Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (6)
«Нәмл» сүресінің 62-ші аяты: أَمَّن یجُیبُ الْمُضْطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَ یَکْشِفُ السُّوءَ وَ یَجْعَلُکُمْ خُلَفَاءَ الْأَرْضِ أَ ءِلَهٌ مَّعَ اللَّهِ قَلِیلًا مَّا تَذَکَّرُونَ
Алла Тағала «Нәмл» сүресінің 62-ші аятында былай деді: «Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер».
«Нәмл» сүресінің бір бөлігінде бес ұлы пайғамбардың өмірінің таңқаларлық кезеңдері туралы айтылғаннан кейін қысқа және мағыналы сұрақтар қойылады. Осы сұрақтардың бірі дұғалардың мәселелерді шешу және тығырықтан шығаруы туралы айтып: «Сендердің құнсыз құдайларын жақсы ма әлде мұқтаж адамның дұғасын қабылдап, қиындықтарды шешуге көмектесетін Алла жақсылау ма? Кейде адам соншалық қысымға түсіп, барлық жағынан дәрменсіз және күйзеліске ұшырайды. Тек Алла Тағала мәселелерді шешіп, жүректе үміт нұрын тудырып, адамға мейірімділік есігін аша алады. Бұл бүкіл адамзаттың жанындағы туа біткен сезім болғандықтан, пұтқа табынушылар да теңіздің дүрілдеген толқындарына ілінеді. Адам өзінің пұттарын ұмытып, қолдарын мейрімідді Аллаға қарай жаяды. Сол кезде Алла Тағала «Нәмл» сүресінің 62-ші аятында қиындықтарды шешумен бірге сізді жердегі орынбасары ететіні туралы айтады. «Алламен бірге басқа тәңір бар ма?» Айта кететін жәйт, кейбір рауаяттарда бұл аят хазірет Маһдидің (ғ.с.) келуі ретінде тәпсірленген. Имам Садық (ғ.с.): «Алламен ант етемін, ол Ибраһимнің жерінде кішіпейілділікпен екі рәкат намаз оқып, Алладан тілегеннің өзі. Алла Тағала оның тілегін орындап, оны жамандықтан алыстатып, жердегі өзінің орынбасары етті»,- деді.