Жел 21, 2020 17:10 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (26)

Имам Хомейни әлемдегі барлық адамдарға, әсіресе мұсылман халықтарына иудаизмді монотеистік дін ретінде және сионизмді бір діннің туы астында езілген ұлттың жерін тартып алуға және ең ауыр қылмыстарды жасауға тырысатын саяси және нәсілшіл идеология ретінде бөлу керек деп түсіндіруге талпынды.

 

Имам Хомейни әлемдегі барлық адамдарға, әсіресе мұсылман халықтарына иудаизмді монотеистік дін ретінде  және сионизмді бір діннің туы астында езілген ұлттың жерін тартып алуға және ең ауыр қылмыстарды жасауға тырысатын саяси және нәсілшіл идеология ретінде бөлу керек деп түсіндіруге талпынды.  Имам Хомейни әрдайым мұсылмандар мен исламдық мемлекеттердің назарын Израильдің  экспансиялық мақсаттарына аудартып, сионистердің негізгі мақсаты шекарасы Нілден Евфратқа дейін жететін үлкен Израильді құру екенін және сионистердің өтіріктеріне алданбау  қажеттілігін қуаттады. Имам Хомейнидің пікірінше, Палестинаны құтқарудың жалғыз жолы - исламдық идеологияға баса назар аудару және басқа ұлтшыл және панарабтық мектептер мен идеологиялардан бас тарту арқылы ислам үмбетін біріктіру. Имам бұл жолда ислам әлемінің қажылық сынды үлкен қоғамдық рәсімінен пайдалануды қуаттады.

Ислам революциясының жеңісі исламдық ояну қозғалысының маңызды кезеңі саналады, өйткені бұл қозғалысқа жаңа шабыт берді. Исламдық ояну ислам әлемінде күшті тарихи негізге және діни-теориялық қолдауға ие болғанымен, 1960-70 ж.ж. барлық ислам елдерінде, әсіресе басып алынған территорияларда өзіндік рецессияны бастан кешірді. Өйткені осы кезеңде бұл қозғалыс ислам елдерін басқарған авторитарлық үкіметтерге бағындырылды. Ислам революциясының жеңісі ислам әлеміндегі зияткерлік және тарихи ағымды қайта жандандырып қана қоймай, оған практикалық және атқарушылық өлшем мен саяси мазмұн берді. Ислам революциясының жеңісіне дейін ояну қозғалысы діни зиялылар басқарған интеллектуалды және мәдени қозғалыс болды, олар өз өзіне қайта оралуды, яғни исламдық болмысты жандандыруды қуаттады. Имам Хомейни діни ғұлама және шахтың құдыретті үстемшіл режиміне қарсы күрес пен революцияның туын көтерушісі ретінде ислам әлемін, әсіресе азаттық, тәсеулсіздік пен қоғамдық әділет жолындағы және Палестинаның арманы жолындағы күресшілерді өзіне тартты. Ислам революциясының жеңісіне дейін палестиналық күрескерлер араб ұлтшылдық идеологиясымен, өздері мен жақтастарының арасында бірлік құруға тырысты, ал ислам біріктіруші фактор ретінде екінші орында қалды. Бірақ Палестина армандарының адал қолдаушысы болған имам Хомейни басқарған Ислам революциясының жеңісі діннің палестиналық күресшілер мен исламдық үмбетті біріктіретін негізгі факторға айналуына себеп болды. Ислам революциясының ортасында Иранның революциялық және мұсылман халқы көтерген «Бүгін Иран, ертең Палестина» ұраны палестиналықтардың имам  Хомейни мен Ислам революциясына көбірек бұрылуына және 1987 жылы интефазаның пайда болуына себеп болды. Сол жылы қажылардың мүшіріктерден безу рәсімі кезінде Сауд Арабиясының үкіметтік күштері шерушілерге шабуыл жасап, оларды өлтірді. Шәһид болғандардың қатарында бірнеше палестиналық болды. Бұл қылмысқа реакция ретінде басып алынған жерлердің тұрғындары Израильге қарсы күресінің жаңа үдерісін бастады. Ол Интефаза деп аталды. Интефаза мен Ислам революциясының ұқсас ерекшелігі дінді Палестина армандарына табанды әртүрлі топтардың бірлігі мен күресінің идеологиясы ретінде қалыптастыруы және Израильге қарсы күресті алға ілгерлетуі болып табылады. Расында Интифаза әртүрлі күрес жоспарлары мен идеологияларының сәтсіздіктеріне қарсы халық реакциясы болды. Интифаза Палестина қозғалысының күрестері аяқталғаннан кейін пайда болған жаңа идеяға негізделді және басқаша айтқанда күшейіп, палестиналық күрескерлердің басым дискурсына айналды. Интифаза Ислам революциясынан шабыт алып, имам Хомейниді күрес үлгісі ретінде таңдады. Имам Хомейнидің пікірінше, Ислам идеологиясына және мұсылман үмбетінің бірлігіне сүйену арқылы ғана сыбайлас жемқорлықтың безі Израиль жойылып, Палестина құтқарылады деп сенген адам.

Имам Хомейни ислам әлемінің мүмкіндіктерін, әсіресе хазірет Ибраһимның қажылығын жандандыруды палестиналықтарды  сонистік режимнің тұтқынынан құтқаратын исламдық бірлік үшін қажет деп білді. Сондай-ақ мүшіріктерден безу рәсімді Палестина халқын қолдайтын және сионистік режимге қарсы тұратын үлкен конгреске айнала алатын қажылықтың маңызды рәсімі деп санады. Имам бұл салада қажыларға: «Уа, Алла үйінің зияратшылары! Әсіресе басқыншы АҚШ пен қылмыскер Израильдің қастықтарын әлемдіктердің құлағына жеткізіңдер және олардан көмек сұраңдар. Бұл қылмыскерлердің қылмыстарын санап, Алладан мұсылмандардың жағдайын жақсартуды және қылмыкерлердің қастықтарының алдын алуға көмектесуді сұраңдар»,- деді. Немесе басқа бір сөзінде мүшіріктерден безу рәсімін қажылықтың саяси уәжіптерінің бірі және Палестинаны  мұсылмандардың саяси және діни бірлігінің маңызды осьтерінің бірі деп біліп: «Қажылықтың саяси уәжіптерінің бірі саналатын мүшіріктерден безу рәсім шеру түрінде және кең ауқымдырақ өтуі керек. Біздің безу дауысымыз – Ливан мен Палестина халқының, Шығыс пен Батыс, әсіресе АҚШ пен Израиль көзін тіккен және олардың байлықтарын талан-таражға салған бүкіл халықтар мен басқа елдердің дауысы. Мұсылман халықтар Палестинаны құтқару туралы ойлап, сатқын басшыларға жиіркенішін жаряилауы керек.  Мен  тағы бір рет сионизмнің ислам елдерінің денесінде таралу қаупі туралы ескертемін. Мен Құдсты азат ету жолындағы мұсылман халықтар мен жастардың барлық исламдық күрестеріне және Иран халқы мен үкіметіне қолдау білдіремін»,- деді.

Имам Хомейни қасиетті рамазан айының рухани кеңістігін мұсылмандарды біріктіретін және Палестинаның езілген халқын қорғау үшін мұрсат деп біліп, бұл айдың соңғы жұмасын Әлемдік Құдс күні деп жариялады.  Бұл күні мұсылмандар сионистік режимге қарсы халықаралық бірлігін білдіріп, Палестина халқының құқыларын қорғайды. Ислам революциясының жеңісінен бір жылдан аз уақыт өткен жағдайда: «Мен әлемдегі барлық мұсылмандарды және исламдық мемлекеттерді осы басқыншы мен оның жақтастарының қылмыстарын тоқтату үшін бірігуге шақырамын. Мен әлемдегі барлық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» ретінде таңдауға және Палестина халқының  заңды құқықтарын қолдау мақсатында мұсылмандық ынтымақтастықты жариялауға шақырамын»,- деді. Имам Хомейни Палестинаның езілген халқын қорғауды әлемдегі езілгендерді қорғаудың бастамасы және Кудс күнің дүниежүзіндегі езілгендерге қарсы әрекет ететін барлық тонаушыларға қарсы «езілгендер партиясы» деп аталатын жаһандық партияның құрылуына бастау болады деп сенді. Имам Хомейни сөздерінің бірінде: «Құдс күні – исламдық күндердің бірі. Бұл бүкіл әлемдегі езілгендер партиясының құрылуының бастамасы болып, бұл партияға барлық езілгендердің қосылатынына сенемін»,- деді.

 

Тегтер