Қаз 04, 2020 18:48 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 16

Дамыған салалар - күрделі технологиялар, техникалық білім, инновация, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ мамандандырылған адами ресурстарды қолдана отырып, елдің өркендеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын өнеркәсіптік сектордың бірі.

 

Иранның экономикалық дамуы - оның түрлі салаларының, соның ішінде өнеркәсіптің серпілісі мен өсуінің нәтижесі. Дамыған салалар - күрделі технологиялар, техникалық білім, инновация, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ мамандандырылған адами ресурстарды қолдана отырып, елдің өркендеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын өнеркәсіптік сектордың бірі. Қосымша құны жоғары және технологиялық өзгерістердің жылдамдығы осы саланың көрнекті ерекшеліктері болып табылады. Дамыған өндірістер әр саланы қамтиды, олардың әрқайсысы көптеген кіші салаларды қамтиды. Нанотехнологиялар мен биотехнологиялардан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медициналық және зертханалық жабдықтар, жетілдірілген дәрі-дәрмек, аэроғарыш пен жаңа энергиялар тәжірибеден гөрі ғылымның рөлінің көбірек екені көрсетеді. Дамыған өндірістерде өнім шығаратын технология өте маңызды. Яғни, өндірістің басқа факторларымен (мысалы, шикізатпен) салыстырғанда, соңғы өнімдегі технологияның қосылған құны өте жоғары. Бұл саланың өзгеру жылдамдығы да жоғары. Егер дәстүрлі технологиялар бойынша орташа өмір 10 жылдан асады деп есептесек, озық технологияда бұл бір жыл ғана болуы мүмкін. Дәстүрлі салаларда жұмыс күшінің құны ескерілмеуі мүмкін болса, дамыған салаларда өте маңызды.  

Нанотехнология - дамыған салалардың бірі. Оның денсаулық сақтау, құрылыс, мұнай, мұнай-химия, автомобильдер, тоқыма, спорт өнімдері, ауыл шаруашылығы, су, қоршаған орта және тұрмыстық техника сияқты салаларға енуі нанотехнологияның бағаны төмендетуден басқа, әлемдік бәсекеге қабілеттілікті арттыра алатын қуатты технология екенін көрсетеді. Иранда осы уақытқа дейін нано саласында 220 өндіріс компаниямен 600-ден астам өнім шығарылды. Ирандағы нанотехнологияларды дамыту жөніндегі штаб бұл салада шамамен жиырма жыл жұмыс істейді. Бұл штаб ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ғылымды өндіруден бастады, енді  өнімді  оны басқа елдерге экспорттауға бет бұрды. Статистикалық мәліметтер нано өнімдердің Ираннан басқа елдерге экспорттау  үдерісінің кеңейіп келе жатқандығын көрсетеді. Қытай Иранның нано өнімдерінің әлемдегі ең ірі экспорттаушысы болып табылады. 1396 жылы Иранның наноэкспорттық өнімдерінің 88% -дан астамы Азияға, 10% -дан астамы Еуропаға жіберілді. Иранның наноөнімдерін импорттайтын елдер қатарында Германия, Италия, Швейцария, Швеция, Канада, Австралия, АҚШ, Қытай және Оңтүстік Корея бар. Көршілес елдердің ішінде Ирак пен Түркия  Иранның нано өнімдері  экспортталатын маңызды бағыттардың бірі.  

Дамыған салалардағы білімге негізделген басқа жетістіктердің бірі бұл әуе-ғарыш саласына қатысты өнімдер.  Бұл өндірістің ерекшелігінің бірі жаңа және  әртүрлі технологияларды кеңінен қолдану.  Жылдам және қауіпсіз тасымалдау – әуе өнеркәсібі жетістіктерінің бірі ғана.  Бұл өнеркәсіптің зерттеулері ғылыми-техникалық салалардың алға ілгерлеуіне себеп болуда.

Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібінің соңғы жылдардағы жетістіктері сондай маңызды болып, Азия Азия-Тынық мұхиты кеңістігінің ынтымақтастық кеңесінің (APSCO) бас хатшысы, профессор Ли Синьцзюнь ИИР бұл ұйымның өте маңызды мүшесі деп атап: «Иранның әуе-ғарыш саласындағы жетістіктері мақтауға тұрарлық»,- деді.

«Ouj» турбоактивті қозғалтқышының дизайны мен өндірісі Иранның аэроғарыштық саласының соңғы жетістіктерінің бірі болып табылады. Оны жобалау мен жасап шығаруға  білімге негізделген 30 компания мен 10 университет қатысты. ИИР - бұл қозғалтқыштарды жобалау және жасау технологиясын білетін сегіз елдің бірі. Turbojet қозғалтқыштары қанатты зымырандарда, оқу реактивті ұшақтарында және әскери ұшақтарда қолданылады.

Ұшақтың ең күрделі бөлшектерінің бірі - қозғалтқыш, оның құрылысы жоғары жетілдірілген білімді және әуе-ғарыш өнеркәсібі мамандарының мүмкіндіктерін пайдалануды қажет етеді. Әуе-ғарыш ғылымы дамыған елдер, әдетте, ұшқыш қозғалтқышының бөлігін жасауға маманданған. Басқаша айқанда ұшақ қозғалтқышының әртүрлі бөлшегі белгілі бер елдерде жасалады. Иранның білімге негізделген компанияларының күшімен   жасалған жаттығу ұшағы «Ясин» мен жергілікті истребителі «Каусар» ирандық мамандардың ұшақ құрылысына тиесілі  білімнің маңыздылығын көрсетеді.

"Кәусар" ұшағы

Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібінің мақтан тұтатын келесі жетістігі – заманауи дрондар (ұшқышсыз ұшақтар) жасап шығаруы. Қазіргі кезде ұшқышсыз ұшақтар телекоммуникация, жаһандық навигация, метеорологиялық зерттеулер, география және барлау жинау салаларында кеңінен қолданылады. Иран - ұшқышсыз ұшақ шығару технологияны ілгерген елдердің бірі. Бүгін  Иран - бұл ұшақтардың өндірісі саласындағы супер держава.

Әлемде ұшқышсыз ұшақ жасау  ғасырдан астам уақыт бұрын басталғанымен, бұл салада дамыған елдердің саны шектеулі.    Исламдық Иран ғаламдық держава ретінде отыз жылдан аз уақыттың  ішінде ұшқышсыз ұшақтарды  жобалап, өндіре алды. Бүгінде ИИР әр түрлі типтегі ұшқышсыз ұшақтарды өндіру саласындағы аймақ бойында бірінші және әлем бойында алғашқы 4-5 елдің бірі болып табылады. Көптеген қорғаныс және әскери өнімдер идеялардан өндіріске дейін ирандық болып табылады.

Стратегиялық тауарларды шығаруда маңызды рөл атқаратын тағы бір дамыған сала - бұл  фармацевтика өнеркәсібі. Иран Ислам революциясының жеңісіне дейін дәрі-дәрмектерді импорттаушылардың бірі болғанымен, революция жеңіске жеткен соң фармацевтикада да басқа салалар сынды өзгерістер орын алып, әртүрлі дәрі-дәрмек елдің ішінде өндіріле басталды. Қазіргі кезде мәліметтер бойынша, халыққа қажет дәрі-дәрмектің 97 пайызы Иранның ішінде өндіріледі. Иранда шамамен  20 институт ен фармацевтикалық компания жеке және мемлекеттік секторда жұмыс жасайды. Иранның фармацевтика саласының қаржылық айналымы 4 миллиард доллардан асады. Иранның фармацевтикалық индустриясындағы адами күш мүмкіндігі оның күшті жақтарының бірі болып табылады. Ирандық ғалымдардың фармацевтика саласындағы жетістіктері бұл елдің дәрі-дәрмектер өндірісі бойынша аймақта бірінші, жаңа дәрі-дәрмектер өндірісі бойынша әлемде жетінші орынға иеленіп, фармацевтика саласында әлемнің 10 елінің қатарына енуіне себеп болды. Иран бұл жетістіктерге Батыс елдерінің бұл елдің фармацевтика саласына салған санкцияларына қарамастан жетті.

Қорыта айтқанда жоғары технологиялар озық өндірістер негізделеді. Технологиялық революция елдер экономикасында жаңа кезең ашып, барлық елдерге дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа жолдарына пайдалануға мүмкіндік берді. Негізінде технология дамушы экономикалар үшін  артта қалған өндірістерін алға ілгерлетуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бәсекелестерінен гөрі озық технология мен жоғары білімге қол жеткізетін ел табысты болады. Исламдық Иран өз экономикасы үшін білімге негізделген компанияларды дамыту және олардың елдің өндірісі мен дамуын алға ілгерлетудегі рөлін бұрынғыдан да арттыру жолды таңдады.

 

 

Тегтер