Шіл 13, 2020 13:48 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (18)

Имам исламдық жүйеде әйелдердің саяси және әлеуметтік салаларындағы белсенділігіне шектеу қойылмайтынын қуаттады.

Ирандық әйелдер елдің мақрұм аймақтарындағы кедейлік пен жоқшылықты жоюға және қоғамда әлеуметтік әділеттілік орнатуға қатысуларымен бірге Ирактың Иранға қарсы соғысы кезінде ер адамдармен бірге революцияны, оның жетістіктері мен тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын қорғауға қатысты. Имам Хомейни әйелдердің елдің революциялық және сындарлы дамуындағы, сондай-ақ  рөлін ер адамдармен тең ғана емес, тіпті олардан жоғары санайды. Имам мүмін және революцияшыл әйелдердің ерлерді қауіпті майдандарға  қатысуға және жеңіске жетуге жігерлендіру, сондай-ақ адал және ержүрек перзенттерді тәрбиелеу рөлін рөлін жоғары бағалады. Қазіргі әлемде әйелдердің әлеуметтік-саяси құқықтарын қорғау көптеген елдерде кең таралған қозғалысқа айналғанын ескере отырып, кейде кейбір үстем саяси орталар ИИР-на қарсы бұл елде әйелдер құқылары бұзылады деген хабар таратуда.   

Имам Хомейни Ислам әйелдің құқыларын әлсіретеді деп айтатындарға реакция білдіріп, әйелдер құқыларын қорғап, Исламды бұл құқыларды қорғаушы деп біліп: «Ислам әйелдерге ерекше назар аударады. Ислам Араб аралында әйелдер қадір-қасиеттерінен айырылған кезде сахнаға шығып, олардың беделін көтерді. Ислам олардың ерлермен  тең етті. Ислам ерлерден гөрі әйелдерге көбірек қамқорлық жасады",- деді. Имам кейбір адамдардың Ислам діні әйелдерді үйде отыруға мәжбүр етеді және  Ислам республикасы жүйесінде әйелдердің университеттерде оқуға тыйым салынады дейтіндерге: «Ислам келсе, әйелдер үйде отырады, үйлерінің есіктеріне құрып салынады деген сөздер – үгіт-насихат, Ислам туралы қате мәліметтер тарату.  Исламның басында әйелдер соғысқа да қатысқан. Ислам жоғары оқу орындарына қарсы емес, университтердегі бұзақылықтарға қарсы, олардың дамымай, артта қалуларына қарсы, үстем университеттерге қарсы. Ислам университеттерге, әртүрлі өркениеттердің көріністеріне қарсы емес, халықтың ешбір табына қарсы емес. Исламның ұлық пайғамбары келген кезде, әйелдермен ешкім санаспайтын. Ислам әйелдерге құдырет беріп, оларды ерлермен тең етті»,- деді.     

Имам Хомейнидің пікірінше, әйелдер исламдық үкімет пен қоғамда маңызды міндеттерге ие және бұл мәселе қоғамдағы әйелдің адами мәртебесін қалыптастыруға әкеледі. Имам кейбір шетелдік журналистердің Иран халқының революцияшыл қозғалысы кезінде әйелдердің саяси және әлеуметтік салаларында шекту болуы мүмкін деген алаңдуларына жауап беріп, исламдық жүйеде әйелдердің саяси және әлеуметтік салаларындағы белсенділігіне шектеу қойылмайтынын қуаттады. Имам Хомейни АҚШ-тың Los Angeles Times сарапшысының әйелдердің университеттерде оқулары және ер адамдармен аралас сыныптардың құрылуына, сондай-ақ исламдық жүйеде тууды бақылау мәселесіне қатысты сұрағына: «Исламдық қоғамда әйелдер еркін. Олардың жоғары оқу орындары мен әртүрлі мекемелер  және Мәжіліс жұмыстарына қатысуларына тыйым салынбайды»,- деп жауап берді. Имам психологиялық және БАҚ қысымынан қорықпай, әйелдер құқығын қорғап, Батыс мемлекететрінде әйелдер құқығы деп танылған, бірақ Ислам қабылдамайтын кейбір мәселелерге қарсылығын жариялады.

Имам өзінің ешбір сөзінде түсік тастауды әйелдердің құқығы ретінде қорғамады. Имам Хомейни голландиялық Die Welt Grant газеті тілшісінің Ислам республикасындағы әйелдер құқылары мен түсік тастау мәселе туралы қойған сұрағына: «Адам құқықтары тұрғысынан ерлер мен әйелдер арасында ешқандай айырмашылық жоқ, өйткені олардың екеуі де адам. Әйел ер сынды өз тағдырын өзі шеше алады. Әрине, кейбір жағдайларда ерлер мен әйелдердің айырмашылықтары бар, бірақ бұл айырмашылықтың  олардың адамдық қадір-қасиетіне еш қатысы жоқ Әйел абыройы мен ар-намысына қайшы келмейтін мәселелерде өз ерігімен шешім қабылдайды. Түсік тастау Исламның пікірінше – харам»,- деп жауап берді. Бұл кісі исламдық жүйенің орнатылуымен әйелдерге хиджабтың міндетті болатынына алаңдаушылық білдірген адамға берген жауабында әйелдер хиджабын қорғады, сондай-ақ хиджабтың тек чадра емес екенін мәлімдеді.  Имам Хомейни: «Әйелдер, ер адамдар сияқты, жоғары оқу орындарда оқу, үкіметтік мекемелерде еңбек ету және саяхаттарға  баруға азат. Әйелдің ерден бұл салаларда айырмашылығы жоқ. Бірақ әйелдің хиджабы болуы қажет. Әрине хиджаб дегеніміз чадра ғана еес. Әйел өз қалаған киіді кие алады, ол тек хиджабқа сай болуы керек. Ислам әйелдің біздің қолымыздағы қуыршақ болғанын қаламайды.  Ислам әйледің абыройын қорғайды.  Біз еш уақытта әйелдің ердің заты мен құралы болуына рұқсат етпейміз. Ислам түсік тастауды харам деп біледі»,- деді. 

Әйелдердің ажырасу құқығы шетелдік журналистер ең маңызды сұрақтарының бірі болып, тіпті имам Хомейнимен пікірталастарына айналды. Олар: «Қазіргі кезде мемлекеттердің көбінде, әсіресе Батыс қоғамында әйелдердің ажырасу құқығы бар. Исламда ажырасу құқының ерлерге берілуі Ислам мен исламдық жүйені дағдарысқа тіреп, ажырасу құқыны ерлерге беру әйелдер құқыларына нұқсан келтірмейдіме?»- деген сұрақты көтереді.  Имам Хомейни бұл сұраққа берген жауабында ерлердің ажырасу құқын қорғап: «Исламдық жүйедегі құқылық және діни негіздер әйелдерге бұл құқыны қолдану жағдай тудырды.  Мысал ретінде имам Құм әйелдерімен кездесуінде: «Тұрмыс құрғысы келген әйел басынан бастап өздері үшін шариат пен абыройларына қайшы келмейтін ықтиярларды айтып кете алады. Мәселен, әйелдің бірінші шарты «егер ер моральдық бұзақылық немесе әйеліне зорлық-зомбылық көрсетсе, әйел ажырасу ұсынысын береді» бола алады. Ислам әйелдің құқыларын белгілі етті. Исламның әйелдер мен ерлер үшін қалыптастырған шектеулері олардың мүдделері үшін. Егер неке қиған кезде, әйелге ажырасу өкілдік ету шарты берілсе, онда ер адам оны бұза алмайды. Исламда ер адамға әйелге жамандық жасауға тыйым салынған. Егер олай болмаса, әйел ажырасу ұсынысын бере алады»,- деді.

Исламдық билік кезінде әйел нафағе алу құқығына ие. Исламның ережелеріне сәйкес ер адам  әйелі мен балаларының күнделікті тұрмысқа қажет шығындарын қамтамасыз етуге міндетті. Тіпті әйелдің жеткілікті қаржысы болсада, ер адам отбасын қамтамасыз ету  (нафағе) міндеттен босатылмайды.