Жетекшілік хадисы 48
Әділет – барлық адамдардың жаратылысында қалыптастқан ішкі сипаттардың бірі.
Ислам соңғы илаһи дін және адамзатты құтқаратын жол ретінде әділетті қуаттап, оны әр тұрғыдан қарастырады. Әділеттің лексикалық анықтамасында «Әділет, яғни адамгершілік, әр адамға оған керек нәрсені беру және одан алатын нәрсені алу» деп жазылған. Әділет жолының шәһиді имам Әли (ғ.с.) әр нәрсені өз орнында көріп, «Наһдж ул-Балағенің» 437-ші хикметінде: «Әділет әр нәрсені өзінің табиғи орнына орналастырады»,- деп айтқан болатын. Құран аяттары бойынша, барлық адамдардың ішкі болмысы әділетке сүйенеді. Әділеттің аясында әр адам өз құқығына жетіп, зұлымдық пен зорлық-зомбылық жойылып, барлық жерде қауіпсіздік пен тыныштық орнатылады. Осыған орай халық әділетсіздікті айыптап, әділетті мадақтайды. Сол себепті залымдар өздерінің зорлық-зомбылықтарын ақтап, оларды әділ көрсетуге әрекет жасайды. Имам Садық (ғ.с.): «Аллаға бағынып, әділ ғамал етіңдер. Өйткені сендер өздерің әділетті сақтамағандарды айыптайсындар»,- деп ескерткен. («Фруе Кафи», 3-ші том). Хазірет сондай-ақ, әділетсіздіктің барша үшін жаман, ал әділеттің жақсы екендігін айтып: «Әділет балдан тәтті, майдан жұмсақ және иісі әтірден артық»,- деген. («Кафи», 2-ші том). Балдың барша үшін тәтті болғаны сынды әділет барлық адамдар үшін жағымды. Әділет қоғамдық теңдікті сақтаумен бірге қоғамда саулық пен тыныштық орнататын ең маңызды исламдық тағылымдардың бірі саналады. Барлық материалдық және рухани сөздер мен сұлулықтар істердегі теңдікке себеп болатын әділеттен туындайды. Барлық жамандықтар мен кемшіліктер теңдіктің сақталмауы мен қоғамның мүшелері арасындағы артықшылық пен кемшіліктерден пайда болады. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Сұбхан Алла әділетті халық үшін мәселелерін шешетін құрал ретінде сыйлады»,- деген. Сонымен бірге Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Әділеттің арқасында аспандар мен жер мәңгі қалады»,- деп айтылған. Расында халықтар мен бүкіл әлемнің мәңгі қалуы оның мүшелері мен органдары арасында теңдіктің сақталуына байланысты. Илаһи пайғамбарлардың ең маңызды мақсаттарының біріне халықтың арасында әділет орнату жатады. Құран аяттары мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің рауаяттарында бұл мәселеге назар аударылған. «Хадид» сүресінің 25-ші аятында: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік»,- деп оқимыз. Бұл аятта пайғамбарлардың міндеттерінің бірі әділет орнату екендігі және бұл мақсатқа үкімет құрылып, діннің ахкамының іске асырылуымен жетуге болатындығы туралы айтылған. Имам Әли (ғ.с.) өз үкіметін әділет пен илаһи заңдардың орындалуына негіздеді. Сол себепті оған «неліктен ислам дінінде тәжірибесі көбірек немесе соғыстарға қатысқан адамдарға халықтың мүлкінен басқаларға қарағанда көбірек берілмейді» деген сұрақтар қойылғанда хазірет: «Алламен ант етемін, егер мүлік менікі болғанда адамдардың арсында тең тарататын едім»,- деп жауап берген. («Наһдж ул-Балағе», 126-шы құтпа).
«Әділет» – адамдар айтатын ең әдемі әрі құнды сөздердің бірі. Исламның ұлық пайғамбары әділеттің маңыздылығы туралы: «Бір сағат әділет 70 жыл күні-түні орындалған ғибадаттан артық»,- деп айтқан. Сол себепті барлық істерде әділет сақталуы қажет. Әділеттің көрінісі және барлық мұсылмандардың үлгісі саналатын Исламның ұлық пайғамбары туралы хадистеріндің бірінде: «Хазірет адамдармен сұхбаттасқан кезде өз пікірін әділ түрде сахабаларының арасында тарататын»,- деген («Васаел әл-Шие», 8-ші том). Өмірінде еш уақытта әділеттен алыстамаған имам Әли (ғ.с.) әрқашан халықты әділетке жігерлендірді. Имамның Мысырдағы өкілі болған Мұхаммад бен Абибәкрге: «Өзіңнің барлық ұстанымдарыңда теңдікті сақта. Қоғамдағы осал адамлар сенің мейіріміңнен үмітсіз қалмасын. Үстемшілер зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке назар аудармайды» («Наһдж ул-Балағе», 27-ші хат) деген болаты.