Нау 21, 2021 17:46 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (7)

«Тәубе» сүресінің 33-ші аяты: هُوَ الَّذی أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدى وَ دینِ الْحَقِّ لِیُظْهِرَهُ عَلَى الدِّینِ کُلِّهِ وَ لَوْ کَرِهَ الْمُشْرِکُونَ

 

«Тәубе» сүресінің 33-ші аятында Алла Тағала: «Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да»,- деді.

 

Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 33-ші аятында Ислам дінінің бүкіл әлемде және жердің түпкір-түпкірінде таралатынын айтады. Әрине бұл уәде қазіргі кезге дейін орындалмады және уәде етілген хазірет Меһдидің (ғ.с.) әлемдік билігі орнатылған кезде мүмкін болады. Өйткені имам Мәһлидің (ғ.с.) келуімен бүкіл жерде шындық пен әділет орнатылып, бұл дін әлем деңгейінде басқа діндерде басым болады.

Имам Садықтың (ғ.с.) серіктерінің бірі Мофзал бен Умар Джуфи: «Хзірет имам Садықтан (ғ.с.): «Имам Мәһдидің (ғ.с.)  адамдар қашан келетінін білуге ​​тиісті нақты уақыты бар ма?»- деп сұрадым. Имам Садық(ғ.с.): «Алла Тағала   оның пайда келу уақытын біздің шииттер білетін етіп белгілесін. Уа, Мофзал! Міндеті нақтыланғанға дейін және оның аты-жөні аталып, жұмысы анықталғанға дейін оған күдікпен қарайды. Міндетін атқарғанша оның аты, лақап аты, тегі туралы айтылады, ал оның беделі ақиқат пен жалғанның ізбасарларының және келісетіндер мен келіспейтіндердің ауызынан түспейді. Сонымен қатар, біз оның өмірін әңгімелеп, адамдарға   оның атын, тегі мен лақап таныстырып, былай дедік: «Оның есімі мен лақап аты   атасымен аттас. Сондықтан халық оның   аты және оның лақап атын танымадық деп айта алмайды.

Құдайға ант етемін! Оның жұмысы халық ауызынан түспейтін есімі, тегі мен лақап атын нақтылау арқылы жүзеге асады. Халық оны бір-біріне айтады. «Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да». Мұның бәрі олардың міндетін аяқтау үшін. Сонда Алла Тағала оның атасы уәде еткендей барша көретіндей етеді.  Мофзал: «Раббым! Бұл аяттың тәпсірі қандай? Имам Мәһди (ғ.с.) барлық діндерден қалай басым болады?»- деп сұрады. Хазірет: «Уа, Мофзал, Алламен ант етемін! Ол ұлттар мен діндер арасындағы айырмашылықтарды жояды және барлық діндер біртұтас болады, Алла Тағала  «Аллаға жақын дін – Ислам» деген»,- деп жауап берді»,- деді.

 

Тегтер