Иран: Гаһар көлі (93)
Шіл 26, 2020 02:27 Asia/Almaty
Гаһар көлі – Иранның ең әдемі көлі. Ол Луристан облысындағы Ошторонкуһ тауларының арасында бой көтерген Дуруд қаласының оңтүстік-шығысынан 35 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2350 метр биіктікте орналасқан.
«Кіші Гаһар» және «Үлкен Гаһар» деген екі бөліктен тұрады. Көлдің айналасы емен, сырға тал және бадам ағаштарымен көмкерілген. Суы таза да мөлдір, табиғаты тың Гаһар көлі – елдегі ең үлкен тұщы су көзі. Жергілікті диалектіде «гаһар» сөзі «өте терең ойыққа жиналған, тымық көрінетін су» деген мағынаны білдіреді.
Тегтер