Иран: Хазине сайы (96)
Қыр 12, 2020 18:00 Asia/Almaty
Хазине сайы – Полдохтар-Андишмак күре жолының ортасында Хазине ауылына жақын жерде орналасқан теңдессіз табиғи тартымдылық.
Бұл сай Полдохтардан 40 км, Хоррамабадтан 136 км қашықтықта орналасқан. Сайдағы тартымдылықтардың бірі – аспалы көпір. Ол Таяу Шығыстағы ең биік аспалы көпір саналады. Керхе өзенінің үстіне салынған бұл көпірдің ұзындығы 112 метр, биіктігі 85 метр. Хазине сайы АҚШ-тың Үлкен каньонына (National Grand Canyon) қатты ұқсайды. Ол жылдар бойғы эрозия салдарынан туындаған.
Тегтер