Иран: Йезд шөліндегі тоған (102)
Қар 21, 2020 15:30 Asia/Almaty
Тоған Йезд қаласының кәріз жүйесінен босаған судың шөл ортасында жиналуынан қалыптасқан.
Жылжымалы құмның ортасында әдемі табиғат тудырған тоған Иранның орталық бөлігіндегі Йезд қаласының солтүстігінен 4 км қашықтықта орналасқан. Оның айналасын жағалай қамыс өскен. Тоған батыс және шығыс болып екіге бөлінеді. Ұзындығы – 3 км, ені – ең кеңі 1 км. Канализация суы жыл құстарының уақытша мекеніне айналған. Йезд қаласына жақын тоғанға туристер көптеп келе бастады.
Тегтер