Гүл жылыжайлары
Естеріңізде болса, Мұхаммед пен Рамин Иранның басқа елдерге гүл экспорты және Ирандағы гүл егістіктері жайлы әңгімелескен болатын.
Раминнің әкесінің досы Хоррами мырзаның Теһранның оңтүстігінде гүл егістігі бар. Рамин мен Мұхаммед бүгін гүл егістігін көру үшін сол жерге барады. Бұл гүл егістігінде көптеген гүл жылыжайлары бар. Мұхаммед гүл жылыжайларын көрген кезде таң қалады. Олар бір гүл жылыжайына кіргенде бақытгүлінің (хризантема) түр-түрін көреді. Алдыңғы бағдарламалардағыдай алдымен жаңа сөздерді үйренейік. Назар аударыңыздар.
Мына жерде | Инджа | اينجا |
Ана жерде | Анджа | آنجا |
Ана жақта | Ан тәрәф | آن طرف |
Үлкен | Бозорг | بزرگ |
Әдемі | Ғәшәнг | قشنگ |
Көп | Зиад | زياد |
Гүл | Гол | گل |
Гүлдер | Голһа | گلها |
Ағаш | Дерәхт | درخت |
Ағаштар | Дерәхтһа | درختها |
Жазылған | Невеште | نوشته |
Қандай гүл? | Гол-е чи? | گل چي ؟ |
Бақытгүл (хризантема) | Гол-е давуди | گل داوودي |
Қызғалдақ | Гол-е лале | گل لاله |
Раушан гүлі | Гол-е роз | گل رز |
Түс | Рәнг | رنگ |
Түстер | Рәнгһа | رنگها |
Әр түрлі | Мохтәлеф | مختلف |
Шынында | Вақеән | واقعا |
Әдемі | Зиба | زيبا |
Ақ | Сефид | سفيد |
Алқызыл, қызғылт | Сурәти | صورتي |
Сары | Зәрд | زرد |
Қызыл | ғермез | قرمز |
Қызғылт сары | Нарәнджи | نارنجي |
Күлгін | Бәнәфш | بنفش |
Көк | Аби | آبي |
Кішкене | Кучек | کوچک |
Үлкен | Бозорг | بزرگ |
Кейбір | Бәзи | بعضي |
Қара (бұйрық райдағы етістік) | Бебин | ببين |
Бар | Һәст (воджуд ) | هست ( وجود دارد ) |
Жеміс ағашы | Дерәхт-е мейве | درخت ميوه |
Жеміс | Мейве | ميوه |
Алма | Сиб | سيب |
Қызыл шие | Гилас | گيلاس |
Алмұрт | Голаби | گلابي |
жаңғақ | Герду | گردو |
Бай | Сервәтмәнд | ثروتمند |
Сияқты | Месл-е | مثل |
Қазір Мұхаммед және Раминмен бірге гүл жылыжайларына барамыз.
Мұхаммед: Мына жер үлкен және әдемі екен. | Мухаммад: Инджа хейли бозорг вә ғәшәнг әст. | محمد - اينجا خيلي بزرگ و قشنگ است . |
Рамин: Ия. Бұл жерде гүлдер мен ағаштардың түрлері көп. | Рамин: Бәле. Дәр инджа голһа вә дерәхтһай-е зиади һәст. | رامين - بله . دراينجا گلها و درختهاي زيادي هست . |
Мұхаммед: Мына жерде қандай гүл деп жазылған? Бақ... | Мухаммад: Инджа невеште гол-е чи? Дав.... | محمد - اينجا نوشته گل چي ؟ داو..... |
Рамин: Бақытгүл. Қара! Бақытгүлінің әртүрлі түсі бар. | Рамин: Гол-е давуди, бебин гол-е давуди рәнгһай-е мохтәлефи дарәд. | رامين - گل داوودي ، ببيين گل داوودي رنگهاي مختلفي دارد . |
Мұхаммед: Расында да әдемі екен. Ақ, алқызыл, сары, қызыл, қызғылт сары... | Мухаммад: Вақеән зибаст. Сефид, сурәти, зәрд, қермез, нарәнджи... | محمد - واقعا زيباست . سفيد ، صورتي ، زرد ، قرمز ، نارنجي ... |
Рамин: Бақытгүлі –ирандық гүл. | Рамин: Гол-давуди йек гол-е Ирани әст. | رامين - گل داوودي يک گل ايراني است . |
Мұхаммед: Мына кішкентай гүлдер қалай аталады? | Мухаммад: Есм-е ин голһай-е кучек чист? | محمد - اسم اين گلهاي کوچک چيست ؟ |
Рамин: Бұлар да бақытгүлдері. Кейбір бақытгүлдері үлкен болып келеді, кейбіреулері кішкентай. | Рамин: Инһа һәм гол-е давуди әст. Бәзи голһай-е давуди бозорг һәстәнд, бәзи кучек. | رامين - اينها هم گل داوودي است . بعضي گلهاي داوودي بزرگ هستند ، بعضي کوچک . |
Мұхаммед: Ана жаққа қара, ол жақта қызғалдақтар бар... Олар қызғалдақтар ғой? Дұрыс па? | Мухаммад: Анджа ра бебин, голһай-е лале анджаст... Анһа гол-е лале һәстәнд? Дорост әст? | محمد - انجا را ببين گلهاي لاله آنجاست ... آنها گل لاله هستند ؟ درست است ؟ |
Рамин: Ия, ол жақ қызғалдақ гүлдері. Ақ, қызыл, алқызыл, қызғылт сары, күлгін, көк. | Рамин: Бәле ан тәрәф голһай-е лале әст. Сефид, қермез, сурәти, нарәнджи, бәнәфш, аби. | رامين - بله آن طرف گلهاي لاله است . سفيد ، قرمز ، صورتي ، نارنجي ، بنقش ، آبي . |
Мұхаммед: Мына жерде ағаш та бар. | Мухаммад: Инджа дерәхт һәм һәст. | محمد - اينجا درخت هم هست . |
Рамин: Ия. Бұл жерде жеміс ағаштары да бар. Алма, қызыл шие, алмұрт, жаңғақ... | Рамин: Бәле дерәхтһай-е мейве һәм инджа һәст. Сиб, гилас, голаби, герду. | رامين - بله درختهاي ميوه هم اينجا هست . سيب ، گيلاس ، گلابي ، گردو . |
Мұхаммед: Шынымен де, Иран үлкен және бай екен және мына гүлдер сияқты әдемі. | Мухаммад: Иран вақеән бозорг вә сервәтмәнд әст вә месл-е ин голһа зибаст. | محمد - ايران واقعا بزرگ و ثروتمند است و مثل اين گلها زيبا است . |
Мұхаммед пен Рамин басқа да гүл жылыжайларына кіріп көреді. Хоррами мырза олармен бірге жүріп, егістіктегі гүлдер мен ағаштар туралы айтып береді. Ол осы егістікте басқа елдерден әр түрлі гүлдер мен өсімдіктердің тұқымдары жиналып, өсірілетінін айтады. Ол түрлі жеміс және зейтүн ағаштарын да өсіріп, Иранның басқа қалаларына немесе шетелдерге экспортқа жібереді. Мұхаммед гүлдердің әсемділігі мен хош иістерінен ләззат алады. Ол да өз еліндегі гүлдер мен өсімдіктердің түрлері жайында Хоррами мырзаға баяндап береді. Хоррами мырза Мұхаммедке Иранның әр түрлі аймақтарындағы өсетін гүлдер мен өсімдіктер жайлы брошюралар мен кітаптарды көрсетеді. Қоштасар кезде, Хоррами мырза оларға екі гүл вазасы мен үлкен бір шоқ гүл сыйға тартады. Мұхаммед ирандықтардың қонақжай екенін біледі. Хоррами мырзаға алғысын айтып, қоштасады. Біз де сіздермен қош айтысамыз. Келесі бағдарламаға дейін сау болыңыздар!