Там 16, 2020 09:11 Asia/Almaty

"Ғафир" сүресінің 13-15 аяттарының тәпсірі

 

                                              "Ғафир" сүресінің 13-14 аяттары:

 

«هُوَ الَّذِی یُرِیکُمْ آیَاتِهِ وَیُنَزِّلُ لَکُم مِّنَ السَّمَاءِ رِزْقًا  وَمَا یَتَذَکَّرُ إِلَّا مَن یُنِیبُ»، «فَادْعُوا اللَّـهَ مُخْلِصِینَ لَهُ الدِّینَ وَلَوْ کَرِهَ الْکَافِرُونَ»

 

Ол сондай Алла. Сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бойсұнған кісі ғана үгіт алады. (13)

Егер қарсы болғандар жек көрсе де, дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллаға жалбарыныңдар. (14)

Алдыңғы бағдарламада мүшіріктер мен кәпірлердің істерінің қияметте көрінетін салдарлары баяндалды. Осы аяттар соңың жалғасында тоухид пен оның белгілеріне тоқталып: "Сендердің айналаларыңда,  оларды күн сайын көріп, кездестіретін Оның жаратылыстарында Құдайдың жалғыздығының белгілері өте көп. Басқаша айтқанда, оның белгілері әлемнің барлық жерінен көрінеді: аспан мен жер, тау мен дала, теңіз бен суда тіршілік ететін жануарлар мен жәндіктер аспандағы құстар мен құрлықта тіршілік ететін жан-жануардың барлығы – сендердің көздеріңнен жасырын емес Құдайдың белгілері. 

Аяттың жалғасында: "Ол аспаннан сендерге азық жібереді. Барлық өсімдіктер мен жануарлар және адамдардың тіршілігінің мәйегі, өмір сыйлайтын жаңбыр тамшылары мен жарық күн – Құдайдың ең маңызды белгілері. Бұлардың барлығы аспаннан түседі. Олар болмаса жер бетіндегі өмір жойылады. Жаратылыста барлық белгінің болуына қарамастан тұмшаланған көздер мен жүректер ештеңе көрмейді. Шын мәнінде, осы белгілерді көрген адам Құдай жаққа оралғысы келіп, оның жолына түсіп, жүрегі мен жанын ластықтан тазартады. Әдетте ұйықтап жатқан адамды шақырса, ол оянады, бірақ ұйықтап қалған сыңай танытқан, тұрғысы келмейтін адамды сіз қалай шақырсаңыз да, оянбайды.  

 

Құдайдың жаратылыс жүйесіндегі ешқандай серігі жоқ екенін түсінгенде табыну ісінде оған ешқандай серік қоспаңдар. Оның жолында діндеріңді шынайы ұстап, заң шығаруда оған басқаны серік етпеңдер. Күмәнсіз, сендердің бұл істерің ырымшыл, қырсық кәпірлерге қатты әсер етіп, ренжітеді. Бірақ қорықпаңдар. Кәпірлер жек көрсе де, Құдай жолындағы дінде риясыздық сақтаңдар", - дейді.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Біздің айналамыздағы әлем тоухид белгілеріне толы. Жан-жағымыздағы дүниеге жүрек көзімен қарайық. Жаратылыстан Жаратушыға жетейік.

2. Әрбір жанды тіршіліктің жаратылысы – Құдайдың белгілері. Тіршілікті жалғастыру үшін қажет ырзықты қамтамасыз ету –Құдайдың келесі белгісі.

2. Дінді ырымшылдық пен адасушылық және бедғаттан арылту, жалған әдет-ғұрыптардан бас тарту мен дінге қарсы заңдарды жою – шынайы сенімнің белгілері. Сенім мәселелерінде басқалардың көңілінен шығуды ойламау керек.

 

3. Кәпірлер мен қарсыластар ұнатпаса да, хақ пен ақиқаты қабылдап, соны жүзеге асыру керек.

 

 

"Ғафир" сүресінің 15 аяты:

 

«رَفِیعُ الدَّرَجَاتِ ذُو الْعَرْشِ یُلْقِی الرُّوحَ مِنْ أَمْرِهِ عَلَى مَن یَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ لِیُنذِرَ یَوْمَ التَّلَاقِ»

 

Ол дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді. (15)

 

Бұл аятта Алланың кейбір сипаттары мен әрекеттері сипатталған. Діндегі шынайылық туралы айтылған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: "Мүміндер өз діндерінде шынайы болған сайын олардың дәрежелері жоғарылай береді. Көбірек сынақтардан өтіп, шынайылық мәртебесін жоғары деңгейге көтерген пайғамбарлар да жоғары дәрежеге ие болды. Құдай әрбір адамның дәрежесін шынайылығының мөлшерінде жоғарылатады.

Содан кейін ол: «Ол ғаршының иесі. Оның құдіреті мен билігі бүкіл әлемді қамтиды; Оның үкіметі даусыз. Оған ешқандай билік немесе үкімет қарсы бола алмайды",-  дейді.

Алдыңғы аяттар жаратылыстағы Құдайдың белгілеріне тоқталса, осы аят соның жалғасында заң шығару жүйесіне сілтеме жасап, былай дейді: ""Құдай адамдарды өз жөндеріне қалдырған жоқ. Барлық жаратылысқа сыйлайтын материалды ырзықпен бірге адамдарға рухани ырзық та тағайындады. Ырзық жеткізетін делдалдар – періштелер мен пайғамбарлар. Құдай солар арқылы адамдарға қияметтің болатынын ескертеді.

Шын мәнінде қиямет күні – кездесу күні: адам әлемнің Пәруәрдігерімен кездесетін күн. Көзбе-көз жүздесу емес, себебі ол дене емес; хақ пен жалғанның жетекшілері ізбасарларымен кездесетін күн; жақсылар мен жамандар кездесетін күн; адам өз іс-әрекеттерімен бетпе-бет келетін күн; залым мен мазлұм жолығатын күн. Алайда мұндай күн болатыны оның ойына кіріп те шықпаған.

Аспандық кітаптар мен пайғамбарлардың тәлім-тағылымдарының барлығының мақсаты – үлкен кездесу күні болатынын Құдайдың құлдарына ескерту.

Осы аяттан үйренетініміз.

1. Дін жолы – даму мен кемелдік жолы. Құдай осы жолда талпыныс жасайтын адамдыі жоғарылатады.

2. Уәһи періштесі Құдайдың бұйрығын  Құдай қай адамға бұйырса, соған түсіреді.

3. Пайғамбарлар – Құдайдың таңдаулылары. Құдай оларды өзінің ғылымы және хикметі негізінде таңдайды.

4. Пайғамбарлар жанашырлықпен, жақсылық тілеп, адамға өмір жолының қатерлерін ескертеді. Ескертулерге құлақ асатындар бақытқа жетеді; мән бермейтіндер бақытсыздық пен өлімге ұшырайды.