Жетекшілік хадисы 51
Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді іске асыратын жолдардың бірі сұхбаттасу болып саналады.
Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірумен айналысатын адам сұхбаттасқан кезде кейбір жәйттерге назар аударуға міндетті. Олардың қатарына сыпайылық, әдептілік және мейірімділік жатады. Өйткені тауһид негіздері бойынша жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіруге шақырудың алғашқы қажеттіліктері махаббат пен әдептілік болып табылады. Халықтың жүрегіне олар қаншалықты адасқан және ластанған болса да мейірімділік пен махаббат және адамгершілік әсер етеді. Алла Тағала «Таһа» сүресінің 44-ші аятында Перғауынды дұрыс жолға нұсқау міндеті мойындарына жүктелген хазірет Мұса мен Харунға: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Жаман адам жақсы ғамалдарының арқасында өзін өзгертіп, әдемі, сыпайы сөзімен басқаларды жақсылық жасауға жігерлендіреді»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендірудің шарттары туралы: «Жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендірумен үш қасиетке ие адам айналысады. Біріншіден, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіретін адамның өзі жігерлендірген нәрсесін орындап, жирендірген нәрсесінен алыстауға міндетті. Екіншіден, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірген кезде ортаны ұстау қажет. Үшіншіден, жігерлендіру мен жирендіру жанашарлық пен мейірімділікке байланысты жасалады»,- деп айтқан болатын. Жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендірудегі ең әсерлі әдістерінің бірі іс жүзінде үгіт-насихат жүргізу болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары осы тұрғыдан ғамал етті. Хазірет жақсылық жасауға басқаларды жігерлендіруден бұрын өзі бастап орындады. Имам Садық (ғ.с.) жақсылыққа шақырудың ең әсерлі жолын ғамалмен көрсету деп санап, өзінің серіктері мен шәкірттеріне: «Халықты өзіңнің дініңе шақыр, бірақ тілмен емес, өздері шақырушы саналатын талпыныс, намаз және жақсылық арқылы шақыр»,- деді. Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру кезінде сөйлеу әдебі мен абырой сақтаумен бірге екінші жақтың әдепсіз сөздерін тыңдауға да төзімділік білдіру қажет іс. Тарихта көшпенді арабтардың бірінің Мәдинеге келіп, пайғамбардан ақша алу үшін мешітке кіргені қалған. Мешітке кірген кезде ол пайғмабардың сахабаларының арасында отырғанын көреді. Әлгі адам келуінің мақсатын айтқан кезде хазірет оған ақша береді. Бірақ ол қанағаттанбай, берген ақшаны аз санайды. Ол жаман сөздер айтып, балағаттауымен бірге Алланың елшісіне әдепсіз қылық көрсетеді. Пайғамбардың қасында отырған сахабалары ашуланып, тіпті оны ұрып-соғуға дайын болғанда Алланың елшісі оларға келген адамға зардап келтіруге рұқсат етпейді. Алланың елшісі арабты өзімен бірге үйіне ертіп барып, оған тағы біраз ақша берген кезде ол пайғамбардың тұрмысының қарапайымдылығын, сөйте тұра хазіреттің жомарттығын, ал өзінің онымен қалай қарым-қатынас орнатқанын көріп, ұялады. Ол хазіреттің тұрмысының қарапайымдылығына назар аударып, осыған дейін пайғамбар сынды басшының көрмегенін мойындап, хазіреттің үйінде алтын мен мүліктің жоқ екендігін байқады. Сол себепті ол риза болып, пайғамбарға рақметін айтады. Келесі күні араб адам мешітке қайтып келіп, пайғамбарға онашада айтқан алғысын қайталағанда Алланың елшісі мен сахабалары күледі. Сол кезде хазірет мешітте жиналған адамдарға қарап: «Мұндай адамдардың күйі түйесі үркіп, қашқан, біз оған көмекке асыққан адамдар сындымыз. Бірақ түйе одан сайын үркіп, қаттырақ қашады. Сол кезде түйенің иесін қалай тыныштандыруды өзім білемін»,- деді. Егер кеше мен сендерге рұқсат еткенімде сендер бұл адамға зардап келтіретін едіңдер. Мен рұқсат етпей, жұмсақ сөйлеп, оны тыныштандырдым»,- дейді. Басқа адамды құрметтеу жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірудің келесі қажеттілігіне жатады. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Мәриям» сүресінің 41-42-ші аяттарында: «Мұхаммад (с.ғ.с.) Кітаптағы хазірет Ибрахимды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді. Сол уақытта әкесіне: “Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?”- деді»,- деп айтқан. Шын мәнінде хазірет Ибрахим бұл сөзінде өзінің қарапайымдылығын көрсетті. Басқа жақтан бұйрық беретін сөйлемдердің орнына сұрақ сөйлемдерін пайдаланып, үлкен адамға әдеп пен құрметін білдіріп, басқа жақтан пұтқа табынаушыларды қабылдамауының себебін анықтады. «Бихар әл-Анвар» кітабында: «Бір күні қарт адам вузу алып тұрды, бірақ ол вузуды қалай дұрыс алу керек екенін білмеді. Исламның ұлық пайғамбарының сол кезде әлі бала болған немерелері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) қарттың вузу алып тұрғанын көріп, оған вузуды дұрыс алуды үйретуге шешім қабылдайды. Бірақ егер қарт адамға бірден: «Вузуды дұрыс алмайсыз»,- деп айтса, ол ренжіп қатесін қабылдамауы мүмкін. Сонымен бірге оның ойында вузу туралы жағымсыз естелік қалар еді. Пайғамбардың екі немересі бұл адамға вузу алуды тура айтпай, үйрету қажет деп шешті. Олар қарт адамның қасына барып, одан олардың екеуінің қайсының вузуды дұрыс алатынын айтуды сұрады. Қарт адам сол кезде дұрыс вузудың қандай екендігіне көңіл бөліп, екі баланың мақсатын түсініп: «Сендердің вузуларың дұрыс әрі кемел. Мен осы кезге дейін дұрыс вузу алуды білмеппін. Сендер мені үйреттіңдер. Сендерге рахмет айтамын»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 10-шы том).