Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: ислам көзқарасы тұрғысынан
Уақыт өте келе әлемде технологияның дамуымен көп нәрсе, соның ішінде ойындар да өзгеріске ұшырады. Осы аяда өткен жылдары көптеген құрал-жабдықтар жасалып, жаңа технологиялар ашылды. Бірақ мына шындыққа назар аударған адам кемде-кем.
Бұл шындық осы ойындарды жасап шығарушылар және олардың батыстық қолдаушылары нысанаға алған елдердің мәдениеті мен ой-өрісіне әсер ете алды. Сондықтан осы ойын түрлерінің рухани және психикалық әсерлерін назардан тыс қалдырмау керек. Әрине, интернет пен компьютерлік ойындар, анимациялар мен басқа да ойынның жаңа түрлері ақпараттық құралдардың өнімі ретіндегі бір таяқтың екі ұшы сынды болады. Балалар мен жасөспірімдердің интернеттік сайттар және осындай ойындармен бетпе-бет келуінің жағымды әсерлері мен жағымсыз салдарлары болады.
Компьютерлік ойындар баланың ой-санасына оң әсерлерін тигізеді. Зерттеу нәтижелері бойынша, толассыз компьютерлік ойын ойнайтын балалар мен жасөспірімдердің миы өздерінің басқа құрдастарымен салыстырғанда белсендірек, тапқыр әрі жылдамырақ болып келеді. Сонымен қатар, компьютерлік ойындар балалардың шеберлігін дамытып, олардың күшті сезімдерді бастан кешіруге деген қажеттіліктерін жылдам өтейді. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің саусақтарының икемділігі де пернетақтамен жұмыс істеп, компьютерлік ойындар ойнаған кезде артады. Нәтижесінде балалардың осы тобы компьютермен жұмыс істегенде басқалармен салыстырғанда жылдамырақ қозғалады.
Бүгінде балалардың барлығының өз уақыттарының басым бөлігін сандық технологиялар әлемінде өткізіп, компьютерлік ойын ойнауды қалайтынын батыл түрде айтуға болады. Осы ойындардың пайдаларымен қоса, олардың көзге көрінерліктей зияндары да белгілі болған. Бұл зияндарды оңай түрде шетке сырып тастауға болмайды. Бүгінде жаңа компьютерлік ойындарды балалар мен жасөспірімдердің рухани және психикалық қауіпсіздігіне төніп тұрған шынайы қатер ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, компьютерлік ойындарға көп уақыт бөлудің жүйкенің еріксіз тартуы, жүйкелік қысымдар, бас ауруы, семіздік, бел ауруы, саусақ және білек буындарының ауруы, ұйқысыздық, тәбеттің бұзылуы мен омыртқалардың табиғи жағдайының бұзылуы сияқты зарарлары бар. Оған қоса, ахлақи зарарлар, балалардың ой-пікір және эмоциялық қарым-қатынасының жойылуы да балаларға қауіп төндіретін комьютерлік ойындардың зарарларының қатарына жатады.
Сонымен қатар кейбір комьютерлік ойындар ойыншыны кез келген тәсілмен және әрбір мүмкін қалыпта ойынды табысты аяқтап, жеңіске жетуге мәжбүрлейтіндей етіп жобаланған. Осы мәселе баланың психикасына қатты соққы береді. Ойынның басынан бастап басқалардан озу және жеңімпаз атану талпыныстары салдарынан пайда болатын қысым мен күйзеліс сол зақымдардың қатарына жатады.
Жаңа компьютерлік ойындардың жағымсыз салдарының бірі осындай ойындарға тәуелділік болып табылады. Аталмыш ойындардың тартымдылық күшінің көп болатындығы соншалықты, кейде балалар мен жасөспірімдерді, жастарды, кейде тіпті үлкендерді де сағаттап ойын құралының алдына отырғызып қояды. Осы жағдайдың жалғасуы уақыт өте келе аталмыш ойындарға деген тәуелділікке айналады. Осындай жағдайда ойындарға қатысты психикалық тұрғыдан тәуелді адамдар оқу, міндет атқару, мектеп немесе жұмыс уақытын қысқартып, клубтар мен ойын салондарына барып, психикалық күйзелісін азайту үшін бірнеше сағат бойы өздері ұнатқан ойынды ойнайды. Қазіргі таңда ойын салоны балалар мен жасөспірімдердің энергияларын жұмсау мекеніне айналды. Сондай-ақ, желілік ойындар мен құрдастардың жиынында болу ләззаты ойын салондарын ең көп тәуелділік тудыратын ойын-сауық түріне айналдырды.
Қатыгез әрекеттер жасау – сандық ойындардың тағы бір жағымсыз тұсы. Өкінішке орай, компьютерлік ойындар арасында өрескел «экшн» ойындарының жақтастары көп. Жасөспірімдер мен жастар осы ойындарда пышақ, қылыш, жарылғыш қару түрлері және оларды пайдалану тәсілдерімен танысады. Германиялық зерттеушілердің жұмыстарының нәтижесі бойынша, қатыгез сахналары бар компьютерлік ойын ойнау адамның миында физикалық қақтығыс кезіндегідей жағымсыз психикалық әсер қалдырады. Осындай адамдардың миларына жасалған томографиялар олардың іс жүзінде шынайы қатыгездік сахналарын көргенде пайда болатын белгілерді көрсетті.
Қатыгездік сахналары көп кейбір компьютерлік ойындардың жағымсыз салдарына төмендегі құбылыстар жатады: өрескел қиялдар, іс жүзіндегі дөрекілік, балалар, жасөспірімдер мен жастардың ой-саналарында дөрекіліктің қалыпты қылық ретінде қалыптасуы, пайдаланушылардың электрондық ойындардағы қатыгез ойыншылардан үлгі алуы, шешім жолы ретінде дөрекілікті таңдауы, қылмыстың артуы, қатыгездікке қатысты пайаланушылардың сезімдерінің жойылуы, кекшілдік пен өрескелдік және тағы да басқа жағымсыз қылықтардың қалыптасуы. Сол себепті, ата-ананың тәрбиелік істе балалардың ойындарын бақылау міндеті аса маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, компьютерлік ойындардың жағымсыз салдарының біріне баланың аз қимыалдуы жатады. Бұрынғы кездері балалардың табиғат аясында ойнауы олардың белсенділігі мен қимылдауына себеп болатын. Бірақ қазір балалар өздерінің көп уақытын компьютердің алдында оқшауланған күйде ойын ойнаумен өткізеді. Сондықтан олардың физикалық белсенділігі де төмендейді. Басқа жақтан, бұрын ойындар топтық әрі бетпе-бет түрде орын алып, балалардың топтық және жылы қатынастарын нығайта түсетін. Алайда қазіргі таңда жаңа компьютерлік ойындар баланың оқшаулануы мен жиындардан алшақтауын күшейтеді.
Қазіргі замандағы ойын-сауық түрлерінің бірі – анимация. Анимация – тек балаларды ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың көбісінің назарын өзіне тартатын қызықты кинематорафиялық туындылардың бірі. Бұл туынды балалардың тұлғаларының қалыптасуында маңызды рөл атқара алады. Зерттеушілердің айтуынша, бала 3-5 жас аралығында тек көрермен болып табылады. Бұл жаста бала жақсы мен жаманды айыра алмайды. Сол себепті көрген нәрсесін шындық ретінде қабылдайды. Сондықтан, анимациялық фильмдер балаларға ықпал етіп, уақыт өте келе олардың ой-санасын, мәдени және тәлім-тәрбиелік негіздерін өзгертеді. Қазіргі кезде анимацияларда қатыгездік пен өрескелдік, тіпті жыныстық мәселелер де кең таралған. «Рождестволық өлең», «Жартастағы Поньо балық», «Мэри және Макс», «Ойыншықтар дастаны 3», «Шрек мәңгілікке», «Мұз дәуірі» сияқты анимациялар балалардың рухы мен ой-санасын нысанаға алған.
Ойын бала өмірінің ең қызықты сәттерін құрайды. Жақсы әрі лайықты ойыншық таңдаудағы мұқияттылық қажеттілік болып саналады. Мысалы, ойыншық таңдау, әсіресе қыздар үшін қуыршақ таңдау қыздардың тұлғаларын қалыптастырып, оларды тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда батыстық үлгі болып табылатын «Барби» қуыршағы әлем халықтарының арасында кең таралған. Осы қуаршақтың жобасы германиялық бір кезбе әйелдің келбетінен алынған. Бүгінде кейбір Барби қуыршақтары сұлулық пен кербездіктің критерийіне айналған. Осы батыстық қуыршақ шығыс мәдениетіне жат кескін-келбетімен балалардың тәні мен рухына көп зақым келтіреді. Барби қуаршағының теріс әсерлерінің біріне қыздардың ерте бойжетуі жатады. Хабардар ата-ана ойыншықтың кері әсерлеріне байланысты оны сатып алудан бойтартқаны дұрыс.
Осылайша мынадай нәтиже шығаруға болады: жаңа компьютерлік ойындар үйлесімдікті қалыптастыру, адамның қабілеттері мен шеберлігін нығайту тұрғысынан оң әсерлерге ие. Бірақ ең маңыздысы, баланың бұл ойындарды ойнауы үшін оның күнделікті істеріне әсерін тигізбейтіндей қисынды мөлшерде уақыт бөлінуі керек.