Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (8)
«Хаж» сүресі 41-ші аят: الَّذینَ إِن مَکَّنّاهُم فِی الأَرضِ أَقامُوا الصَّلاةَ وَآتَوُا الزَّکاةَ وَأَمَروا بِالمَعروفِ وَنَهَوا عَنِ المُنکَرِ ۗ وَلِلَّهِ عاقِبَةُ الأُمورِ
Алла Тағала «Хаж» сүресінің 41-ші аятында: «Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән»,- деді.
Құдайдың серіктері дегеніміз - кез-келген жағдайда, әсіресе оларға мүмкіндіктер мен күштер берілген кезде, қоғамда Алланың бұйрықтарын орындауға ұмтылатындар. Олар жеңістер мен табыстарды өзі және қоғамды құру баспалдағы деп санайды. Бұл адамдар билікке қол жеткізгеннен кейін ешқашан тәкаппар болмайды және олар Жаратушымен мықты қарым-қатынас орнатуымен бірге, Оның жаратылыстарымен де жақсы қарым-қатынаста болады. Намаз олардың Жаратушымен байланысын және зекет жаратылысымен байланысын білдіреді. Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру дені сау және дамыған қоғам құрудың негізі. «Хаж» сүресінің 41-ші аятында айтылған төрт негізге сай амал ету Алланың серіктерін таныстыру үшін жеткілікті. Рауаяттар бойынша, бұл аят имам Мәһди (ғ.с.) мен серіктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Имам Мұса Казем (ғ.с.): «Бір күні мен мешітте әкемнің қасында отырғанымда, бір адам келіп әкемнің алдына тұрып: «Уа, Алла елшісінің баласы! Құранның бұл аяты туралы Джабер бен Язидтен сұрағанымда, ол мені сізге жіберіп, сізден сұра деді». Имам: «Бұл аят біздің Әһле бейтіміз туралы жіберілген»,- деді. Имам Бақер (ғ.с.) де бұл аяттың тәпсірінде: «Бұл аят хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) имам Мәһди (ғ.с.) мен хазіреттің серіктеріне дейінге әулеті туралы. Олар Алла оларды жердің шығысы мен батысының иесі етіп, дінді ол арқылы ашатын, ол және оның серіктері арқылы бедғат пен әділетсіздікті жоятын адамдар. Олар ақылсыздығынан шындықты жойғылары келеді. Әділет сондай таралып, зорлық-зомбылық қалмайды және олар жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіреді»,- деді.