  саласындағы барлық мүдделі тараптарға, әсіресе осы салаларда жұмыс істейтіндерге жіберіледі. Климаттың өзгеруі және халық санының өсуі мен су шаруашылығының кеңеюі бір жағынан су, сондай-ақ ресурстарының сарқылуы екінші жағынан, әлемді ауыз сумен қамтамасыз етуді қиындатты. Судың тұрақтылығының  адамның әрекеттерінің су айналымына тиеслі болуына байланысты екенін білу керек. Адамдар тек осы ресурстарға қол жеткізе алатын болашақ ұрпақтар үшін судың  сапасы мен мөлшерін сақтап қалу үшін суды дұрыс пайдалану саласындағы басқару қабілеттерін дамыту керек.