Иран: Алендан көлі (107)
Жел 26, 2020 22:45 Asia/Almaty
Алендан көлі – Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Киасар ауданында орналасқан туристік тартымдылықтардың бірі. Бұл көлге апаратын ең жақын жол Азни ауылы маңынан өтеді. Ауыл мен көлдің арасы – шамамен 1,5 км. Көлдің ауданы 17 га. Жауын-шашын болған кезде 30 га ауданға жайылып кетеді. Қыста көлде жабайы үйректер мекендейді. Кейінгі жылдары оған балық шабақтары жіберілгеннен кейін оның қолданыс аясы кеңіді.
Тегтер